Kazakh Tourism


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Travel


🗣 Рассказываем о туризме Казахстана
📌 Полезные новости, аналитические материалы, ссылки и публикации

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Travel
Statistics
Posts filter


🇺🇲Американские журналисты выпустили книгу о Казахстане

📗Американские travel-журналисты выпустили книгу «АLMATY Through American Eyes» и рассказали об уникальных традициях, природе и культуре Казахстана. В издании выделяются пять культурных особенностей нашей страны: особое отношение к родословной, вера в древние ритуалы, этикет в юртах, культура игры в шахматы и искусство дрессировки птиц для охоты.

✅В 2023 году Kazakh Tourism организовал пресс-тур по Алматы и его окрестностям для группы американских travel-журналистов и фотографов, являющихся членами Американского общества писателей о путешествиях (SATW). Они познакомились с главными достопримечательностями, туристкими маршрутами и местной гастрономией.

✨Свои впечатления о путешествии по Казахстану гости решили изложить в буклете, который позволит зарубежным читателям взглянуть на Казахстан глазами американцев.

«Как приятно посетить и исследовать уголок богатой природой, многокультурной и мирной страны Казахстан! Впервые я прочитал информацию о стране на курсе «Мировой истории» в средней школе. Еще в старших классах школы я никогда бы не подумал, что у меня будет возможность приехать в Казахстан. Статьи и фотографии в книге отражают наши впечатления и приятные воспоминания об этом оживленном городе и очаровательной стране», - делится своими мыслями один из авторов статей Дэвид Ланг.
➡️Авторы сборника подробно рассказывают о культуре, природе и традициях Казахстана, подчеркивая его самобытность и богатое наследие — от национальных блюд до музыкальных инструментов и ювелирных украшений.

🇰🇿Путешествие по Алматы позволило иностранным гостям ближе познакомиться с гастрономией Казахстана. Они особо отметили богатство вкусов местной кухни, гостеприимство и радушие местных жителей. Яркими моментами поездки для них стали посещение Чарынского каньона, озера Каинды и знакомство со скульптурой The Beatles на Кок-Тобе.

❗Отметим, с 2019 года Kazakh Tourism активно сотрудничает с Американским обществом писателей о путешествиях (SATW)


🇺🇲Америкалық журналистер Қазақстан туралы кітап шығарды

📗Америкалық travel-журналистер «АLMATY Through American Eyes» жинағын шығарды және Қазақстанның бірегей дәстүрін, табиғаты мен мәдениетін паш етті. Басылым еліміздің 5 мәдени ерекшелігін көрсетеді: жеті атаға деген құрмет, ежелгі рәсімдерге деген сенім, киіз үйлердегі этикет, шахмат ойнау мәдениеті және құстарды аң аулауға үйрету өнері.

✅2023 жылы АҚШ-тың travel-журналистері мен фотографтары үшін Алматы қаласында және оның айналасында баспасөз туры ұйымдастырылды. Олар Американың саяхат жайлы жазушылар қоғамының (SATW) мүшелері болып табылады.

🌏Меймандар басты тарихи және туристік бағыттармен, гастрономиямен танысты. Олар Қазақстанға жасаған сапары туралы әсерлерін буклетте баяндауды жөн көрді. Бұл шетелдік оқырмандарға американдықтардың көзімен Қазақстанға қарауға мүмкіндік береді.

«Табиғаты мен мәдениеті бай және бейбіт Қазақстанның бір бұрышын аралау және зерттеу үлкен қуаныш! Мен бұл ел туралы алғаш рет мектепте «Дүниежүзі тарихы» курсында білдім. Жоғары сыныпта оқып жүргенде Қазақстанға келу мүмкіндігіне ие боламын деп ешқашан ойламаған едім. Кітаптағы мақалалар мен фотосуреттер – осы тіршілігі қайнаған қала мен көркем ел туралы әсеріміз бен жылы естеліктеріміздің көрінісі», - дейді кітаптағы мақала авторларының бірі Дэвид Ланг.
➡️Жинақ авторлары Қазақстанның мәдениеті, табиғаты мен дәстүрлері туралы баяндап, өзіндік ерекшелігі мен бай мұрасын көрсетуге талпынған. Оның ішінде ұлттық тағамдардан бастап музыкалық аспаптарға және зергерлік бұйымдарға дейін қамтылған.

