ҚЫЗЫҚ ЕКЕН...💡


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Edutainment


Ақылды болғың келе ме ? 🤓📚🎓
Онда төменге көз жүгірт👇👇👇

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Edutainment
Statistics
Posts filter


Біреу бар ма?


Кеш жарық!


Бұл диалог немесе оқиғадан түйгенім: ертең менің ұл-қыздарым осылай бір заттын бағасын қымбатқой біз оны сатып ала аламыз ба деген сұрақ қоймауы үшін қазірден бастап сонын қамын ойлауға мотивация пайда болды.
Менде осымен болды, бұл оқиғадан әр кім өзіне керегін алады деп ойлаймын. Пост ұнаса пікір қалдыра кетіңіз. Келесі посттарда кездескенше!


Ассалаумағалайкум, құрметті оқырмандарым!
Араға ұзақ уақыт өткенімен, мен тағы бір пост шығармақшы болып шештім. Арнамыздың форматы түбегейлі өзгергенімен, бұл өзіме ұнайтын формат болғандықтан бұйырса әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгін жұмыстан кейін банкоматқа барып ақша шешіп тұрғанда бір кішкентай қыздың дауысы естілді. (Қасымызда әр түрлі аксессуарлар сатып тұрған дүнгіршек тұрған). -Мама бұл сағат қымбат қой иә деп орысша мамасына тіл қатты. Нақты есімде қалмапты, бірақ әже деп те айтуы мүмкін, бірақ үлкен әйел кісі. Ол маңызды емес қой. Кейін әлгі әйел кісі:
-Қайтесін сенде үйде сағатын барғой деп кішкентай қыздың сұрағына жауап бермей. Жәй ғана үйде сағаты бар екендігін есіне салды. Банкоматта тұрған маған бұл сөздер анық естіліп тұр. Мен әлгі қызға қарадым. Бойымда ерекше сезім пайда болды. Енді менің өмірім 180°-қа бұрылды. Сол кезде өмірге қайта келгендей күй кештім.


Ал сен суды үнемді пайдаланып жүрсін бе? Күнделікті қандай іс әрекет арқылы?


Бүгін бассейнге барып душта шайынып тұрсам бір адам суды қатты қосып қойып басын жуып тағы бірденелер жасап тұр. Сосын маған бір ой келді. Сырт көзбен қарасақ ол дұрыс емес қылық. Бірақ күнделікті өзіміз де қаншама ауыз суды текке ағызамыз ғой. Мен бұны қалалы үйге келгесін бірақ байқадым. Кранды ашып қойып тұрамыз. Ал ауылды жерде бұрын судың қадірін білген, оны құдықтан тасиды. Астын төгеді. Бұнымен не айтқым келді. Әр адам өзінен бастап, суды үнемдеп жүрсе, ысырапшылдыққа жол бермес едік. Адамды комфорт құртады деген осы шығар

Ал құрметті достар осындай формат көңілдеріңізден шықты ма?
Әлде аудио форматқа ауыстырған жөн бе, өз ойыңызды төменге жазып кетіңіз 👇

Келесі пост Жердегі ауыз су проблемасы туралы...


Жақында жаңа жазба шығарамын, арнамыз жанданатын болады. Ерекше әрі қызық форматта болады.


Белсенділік тексеру!!!


Ассалаумағалейкум! Қалайсыздар Қызық екен оқырмандары?


Thiomargarita magnifica деп аталатын түр Гваделупадағы мангр батпағындағы жапырақтан табылған. Ол жұқа ақ жіпке ұқсайды.

Әдетте, бактерия тек микроскоппен ғана көрінеді. Ал, жаңа табылған бактерияның ұзындығы 1 см, ол басқалардың көпшілігінен мыңдаған есе үлкен. Сондықтан жай көзбен көруге болады. Сырттай қарағанда, бұл бактерия адам кірпігінің көлеміндей ақ жіпке ұқсайды.

