• дем •


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


мәңгі бар болатын, шынайы һәм мәнді болмыс қалыптастыру жолындағы харекеттер..
кері байланыс: perizat.ak (instagram парақша)

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


2025-тің кезекті жұмасындағы тілек:

«жүректеріңіз суымасын»


«Көңіл көзі ашық, жүрек кең болса, адам әрқашан бақытты».

| М.Әуезов 📔


дем күнделігінен: «Гурьев кеші көңілді» 🌙📜💭

жайлы кеш. тымық. қызығы да сол. бүгін қаламның есіп өтетін дауылы мен желі жоқ.

сырт киімді іле сала далаға ұмтылғанымды болайын. өзге уайымы мен қамы жоқ балаша күй..ең ғажап күй.. бұл да бір келген нығметті қабылдау, ризашылықтың шыңын білдірудің амалы ғой. ал әңгіменің астарын өрбітейін. алдымен тағдыр алдымыздан шексіз мүмкіндіктер мен таңдаулар қоятынын білмек керек. білу аз, санаға тоқу – міндет. жұта салып, дереу қайта шығарған демің мүмкіндік емес пе? көзіңді қай тұсқа салуды таңдай алатының ше? жайлы ғұмырға, тыныш жүрекке деген рақымет қайда? төрт қабырғада қамалып, боз шағыңның ысырап болуына рұқсат ететін де – өзің. шырмалаң ғаламторда еріксіз сауық құратын да – сен. кейін бұлқан-талқан боп қапаланудан бейхабар пенде сипатын саласың кеп. біле тұра жалғастыратын да, мына, сен..

өмірдің өзі алу мен беру дей ме? бермейтініміз бәсенеден белгілі. (дұрыс) алуды да үйренбеппіз ғой. ызаға толы дене, сұсты әлпет.. [алғыс білдіру, шүкір ету былай тұрсын] оның жанында жымиып, жақсылықты сезіну де құдды күрделі іске айналып бара жатқандай.


мамандық таңдаудан қателессең, кейін қайта оқып аларсың. өкініштің орнын толтыруға мүмкіндік бар-ақ.

✉️ бастысы жар таңдаудан қателеспе, өтеуі өз ғұмырың болады..


жамандықты жасаған емес, жамандыққа жол берген адамнан қорыққан жөн. әлде жақсылық жасауға мүмкіндігі бола тұра бас тартқан пенде қорқынышты ма?

таразыда кім ауыр? қайсысы жеңіс, қайсысы жеңіліс..?


формат сәл өзгерді, кешіккен қорытынды қалай?😌


🪞қаңтар | қорытынды

айдың үздік кітабы - Дайағашшы (Ұ.Нұрғалымұлы)
айдың үздік мекені - Kiiz kofehana
айдың үздік сусыны - раф. тұзды карамель.
айдың үздік сұхбаты - Narikbi LIVE > 110 бөлім
айдың үздік арнасы - «Абылай Кенжалы»
айдың үздік пайдалы парақшасы - azamat__skakov
айдың үздік қанатты сөзі - «өзіңмен алыс өлгенше»
айдың үздік жетістігі - толыққанды жөндеу жұмыстары
айдың үздік бекітілген тізгіні
(челлендж)
- 21 days of no fast food
айдың үздік тұрақтыланған жүйесі (нені тұрақты жасадым) - кемінде 20 бет парақтау, ой түю, түртіп алу.
айдың үздік естелігі - қимылсыз өткен үш күн
айдың зейін қойылған нүктесі - денсаулық


саналы түрде сараптасақ, мыйдың берері дөп жауабы да осы.

⏪️сақтықта қорлық жоқ⏩️


{64 қадам}

күнделікті аса еленбейтін сәт – бағалау. бір-бірімізді бағалау, алғыс айту, ризашылық білдіру. мен үшін жамандық жасаған емес, сауап алуға мүмкіндік болған жерде әрекетін жасамаған адам қауіптірек.
батырманы баса салудың еш қиындығы жоқ, бірақ такси жүргізушісі үшін я жеке бизнесін жүргізіп отырған жанға үлкен көмек.

жарайды, сіз баға қоймадыңыз, пікір қалдырмадыңыз. 10 тұтынушы бағаламады, ал ұнатпаған 1 тұтынушы жағымсыз пікір қалдырып кетсе, рейтинг едәуір құлайды. 2гис қосымшасында да әрдайым белсенді түрде пікір қалдырып отыруға тырысамын. небәрі 1 минут = … сауап екен?!

📎жақсылық жасаудан аянба.
💗жақсылық жолында жарыс.
🌷сауапты жіберіп алма.
🌺сауап үшін соңына дейін күрес.


жүрегім кең демеймін, кішкентай болғанына да наразылық білдірмеймін. махаббатты сыйдыра алсам жеткілікті емес пе?🫀


бойдақтардың назарына >>> 💜


🤎
желіге тек есеп беру, қорытынды жасау, пайдалымен бөлісу тұрғысында кірмекке бекінгем. жылтырақ дүниелерді сала берудің сізге де, маған да сауап әкелмесі анық, залалы тимесе..