🇰🇿Алматыға саяхат шетелдік қонақтарға Қазақстанның гастрономиясымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Олар жергілікті тағамдардың алуан түрлігін, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын ерекше атап өтті. Шарын шатқалы, Қайыңды көлі және Көктөбедегі The Beatles мүсіні саяхаттың жарқын сәтіне айналған.

❗Атап өткен жөн, 2019 жылдан бастап Kazakh Tourism Американың саяхат жайлы жазушылар қоғамымен (SATW) ынтымақтастық орнатқан.




Forward from: ORTCOM.KZ
🔶2024 жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамды құрады

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев. Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.

«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.


Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

🔶В 2024 году поток туристов из Китая составил 655 тысяч человек

Это на 78% больше, чем в 2023 году, сказал председатель Комитета индустрии туризма МТС РК Нуртас Карипбаев. По его словам, в рамках Года туризма было подписано более 200 соглашений между регионами, туркомпаниями, агентствами и медиа платформами.

«Мероприятия нашли широкое отражение и на информационной площадке. Крупнейшие китайские СМИ и социальные сети с аудиторией более 1,3 млрд человек транслировали сообщения о Казахстане. Это позволило значительно повысить узнаваемость страны как туристического направления», - сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.


Официально 2025 год объявлен Годом туризма Китая в Казахстане.

@ortcom_kz #CCS


🇺🇲Дэниел Розенблюм: «Мои познания в казахской географии лучше, чем в американской»

🍏Почему яблоневый сад и виноградные лозы в ЗКО так поразили бывшего посла США в Казахстане Дэниела Розенблюма? По какому казахскому блюду он будет скучать, вернувшись в США? Об этом дипломат рассказал в ходе авторского подкаста Председателя Правления АО «НК «Kazakh Tourism» Кайрата Садвакасова «Born Bold. Travel Boldcast».


🇰🇿За годы своей работы в Казахстане Дэниел Розенблюм посетил все регионы страны. Он изучил исторические и туристкие достопримечательности и отмечает огромный потенциал туризма в Казахстане. В подкасте дипломат поделился своими впечатлениями и личным опытом путешествий по Казахстану.

«Мои познания в казахской географии, даже лучше, чем в американской», — отметил бывший посол и рассказал о своей поездке в западный Казахстан. «Во время поездки в Уральск я получил незабываемые впечатления от посещения яблоневого сада и виноградной лозы. Им управляют супруги-ученые, которые занимаются исследованиями и выращивают уникальные сорта яблок и винограда. Их цель — сохранить биологическое разнообразие. Для дегустации нас пригласили в сад, и мы сорвали плоды прямо с дерева. Это было настолько вкусно, что словами сложно передать. Гораздо вкуснее всего, что можно найти в продуктовом магазине. Возможно, это похоже на покупку фруктов у фермера на обочине дороги. Но я был просто поражен этим уникальным уголком».
➡️Дипломат также признался, что бесбармак стал для него настоящим открытием, и он будет скучать по этому блюду, вернувшись в США.

✅Подкаст будет особенно полезен тем, кто хочет узнать больше о туристком потенциале Казахстана и взглянуть на страну глазами иностранных гостей.

👉Полный выпуск уже доступен на YouTube канале Kazakhstan Travel

🔹Отметим, «Born Bold. Travel Boldcast» - первый англоязычный подкаст про туризм в Казахстане. Основная цель – продвижение туризма страны, предоставление более глубокой информации о традициях, культуре и туристких дестинациях Казахстана.


📢Дэниел Розенблюм: «Менің қазақ географиясы жайлы танымым америкалықтан да жақсы»

🍏Батыс Қазақстандағы алма бағы мен жүзім алқабы АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Дэниел Розенблюмді неліктен қатты таңғалдырды? Ол АҚШ-қа оралған кезде қандай ұлттық тағамды сағынады? Бұл туралы дипломат «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold. Travel Boldcast» авторлық подкастында кеңінен айтып берді.


🇺🇲 Дэниел Розенблюм Қазақстанда еңбек еткен жылдары барлық өңірлерді аралаған. Тарихи және туристік жерлерді зерделеген дипломат Қазақстандағы туризмнің зор әлеуетін ерекше атап өтті. Ол подкаст барысында өз әсерлерімен және Қазақстандағы саяхат тәжірибесімен бөлісті.

