📣 Екі ай нәтижесі:
🎉 Міне екі жылдық Назарбаев Университеті Магистратурасын аяқтадым!
Соңғы екі айда интенсивті курстар өтіп, дипломдық зерттеу жұмысымды аяқтап, оны қорғап тексеру жүйесіне салып, бағасын да алып үлгердім!) (Бағасы А+). Өз ойым Университет халықаралық деңгейде, оқу сапасы да, профессорлар құрамы да керекті деңгейде. Кейде осындай сапалы оқуды тегін оқып жатырмын ба деген де ойлар келді, ал ол оқығаным үшін стипендия да төленді ғой). Әрине, судың да сұрауы бар, сондықтан менде өз артымнан ерген жастарға білімді таратуға дайынмын! Қазақстан үшін мұндай Университеттер саны көп бола берсін шіркін! Келесі қадам PhD?) (шет елдік университеттен шақыру да алып үлгердік, оны да көре жатармын қазірше Аңсар Магистр ойлануда)
🏆 Оқушылармен проектілік жұмыс Enactus Kazakhstan 2024 конкурсына полуфиналисті атандық:
Бұл конкурс мен үшін басқа конкурстардан ерекше әсер берді. Мұнда оқушылар өз дайындаған бизнес өнімдерін (ол IT болсын не басқа) нарыққа әзірлеп шығару процесінен өтіп, инвесторлар алдында қорғап шығу керек болатын. Жалындаған жастар барлығы осында! Ең қызығы мұндай процесті ешкімді мектепте не универде үйретіп жатқан жоқ оқушылар осы проект арқылы бизнесті іске асыру қадамдарын өздері біліп үйреніп жатыр. Бұл әрбір оқушы/студент үшін үлкен практика болып отырған Enactus Kazakhstan мектебі екен! Кез келген мектептің сапасын түлектеріне қарап біл дейді. Ал бұл жылы Enactus түлектері бірнеше жылдан кейін оралып қатысушы оқушыларға спонсор/инвестор болып та келіп отыр екен ол да бірталай затты айқындап берер! Қатысуға кеңес беремін!
🏆 Информатика олимпиададан Ақниет мырзаның екі жылдық нәтижесі:
Ақниет мырзаның 7 сыныптан бастап 0-ден үйретіп келген оқушылары қазір тоғызыншы сыныпты бітіріп жатыр. Екі жыл ішінде Юниор олимпиадасын жеңімпаздары атанды, Республика олимпиаданың жеңімпаздары атанды! Міне жақында өткен Жамбыл облысындағы ең үздіктер арасында топты жарған да солар! Олимпиададан жоғары нәтиже көрсеткен бұрынғы түлектерге қарасаң біреуі Лондонда Google-да, біреуі Голландияда Amazon-да, біреуі Ресейде Yandex-тегі керемет мамандар. Осының барлығы Ақниет мырза сияқты бір ұстаздың арқасы десе артық айтқан емес! Ал тоғызды бітіруші оқушылар болашақта Халықаралық жарыста да жеңістің тұғырынан көріне берсін!
📌 Q-CODE.KZ келесі қадам:
Міне оқу жылы аяқталды! Ал біз үшін жаңа талпыныс уақыты! Жоғарыдағыны оқып отырсыңыз біз босап қалғанымызды да байқып отырған шығарсыз!)
Youtube Ansar Akim каналында 700 ден аса адам жиналыпты! Олардың көбі информатика пәні мұғалімдері, ал Stepik сайтындағы курсымызда 1500-ге жуық адам тіркеліпті! Кәдімгідей кішігірім мектеп болып та қалыппыз!
Тізілген тақырыптар бойынша видео сабақтар түсірілімі жалғасады, сіздерден сұраныс активті болыңыздар коммент жазыңыздар, басқамен бөлісіңіздер, барлық затты тегін беріп отырған кейін пайдалы не пайдасыз ақпарат жасап жатқанымды да біліп отырғың келеді екен) Кейбіреулер тегін алғанның пайдасы шамалы дегенді де айтып жүр оны да естідік. Бірақ, мұғалімдер сабағымда мына видеоңды қолдандым дегеннің өзі мен үшін жақсы мотивация болып диплом жазумен қатар видео түсіру қатарлай ала жүрдім!
Айтарлықтай жайт Brand online мектебімен мемарандумға келіп курстардың сапасын ары қарай көтермелеу қадамында бастап та кеттік.
Ал Іске сәт!
📌Сұраныстар, ұсыныстар болса міндетті түрде комментке!
Ізгі ниетпен,
Әкім Аңсар