тәртіп жүйеме сәйкес қып әр дүйсенбі және ай соңындағы күнді белгілеп, желіде белсенді боламын деген саф ниет бар. айтпақшы, ниет туралы тағы бір білгенім бар, бөлісермін.

солай, желіге кіре сала жеке хаттарды ақтармаймын ба? пәлііі, не деген асқақ көңіл, таза сезім, жып-жылы пікірлер.. мейірімге толы жылы сөз бір жұмалық дертке дауа, жанға дәру, бойға қуат болатынын-ай. сөздің құдіреті деген осы, иә?!💕


дүниені тани бер, танымыңды кеңейте түс. тек иман нұрыңнан айырылып қалмашы деймін.

жұма мүбәрак🎀


{63 қадам}

айналамыз толған қоқыс.

айнала дейміз-ау. ішің де, сыртың да, тұтас өзің де хаоста ғұмыр кешіп жүрген болсаң, мына әлемнен басқа не күтесің, иә?

ұялы телефонды әрдайым тазартып отыратын жандардың қатарынан емеспін. бірақ толып қалса, бір мәліметті іздеген уақта таппай, әлек боламын да жатамын. бүгін арнайы сағат бөліп, реттеп алмақ болдым. бұ тұстағы басты мақсұт - screenshot бөлімін зертіп, керек қылатын ілімді жазып алу, ұғып алу. шүкір, түртіп алар дүние баршылық екен.

орындалды. қорыма тағы бір жетістік. жеңістен басталған күндерді сүйем🩷


бұ дүние тауға ұқсайды.
не айтсаң – соның жаңғырығы шығады.
аузыңнан жақсы сөз шықса – сол сөзді өзің қайыра естисің.
запыран атқыласа – оны өзің қайта жұтасың.

|| ендеше сен жайлы біреу жаман айтса, ол туралы қырық күн, қырық түн жақсы сөйле. қырық күннен соң бәрі өзгергенін байқарсың. пейілің өзгерсе – дүние өзгерер.


📎бүгінгі тәпсірден:

біз іздеген өмірдің мәні осы болғаны ма? жүгіру, жарысу, озу, ешкімді елемей жарып өту ме?
шырақ, өмірдің соқпа толқынына ілігемін деп асықпа. терең дем ал. әуелі өз толқыныңды бағындыр. ішкі дауылдарыңды тоқтат.

кейін өзгелерге назар аудар. өзің түзелсең ғана.. ал түзелуге бір ғұмыр жетер ме.. оған жауап жоқ, сірә.


есейген сайын бос сөз бен бөс әңгіменің қажетсіз екенін сана өзі-ақ ұғады екен. тәлім алу үшін орынды айтылған бір ауыз сөз жетіп жатыр. құнарын ал, бойға сіңір.

ғайбаттан ада бол деймін. тіліміз зікірден, ойымыз шүкірден құрғамасын..🌷


Абайласақ адамзатты жаратыпты ерек қып,
Тік жүргізіп, жар сүйгізіп, қыз бен ұлды керек қып.
Сезім беріп, төзім беріп, иман беріп жүрекке,
Ақыл берді, қайрат берді хайуандардан бөлек қып.

Ыңғайлы етіп екі қолды ауызыңа ас бер деп,
Ішкен-жеген адалдан ба, әлде арам ба тексер деп.
Иісін сез деп мұрын беріп, түсін көр деп көз беріп,
Қабақ қойды көз үстіне зарар келмес ескер деп.

Қажалмасқа кірпік берді ашып-жұмып тұрғанда,
Қас беріпті көзге ақпас деп маңдайды тер жуғанда.
Бір-біріңді түсінгін деп дыбыс берді, сөз берді,
Тілімізді қимылдатып олай-бұлай бұрғанда.

Тұра аламыз осыдан соң қақпай қалай таңдайды,
Еш аппарат жасай алмас суды, сүтті, бал, майды.
Ең бір озық техника да, ғылымдар да дамыған
Тіпті шыбын-шіркейлердің өзін жасай алмайды.

Жаратушы жерді жайып, төсек етіп төсеуші,
Таулар қандай, баулар қандай, нөсерлеген нөсер ше?
Шебер, шебер дей бергенше ақылменен анықтап,
Бір тамшыдан Адам еткен «Алла шебер» десеңші!

🪶| Ермек Есқожа


миллиондаған адам жабылса да бір сені құрай алмайды, ерекшем🤎


🌹жақсылыққа апаратын жолды аттап өтпесек игі. қай жаққа бас бұрсаң да, ізгі іс жасауға бойды үйрету лазым.

ғұмыр мүмкіндікке толы..сауап жыюға деген мүмкіндікке..сендік амал жеңілін я ауырын таңдамақ қана..🌹

20 last posts shown.