«Менің қазақ географиясы жайлы танымым америкалықтан да жақсы. Мен Оралға іс-сапар барысында алма бағы мен жүзім алқабына барып, ұмытылмас әсер алдым. Бұл ерлі-зайыпты ғалым-зерттеушілерге тиесілі. Олар зерттеу жұмыстарымен айналысып, алма мен жүзімнің бірегей сұраптарын өсіреді. Олардың басты мақсаты — биологиялық әртүрлілікті сақтау. Бізді өнімнен дәм тату үшін  баққа шақырып, ағаштан жаңа піскен жемістерді үзіп алдық. Оның дәмі ерекше болғаны соншалықты, сөзбен жеткізу қиын. Бұл азық-түлік дүкенінен табылатын барлық нәрседен де әлдеқайда дәмді. Бәлкім, мұны жол бойында фермерден жеміс сатып алумен салыстыруға болар. Бірақ мен бұл ерекше орынға қатты таңғалдым
», - деп атап өтті бұрынғы елші және Батыс Қазақстанға жасаған сапары туралы әңгімеледі.
Дипломат АҚШ-қа оралған соң, қазақтың «бесбармақ» тағамын сағынатынын да атап өтті.

Подкаст Қазақстанның туристік әлеуеті туралы көбірек білуге ұмтылатын және елге шетелдік меймандардың көзімен қарағысы келетіндер үшін пайдалы болмақ.

👉Толық шығарылымды Kazakhstan Travel YouTube арнасынан тамашалауға болады.

🔹Атап өткен жөн,«Born Bold. Travel Boldcast» — Қазақстандағы туризм туралы ағылшын тіліндегі тұңғыш подкаст. Оның негізгі мақсаты — елдің туризмін ілгерілету, еліміздің дәстүрлері, мәдениеті және туристік бағыттары туралы тереңірек ақпарат беру.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Туры по Мангистау включены в 🇮🇹 итальянский каталог

➡️Экологические маршруты по Мангистауской области включены в каталог итальянского туроператора и дополнили путешествия в Алматы и Туркестанскую область.


✅Продвижение новых маршрутов и расширение партнерства в сфере туризма между Казахстаном и Италией стали основным предметом заключенного меморандума о сотрудничестве между Kazakh Tourism и Итало-казахской торговой ассоциацией (ACIK).

🇰🇿Одним из ключевых аспектов партнерства стала поддержка организованных туров в Казахстан. Особый акцент будет сделан на экологические маршруты Мангистау, которые теперь представлены в каталоге итальянского туроператора наряду с Алматы и Туркестанской областью.

✈️Кроме того, итальянская авиакомпания «Neos Air» с марта 2025 года планирует увеличить количество рейсов между Казахстаном и Италией до трех раз в неделю. Полеты будут выполняться на современных лайнерах Boeing 737 и Boeing 787 Dreamliner.

✨Отметим, что Казахстан становится более привлекательным направлением для итальянцев. По данным Пограничной службы КНБ РК, количество посетителей из Италии увеличилось на 32% за 2024 год и составило 13 тысяч человек. Безвизовый режим и прямое авиасообщение способствуют активному росту потока.

🌏Стоит отметить, что Италия является одним из приоритетных рынков для Казахстана, поэтому подписание меморандума открывает новую главу в сотрудничестве Казахстана и Италии в сфере туризма и закладывает основу для долгосрочного партнерства, направленного на развитие устойчивого и взаимовыгодного туристского обмена.


Маңғыстау бойынша турлар 🇮🇹итальяндық каталогқа енді

➡️Маңғыстау өңірі бойынша экологиялық турлар итальяндық туроператордың каталогына еніп, Алматы мен Түркістан облысына саяхат бағыттарын толықтырды.

🇰🇿Қазақстан мен Италия арасында туризм саласындағы әріптестікті кеңейту және жаңа бағыттарды ілгерілету - Kazakh Tourism мен Итало-Қазақстан сауда қауымдастығы (ACIK) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның негізгі арқауы.

✅Серіктестіктің  маңызды аспектілерінің бірі – Қазақстанға ұйымдастырылған турларды қолдау. Оның ішінде итальяндық туроператордың каталогындағы Алматы қаласы мен Түркістан облысының қатарын толықтырған Маңғыстаудың экотуристік бағдарларына басымдық берілген.

