Бүгін Ұлт ұстазы–Ахмет Байтұрсынұлы атылған күн!
Ахмет атамыз тұтас ғұмырын ұлт ісіне, оқу жұмысына, ұрпақ игілігіне арнаған адам
Ахмет ең бірінші ғалым адам. Омбыда Әлиханмен жолыққанға дейін ол ғұмыр жолын ұстаздыққа, бала оқыту ісіне арнаған болатын. Оны саясат жұмысына үгіттеген өз халқының ауыр жағдайы, отаршыл үкіметтің отбасына қылған қастандығы, жас көсем Әлиханның екпіні болса керек.
Әлихан мен Ахметтің жолығуы, бір мүдде жолында бас біріктіруі, ғұмыр жолы таусылғанша бір-біріне сыйластық танытқаны үлгі аларлық дүние. Әлихан оған хат жазғанда үнемі «Сүйдім, құшақтадым, Ахмет»-деп аяқтаушы еді.
Ұлт ұстазы атылғанда, оның рухани шәкірті, жерлесі Файзолла Сатыбалдыұлы:
«Шынымен бұл дүниеден өткенің бе,
Қайырылмай алды-артыңа кеткенің бе?
Ахмет опат болды дегенді естіп,
Егіліп жылай бердім, тек дедім де!»- деп жырлайды, жылайды.
Ахметтің жоқтауы айтылмады, ақ кебінге оранып жаназасы шықпады, артында қалған, көзін көрген шәкірттерінің бұл хабарды естіп, үнсіз, “егіліп жылаудан” басқа шарасы болмады…
Ахметтің моласы, құлыптасы жоқ. Ол қазақ ұлтының рухы, бір әкесі. Рухты жерге көмбейді. Ол жас ұрпақтың кеудесін кезіп, ізгілік дәнін шашып жүреді.
Ж.Ж
https://t.me/sadaq_zh