Құран жайлы лайфхактар


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Ахматов Абдуль-Азиз

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Forward from: Сырымбек Әділболатұлы
📍Ұстаз бен шәкірт арасындағы оқиға

Ұстазым шейх Ахмад ал-Ахмад, араб тілінен 20 жылдай тәжірибесі бар, үлкен ғалым, бізге ұстазы шейх Әдиб ал-Калласпен р.а. болған қызықты оқиғаны айтып берген еді.
Шейх Әдиб ал-Каллас р.а көп жылдар бойы медреседе «Муғни Ләбиб» атты наху пәнінің ең жоғары деңгейіндегі кітаптан сабақ беретін еді. Бірақ ұстаздың жасы ұлғайғандықтан, медресе басшылығы ұстаздың орнына маған сабақ беруді тапсырды.
Бұл кітаптан жарты жылдай сабақ беріп жүргенімде бір күні сыныпқа шәкірттермен бірге шейх Әдиб ал-Каллас та кіріп келді. Мен орнымнан тұра бергенімде, ол жылдам шәкірттермен бірге алдыңғы орынға барып отырды. Мен оған: Ұстаз, бұл сіздің орыңыз, ұстаздың отыратын орнына келіңіз, сіз біздің ұстазымыз, біз сізден білім алдық, дедім.
Ол: Балам, бүгін сен - ұстаз, ал мен оқушымын. Мен бұл сабақ қалай өтіліп жатқанын өз көзіммен көргім келді, - деді.
Мен оның айтқанына бағынып сабағымды бастадым. Сабаққа қатысты аяттарды талдап, түрлі тәсілдермен түсіндіріп, тақтаға схемалар салып, мәтінді бір түспен, түсіндірмелерді екінші түспен, ал граматиқалық талдауларды үшінші түспен жаздым, барымды салып сабақты түсіндіріп шықтым. Сабақ соңында шейх орнынан тұрып, шәкірттерге қарап:
Бұл ұстазды қадірлеңдер, одан айырылып қалмаңдар. Шындығында, 35 жыл бойы қате түсіндіріп келген бір мәселені бүгін алғаш рет дұрыс түсіндім - деп, маған дұға тілеп шығып кетті.
Кейін мен шәкірттерге: Шейхтың: Мен 35 жыл бойы қате түсіндіріппін - деп айтқан сөздерін тура мағынасында түсінбеңдер. Ол менің сабақты түсіндіру әдісімен, тәсіліме сілтеме жасады - дедім.

Бұл оқиғадан алатын пайдалар:

1. Ғалымдардың кішіпейілділігі: Шынайы ғалымдар әрдайым қарапайымдылық танытады.

2. Әдептілік: Шәкірт ұстазы рұқсат бермейінше сабағын бастамауы керек.

3. Қолдау көрсету: Ұстаз шәкіртінің жетістігіне қуанып, оны қолдай білуі қажет.

4. Оқыту әдістері: Сабақ түсінікті болуы үшін ұстаз түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.

5. Түсінгенді дұрыс бағамдау: Ұстаздың сөздерін терең түсініп, дұрыс мағынада қабылдау маңызды.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты "Әли-Мұхаммед" мешітінде "Ислам және отбасы" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты — Ислам діні шеңберінде отбасы құндылығы мен отбасын құрудың маңыздылығын ұғындыру. Жастарды отбасын құрудағы негізгі қағидалармен таныстыру. Айтулы шараға
“Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, Алпысбаев Ерғали Орынқұлұлы отбасындағы ерлі-зайыптылардың міндеті туралы насихат айтып, сауалдарға жауап берді.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Мешітіміздің мекен-жайы осы
Келіңіздер😊




Бүгін мешіттемін👇👇

Құран жаттап ұмытып қалып немесе Құранды қалай қайталайм, қалай пысықтайм деп жүрсеңіз, мешітке келіңіздер бар білгеніммен түсінтіріп айтып берейін😊

Мешітіміздің мекен-жайы төменде👇👇


Болашақ қариға:

Құранды толық жаттап шығуды армандай беруден, мақсатқа айналдырып және соған жетудің әрекетіне көшу керек😊


Кешегі уәде берген сұрақтың жауабын жаза алмадым бірақ осылай видео арқылы сіздерге қысқаша түсіндіруге тырыстым


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Алла қаласа сұраққа кешірек жауап жазамын


Осы сұрақтың жауабы сіздерге қызық болса, сұраққа реакцияларыңызды білдіріп кетіңіздер👆👆






Forward from: Beisenali Olzhas
quran adebi x checklist x Olzhas Beisenali (1).pdf
88.4Kb
Құран оқудың әдептері (чек лист)

Таратуға рұқсат


Құран оқыған адамға берілетін сый.