✈️Сонымен бірге италиялық Neos Air әуе компаниясы биылғы наурыз айынан Қазақстан мен Италия арасындағы рейстер санын аптасына үш ретке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Олар заманауи Boeing 737 және Boeing 787 Dreamliner әуе кемелерімен орындалады.

❗Атап өткен жөн, Қазақстан итальяндық туристер үшін  тартымды бағытқа айналуда. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылы елімізге Италиядан келген азаматтардың саны 32%-ға өсіп, 13 мың адамға жеткен. Оған визасыз режим мен тікелей әуе қатынасының дамуы оң әсерін тигізуде.

🌏Италия – Қазақстан үшін басымдыққа ие туристік нарықтардың бірі. Қол қойылған меморандум қос ел үшін туризм бағытында ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне айналып, тұрақты және өзара тиімді туристік алмасудың негізін қалайды.




Горы, цветы и бешбармак... В чем уникальность пяти сел, которые стали победителями национального конкурса «Үздік ауыл – 2025»?

Об этом рассказывает редактор
Forbes в своем материале🌿✨


🇰🇿🇺🇿Очередной трансграничный тур Jibek joly запускается к Наурызу

🌏Туристы поезда Jibek joly смогут отметить праздник Наурыз в Казахстане и Узбекистане. Третья трансграничная поездка запланирована с 20 по 25 марта 2025 года. В этот раз в маршрут железнодорожного путешествия включен город Тараз.

➡️Продолжительность международного тура по маршруту «Алматы – Туркестан – Ташкент – Самарканд – Тараз – Алматы» составит пять дней. Путешественники смогут погрузиться в атмосферу древних городов, прикоснуться к духовному наследию Шелкового пути, открыть для себя достопримечательности двух стран.

Также туристы могут познакомиться атмосферой восточного гостеприимства. Программа тура включает праздничные мероприятия в этноауле -
✅концертная программа,
✅национальные обряды и
✅дегустация традиционных блюд.

👌Для удобства туристов предусмотрено сопровождение профессионального гида, комфортные условия проживания в современных вагонах, питание и экскурсии.

❗Турпакеты можно приобрести в туристких агентствах.


🇰🇿🇺🇿Jibek joly кезекті туристік туры Наурызға жоспарланған

✨ Jibek Joly пойызының туристері Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда атап өту мүмкіндігіне ие болады. Үшінші трансшекаралық тур 2025 жылдың 20-25 наурызы аралығына жоспарланған. Бұл жолы теміржол саяхатының бағдарына Тараз қаласы қосылды.

➡️«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағытындағы халықаралық турдың ұзақтығы 5 күнді құрайды. Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды және екі елдің көрікті жерлерін аралайды.

🧳Сонымен бірге туристер шығыстың қонақжайлылық атмосферасымен таныса алады.

Тур бағдарламасы этноауылдағы мерекелік шараларды қамтиды:
✅концерттік бағдарлама,
✅ұлттық салт-дәстүрлер және
✅дәстүрлі тағамдардан дәм тату.

👏 Туристердің ыңғайлылығы үшін кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, заманауи вагондарда жайлы тұру жағдайлары, тамақтану және экскурсиялар қарастырылған.

❗Туристік пакеттерді туристік агенттіктерден сатып алуға болады.


🇰🇿ОПРЕДЕЛЕНЫ ТОП-5 ЛУЧШИХ ТУРИСТКИХ СЕЛ КАЗАХСТАНА

➡️Kazakh Tourism подведел итоги национального конкурса «Үздік туристік ауыл - 2025». Проект направлен на развитие устойчивого туризма, выявление и продвижение сельских территорий с уникальными природными ландшафтами, культурой, традициями и ремеслами.

✨Областные акиматы выдвигали на конкурс до трех сел от региона. При отборе участников особое внимание уделялось природным и культурным ресурсам, сохранению традиционных видов деятельности в населённых пунктах, которые могут стать центром притяжения для путешественников, заинтересованных в новых маршрутах и аутентичном туризме.

🔝По итогам конкурса определены 5 лучших туристких сел Казахстана:

✅Лепсі (Область Жетісу, Алакольский район)

✅Нағи Ілиясов (Кызылординская область, Сарыдарьинский район)

✅Хан Ордасы (Западно-Казахстанская область, Бокейординский район)

✅Поперечное (Восточно-Казахстанская область, Риддерский район)

✅Шабанбай би (Карагандинская область, Актогайский район)

🌏Победители национального этапа представят Казахстан на престижном международном конкурсе UN Tourism Best Tourism Village, который ежегодно проводится Всемирной туристской организацией ООН (UNWTO).

