СЕНАТ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК
▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


🌾Бүгін Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздегі мақта саласын дамыту және оны өңдеу мәселелері қаралды.

Депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында отандық мақта өндірісі және оны өңдеуді қолдау шараларын салалық мемлекеттік органдардың басшыларымен бірге талқылады.

Отырыс барысында өндіріс қуаты толық көлемде жүзеге аспай отырғаны және өнімнің өзіндік құнының жоғарылығы, көрші елдермен бәсекелестік секілді саладағы өзекті мәселелер көтерілді.

Толығырақ

🚀@senate_kz


🔴Уважаемые представители СМИ, завтра, 6 февраля 2025 года в 10:00 часов пройдет заседание Сената.

В повестку дня предложен следующий вопрос:
1. О Бюджетном кодексе РК (первое чтение).
2. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам совершенствования бюджетного законодательства и признании утратившим силу Закона РК «О концессиях» (первое чтение).

Для представителей СМИ будут организованы брифинги.
 
Список участников брифинга:
1. Бекбол ОРЫНБАСАРОВ - Депутат Сената Парламента РК;
2. Серик ЖУМАНГАРИН   - Заместитель Премьер-Министра – Министр национальной экономики РК.

Смотрите прямую трансляцию
🌐 на официальном сайте
senate.parlam.kz
📺на телеканале «24kz»
🖤на YouTube канале
💬в Telegram канале.

🚀@senate_kz


🔴Құрметті БАҚ өкілдері, ертең, 2025 жылғы 6 ақпан сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді.

Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді:
1. ҚР Бюджет кодексі жөнінде (бірінші оқылым).
2. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» ҚР Заңының күші жойылды деп тану туралы (бірінші оқылым).

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтетінін хабарлаймыз.
 
Қатысушылар тізімі:
1. Бекбол ОРЫНБАСАРОВ - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
2. Серік ЖҰМАНҒАРИН - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.

Сенат отырысын
🌐senate.parlam.kz ресми сайтында
📺«24kz» телеарнасында
🖤YouTube арнасында
💬Telegram арнасында көре аласыздар.

🚀@senate_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов бастаған Палатаның Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында болды.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Президенттің сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Парламент 2023 және 2024 жылдары «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізгенін атап өтті. Бұл түзетулер Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін күшейте түседі және оған бұрын Жоғарғы Соттың құзыретінде болған кадр жөніндегі өкілеттіктерді беруді көздейді. Сондай-ақ, 2024 жылдың шілде айынан бастап Әділет академиясы ресми түрде Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына өткен болатын.

Толығырақ

🚀@senate_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ℹ️Сенаторы обсудили актуальные вопросы права интеллектуальной собственности на площадке РГП «НИИС Qazpatent»

В ходе заседания обсуждались актуальные вопросы совершенствования системы охраны права интеллектуальной собственности, развития патентного законодательства и поддержки инновационной деятельности.

Особое внимание уделено мерам по упрощению процедур регистрации прав на объекты интеллектуальной собственности, усилению защиты авторских и патентных прав, а также внедрению современных цифровых решений в работу института.

Подробнее

🚀@senate_kz


Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Бюджет кодексінің жаңа жобасы талқыланды. Бұл құжат бюджет үдерісін жеңілдетуге, салық түрлерінің аражігін ажыратуға және мемлекет қаржысын нәтижелі басқаруға бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, бюджет қаржысын тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударылып отыр. Жаңа Кодексте бюджеттен қаржы бөлуде нәтижеге бағыттау қағидасы күшейтіледі және шығыстардың тиімділігіне мониторинг жүргізу мен бағалау және мемлекеттік аудиттің қатысуы қарастырылған. Ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету мақсатында бюджет туралы ақпарат ашық түрде болуы көзделген. Сонымен қатар, мемлекеттік қаржы көрсеткіштерін ұзақ мерзімге жоспарлау, мемлекеттік борышты басқарудың жаңа ережелері мен мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру тетіктері енгізіледі.

Толығырақ

🚀@senate_kz


«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қаланы дамытудың құқықтық негіздерін айқындауды көздейді.

Құжатта тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, ұлттық қолөнерді дамыту, археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарын басқару шаралары қарастырылған. Түркістанның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық та маңызды бағыт болып табылады.

Толығырақ

🚀@senate_kz


🇰🇿🇦🇪Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Әбу-Дабиде Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті.

Сенатор жүздесу барысында Бас хатшыға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ізгі тілектестігін жеткізіп, биыл қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне ресми шақыруды табыс етті.

Толығырақ

🚀@senate_kz


Сенаторлар кедендік бажды есепке алу және бөлу саласындағы мемлекеттік аудиттің қорытындысын талқылады

Толығырақ

Сенаторы обсуждают итоги госаудита сферы зачисления и распределения таможенных пошлин

Подробнее

🚀@senate_kz


💼Сенаторлар Палата отырысында Бюджет кодексін қарайды

Заң бюджеттік процесті түбегейлі оңайлатуды, «бюджетті басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу жолымен бюджеттік саясат моделін реформалауды, сондай-ақ, блоктық бюджет элементтерін енгізуді, бюджеттік саясаттың шекті параметрлерін айқындауды және фискалдық орталықсыздандыруды күшейтуді көздейді.

Толығырақ

🚀@senate_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
‼️“Сенат сөзі” бағдарламасының жаңа шығарылымында:

1. Ұлттық пошта қызметінің сапасын арттыру үшін не істеу керек? Сенат депутаттары бұл мәселеге қатысты заңды қарады.
 
2. Солтүстік Қазақстан облысында Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр? Өңірге барған сенаторлар осы бағытқа мән берді.
 
3. Елімізде ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті. Палата депутаттары аталған түйткілге алаңдаушылық білдірді.

📹Толығырақ

🚀@senate_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
‼️В новом выпуске программы: “Время Сената”:

1. Поручения Президента: Маулен Ашимбаев обозначил ключевые направления работы Сената

2. Слабое звено. Почему депутаты настаивают на проведении аудита системы оповещения ЧС?

3. Заслон от мошенников. Ввести ответственность за нелицензированное использование SIM-бокс машин предложили в Сенате.  

📹Подробнее

🚀@senate_kz

12 last posts shown.