1. Қиямет күні Құран оны оқығанға шапағатшы болады. «Құранды оқыңдар, ақиқатында, Қиямет күні ол оны оқығандарға шапағатшы болады!» (Мүслим).

«Қиямет күні Құран былай айтады:
«Уа, Алла, Құран оқығанды безендірші!», сонда сол адамға құрмет тәжі кидіріледі. Сосын Құран қайтадан: «Уа, Алла, оны киіндірші!», - дейді. Оған құрмет киімі кидіріледі. Содан кейін Құран: «Уа, Алла, оған разы болшы!», - дейді, оған разы болысады. Сосын Құран оқыған адамға: «Оқы да дәрежеңді көтер», - делініп, оның әрбір оқыған аятына сый қосылады!» (Тирмизи).

2. Жұмақтағы адамның мәртебесі - оның Құраннан қанша аят жаттағанына байланысты болады.

«Құранды білгенге былай айтылады: «Оқы, көтеріл де бұл өмірде жасағаныңдай сөздерді анық айт, расында, сенің орның сенің соңғы оқыған аятыңа сай болады» (Ахмад).

3. Құранның әрбір әрпі үшін он есе сый бар.

«Кімде-кім Құранның бір әрпін оқыса, оған бір жақсы амал жазылады, ал бір жақсы амал үшін он есе сауап беріледі, мен «Әлиф, Ләм, Мим» – бір әріп деп тұрған жоқпын, Әлиф – бір әріп, Ләм – бір әріп және Мим – бір әріп» (Бұхари).

4. Қателесіп оқығаны үшін – екі сауап.

«Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады» (Мүслим).

5. Құран оқуда Аллаға деген сүйіспеншілік жатыр.

«Кімде-кімді Алла мен Оның Елшісі жақсы көреді деген сөз қуантар болса, онда Құранды мусхаф бойынша оқысын» (Ибн Шахин).

6. Құранды оқушылар – Алланың қалаулылары.

«Ақиқатында, Алланың жаратқандарының ішінде Оның қалаулылары бар!» «Олар кімдер, уа, Алла Елшісі?», - деп сұрағанда, ол былай жауап берген: «Ахлюл-Құран (Құранды оқып-танушылар)! Міне, солар Алла мен Оның Елшісінің қалаулылары!» (Ахмад).

7. Құран – шексіз білім көзі.

«Кімде-кім ақиқат ілімді қаласа, Құран оқысын, өйткені, асылында, онда алғашқылар мен соңғылардың білімі бар» (Табарани).

8. Құран оқылған үй берекелі болады.

«Ақиқатында, Құран оқылған үй кеңейіп, періштелер келіп, шайтандар қашып, үйдің берекесі артады. Ақиқатында, Құран оқылмаған үй тарылып, періштелер қашып, шайтандар басып, үйдің берекесі кетеді» (Дарими).

9. Құранның сүрелері шайтаннан қорғайды.

«Өз үйлеріңде «Бақара» сүресін оқыңдар! Асылында, «Бақара» сүресі оқылған үйге шайтандар жоламайды» (Хаким).

10. Құран оқу - садақа бергендей.

 «Құранды дауыстап оқушы, садақаны ашық түрде бергендей, ал Құранды іштей оқушы, садақаны жасырын бергендей!»


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Артында тек кітаптары мүлік болып қалған Олжекем ау💔


Өткен кісі жайлы жазып лайк жинаудан аулақпын.

Олжекең бізге үлкен ойланарлық нәрлелер қалдырып кеткенін айтқым келді.

Есімізге түскенде Олжеке Құран оқып дұға жасап отырайық

20 last posts shown.