Бейне
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Жүрегіммен ол мендік күңдесуде.
Өзге үйдің түтінін түтетсе де,
Бейнесі оның менімен жүздесуде.
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Дерттерменен жүректе мінгесуде.
Әлі тұрмын мен мұнда оған қарап,
Өзге біреу ол жанның дүрбесінде.
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Санамдағы жүректер тілдесуде.
Ол бақытты боп жүрген шығар сірә,
Ал мендік жүрек болса мұң кешуде.
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Жараланған жүрегім жыр кешуде.
Күндіз екеу, түнде үшеу болып жүрміз,
Үшбұрышты өмірдің түрмесінде.
Түнде есіме түседі, түнде есіме,
Күндіз жұмысбасты боп жүргесін бе?!
Болмау керек нәрселер болып жатыр,
Үндеспейтін заңдылық үндесуде..
03:38-04:08
10.11.24
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Жүрегіммен ол мендік күңдесуде.
Өзге үйдің түтінін түтетсе де,
Бейнесі оның менімен жүздесуде.
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Дерттерменен жүректе мінгесуде.
Әлі тұрмын мен мұнда оған қарап,
Өзге біреу ол жанның дүрбесінде.
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Санамдағы жүректер тілдесуде.
Ол бақытты боп жүрген шығар сірә,
Ал мендік жүрек болса мұң кешуде.
Күнде есіме түседі, күнде есіме,
Жараланған жүрегім жыр кешуде.
Күндіз екеу, түнде үшеу болып жүрміз,
Үшбұрышты өмірдің түрмесінде.
Түнде есіме түседі, түнде есіме,
Күндіз жұмысбасты боп жүргесін бе?!
Болмау керек нәрселер болып жатыр,
Үндеспейтін заңдылық үндесуде..
03:38-04:08
10.11.24