"Жаңа табылған бактерия басқалардан 5000 есе үлкен. Салыстырып айтатын болсақ қарапайым адамның Эверест тауындай биік адаммен кездескеніндей болар еді", - деді Калифорниядағы Лоуренс Беркли ұлттық зертханасының теңіз биологы Жан- Мари Волланд.

Оны алғаш рет 2009 жылы Гваделупадағы Француз Антиль университетінің ғалымы Оливье Гросс ашқан. Бірақ бұл олжа бастапқыда көп назар аударта қойған жоқ. Көлеміне байланысты Гросс сол кезде оны саңырауқұлақ деп ойлаған. Енді зерттеушілер бұл түрдің шын мәнінде бактерия екенін анықтады.




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Адамдардың 95% - ында аптаның соңына дейін орындалатын арман бар. Бірақ олар ол арманды өмірдегі ең үлкен, баға жетпес арманы етіп жасап қояды.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қайғылы адамдар әрқашан басқа адамдарды бақытты етуге тырысады, өйткені олар ешкімге қажет емес және пайдасыз болуды сезіну, қаншалықты қорқынышты екенін біледі.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Психологиялық факт - сіз үшін өміріңіздегі ең басты адам - дәл қазіргі сәтте сіздің ойыңызға бірінші болып келген адам.

#махаббаттуралыфакті


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Құшақтасу - бұл табиғи анальгетик, махаббат гормоны деп аталатын окситоцин, құшақтасу кезінде бөлінгенде бас ауруы азаяды. Сондықтан бас ауруын жазу үшін бірден дәрі дәрмекке жүгінбей, бірінші сүйікті адамыңызбен құшақтасыңыз.

@qyzyq_eken


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қайғы-мұң - бұл ақыл-ойдың ең нәзік күйі, ол жанға оңай оралған жұмсақ жаялық секілді. Жаңа сезімге немесе жай ғана қуануға деген ықыластын болмауы. Әрқайсысы өз жолымен мұңаяды, біреу шараппен және қайғылы музыкамен жалғыз болғысы келсе, ал біреуі шулы көңілді ортада қайғыдан құтылуды іздейді.

@qyzyq_eken


АҚШ-та қашқын полицияға өз түрін селфи жасап жіберген. Өйткені оған іздеуде тұрған фотосы ұнамаған.

Оны сол бойы ұстай алмады.


"Динозавр эмбриондары – ең сирек қазбалардың бірі және олардың көпшілігі толық емес. Біз "Инлян баласының" табылғанына өте қуаныштымыз. Ол тамаша күйде сақталған және динозаврлардың қалыптасуы туралы көптеген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі", - деп түсіндірді ғалым.

Бұған дейін британдық палеонтологтар динозаврлардың бұрын белгісіз екі түрін тапқан болатын.


Қытайдың Ганьчжоу қаласында ішінде эмбрионы бар сирек кездесетін динозавр жұмыртқасы табылды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Эмбрион "Иңлян баласы" деп аталды. Ол Цзянси провинциясының Ганьчжоу қаласындағы Шахэ индустриалды паркіндегі Хэкоу формациясының жартастарынан табылды. Бірмингем университетінің палеонтологтары динозаврдың тасқа айналған жұмыртқасы бар эмбрион тіссіз тұмсықты теропод динозаврларына немесе қазіргі құстармен тығыз байланысты овирапторозаврларға жататынын анықтады. Олар Азияда Солтүстікте бор дәуірінде өмір сүрген.

Жұмыртқаның жасы 66-72 миллион жыл. Оның ұзындығы шамамен 27 сантиметр. Зерттеушілердің айтуынша, эмбрион жұмыртқадан шығуға жақын болған.

Зерттеу авторы және Бирмингем университетінің зерттеушісі Фион Вайссум Маның айтуынша, динозавр эмбриондары ең сирек қазбалардың бірі болып табылады.



20 last posts shown.