❗Напомним, в 2023 году село Саты Алматинской области признано лучшей туристкой деревней на международном уровне и удостоено престижной награды «Best Tourism Villages by UNWTO»




🇰🇿ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 5 ТУРИСТІК АУЫЛЫ АНЫҚТАЛДЫ

➡️Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауын қорытындылады. Жоба тұрақты туризмді дамытуға, бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған.

👌Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Олар жаңа бағыттар мен аутентикалық туризмге қызығушылық танытқан саяхатшылар үшін тартымды болуы мүмкін.

🔝Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды:

✅Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)

✅Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)

✅Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы)

✅Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы)

✅Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтогай ауданы)

🌏Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

❗Атап өткен жөн, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді «Best Tourism Villages by UNWTO» сыйлығымен марапатталды.




41 туробъект предоставляет  льготный доступ гидам  с бейджами

Kazakh Tourism расширяет сотрудничество с туристическими объектами для предоставления льготного доступа гидам с бейджами. В настоящее время такая возможность предусмотрена на 41 туристком объекте. Льготным посещением могут воспользоваться гиды, зарегистрированные в цифровом реестре и получившие официальные бейджи, в составе организованных групп.


✅В Алматинской области льготный доступ гидам с бейджами предоставляется в 17 туробъектах, среди которых 3 национальных парка («Көлсай көлдері», «Чарын» и «Іле-Алатау»), заповедники и популярные музеи региона.

✅В Астане Kazakh Tourism заключил меморандумы с 9 объектами, включающие в себя монумент «Бәйтерек», «Астана Опера», Национальный музей РК и другие.

✅В городе Алматы льготный доступ действует для курорта «Шымбулак», Государственного музея искусств РК им. Ә.Қастеева, музея «Ғылым ордасы» и Центрального государственного музея РК.

✅В Северо-Казахстанском регионе - для музея-заповедника «Ботай», в области Жетісу — для национального парка «Алтын-Эмель» и Жетісу-Алатауского природного парка.

➡️Льготный доступ также доступен в других популярных объектах страны. Полный список можно найти в фотоматериале, прилагаемом к  этой публикации.

❗Отметим, чтобы получить бейдж, необходимо пройти регистрацию в цифровом реестре https://guides.kazakhstan.travel/, предоставить необходимые документы и пройти тестирование.




Бейджі бар гидтер 41 туристік нысанға жеңілдікпен кіре алады

Kazakh Tourism туристік нысандармен ынтымақтастықты кеңейтіп, бейджі бар гидтерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынуда. Қазіргі уақытта мұндай артықшылық 41 орында қарастырылған. Оларға цифрлық тізілімге тіркелген және бейджді иеленген гидтер ұйымдастырылған туристік топтар құрамында жеңілдікпен кіре алады.


✅Алматы облысындағы 17 туристік орында бейджі бар гидтерге жеңілдік қарастырылған. Олардың арасында үш ұлттық парк («Көлсай көлдері», «Чарын», «Іле-Алатау»), табиғи қорықтар және өңірдің танымал мұражайлары бар.

✅Астанада Kazakh Tourism 9 нысанмен меморандумдар жасады: «Бәйтерек» монументі, «Астана Опера» театры, ҚР Ұлттық музейі және басқалары.

✅Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, А. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі, «Ғылым ордасы» музейі, ҚР Орталық мемлекеттік музейі бейджі бар гидтерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады.

✅Солтүстік Қазақстан өңірінде «Ботай» музей-қорығы, Жетісу облысында «Алтын-Емел» ұлттық паркі және Жетісу-Алатау мемлекеттік табиғи паркі «Kazakh Tourism» компаниясымен ынтымақтастық орнатқан.

➡️Бейджі бар гидтер үшін жеңілдікпен кіру мүмкіндігі еліміздің басқа да танымал нысандарында ұсынылған. Толық тізімді осы жарияланымға қосымша берілген фотоматериалда көруге болады.

❗Атап өткен жөн, бейдж алу үшін сандық тізілімде (https://guides.kazakhstan.travel/) тіркеліп, қажетті құжаттарды ұсыну және тестілеуден өту керек.

#kazakhtourism

20 last posts shown.