Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Париж Олимпиадасында спорттың 32 түрінен 329 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы Олимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет 10500 спортшы Сена өзені бойымен қайықпен жүріп өтті.
Ашылу салтанатын театр режиссері әрі актер Тома Жолли дайындады. Шараның сценариі соңына дейін құпия ұсталды, ал қойылымның өзіне 3 мың артист жұмылдырылды.
Әлемдік жұлдыздар қатарынан Селин Дион мен Леди Гага өнер көрсетті. Олимпиада чемпиондары Тедди Ринер мен Мари-Жозе Перек әлемдік доданың алауын жақты.
Аустрелиц көпірінен шыққан делегациялар Сена өзенімен батысқа қарай бет алып, Эйфель мұнарасы маңындағы Трокадеро алаңында аяқталды.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарын 4 сағатқа созылған ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетті.