SERIK JUMASH


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Қандай да бір ақпаратты көшірсеңіз сілтеме жасауды ұмытпағайсыз!
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCaIorXH0Bm9PLXIe3bdyo7w
Курстар тізімі
https://taplink.cc/serikzhumash

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Бүгін бар , ертең жоқ болар,
Уақыт бəрін ноқталар,
Бесіктен шыққан жолаушы,
Бейітке барып тоқталар.
Жолда көрген қызығын
Түсім бе сонда деп қалар....

©Қадыр МЫРЗА ӘЛІ
Арысқа бара жатып жазған


«Әрқашан құрметті адам өте сыпайы жан болып қала береді. Бұл оның ақыл-парасаты мен әдептілігінің белгісі.

Ол
💠 қателескен кезде кешірім сұрайды,
💠 бір нәрсе сұрамас бұрын рұқсат сұрайды,
💠 оған көмектескен кезде алғыс айтады.

Ол
🔸 күлімсіреуге жомарт,
🔸 жеке шекараңызға құрметпен қарайды және
🔸 сіздің көңіл-күйіңіздегі өзгерістерді түсіне біледі (яғни халіңізді түсінеді)».

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


Пайғамбарымыздың асыл сөздері:

"Алла сендердің кемел түрде атқарылған амалдарыңды жақсы көреді"

"Алла - Көркем, көркем нәрсені ғана жақсы көреді".


Мұсылман адамның Алламен, айналасындағы жаратылыспен әрі өзімен қарым-қатынасы бар. Осы қатынастарды көркем түрде орындасақ, мақсат орындалды.

Сүйіктісіне кеткен қаншама уақытына ғашық адам өкінбейді. Кездесуге қанша уақыт кешіксе де, күтуге дайын.

Себебі, онымен қарым-қатынасы үзілгенін қаламайды. Сонымен қатар сүйіктісінің әрбір бұйрығы мен тыйымына разы.


Сараңдық - мал-дүниесі бола тұра тым аз пайдалану. Бұл үнемдеуге немесе нәпсісін тәрбиелеуге жатпайды.

Өйткені үнемшілдік пен сараңдықтың арасында айырмашылық бар.

Үнемшілдік дегеніміз - адам тек зәру нәрселеріне ғана мал жұмсап, қалғанын жинау.

Ал сараңдық - дүниеге деген махаббатынан бар бола тұра керек затына да қаражат жұмсамау.

Сараңдықтың үкімі дәрежесіне қарай мәкруһ тахрими, мәкруһ танзиһи немесе харам да болуы мүмкін.

Егер адам өзіне және құрметіне зиян беретіндей дәрежеде, сондай-ақ отбасына зияны тиетіндей деңгейде сараңдық танытса, ол харам болады.

📚"Исламдағы сауда-саттық"


Өзіңді алдама – күнәні тастадым деп, бірақ оған апаратын себептерден әлі де айырылмаған күйде қалма. Шынайы тәубе – жай ғана бір сәттік шешім емес, бұл – өткенмен күрес, әрі оған апаратын жолдардан толықтай бас тарту. Шынайы тәубе – айтылатын бір сөз емес, бұл – алғашқы қадамнан кейін үздіксіз жалғасатын әрекет. Бұл – енді ешқашан күнә жолына оралмайтындай, соған апаратын барлық жолдардан түбегейлі арылу. Құтылғысы келген адам – күнә батпағынан, тәнімен де, жанымен де, қарым-қатынасымен де аулақ жүруі керек. Сондай-ақ ол өзін қолдайтын, қайта құлап кетуге итермелемейтін, қайта бой түзетуге көмектесетін сауапты орта іздеуі керек.

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


"Өз уақытыңды құрметтесең, өзіңді құрметтейсің.

Өзіңді құрметтесең, өзгелер сені құрметтейді"


"Дұшпандары жоқ адам - принциптері жоқ адам."

Мұса пайғамбарды бала қылып асырап алғанда перғауын оны жақсы көрген. Мұса пайғамбар Алла жолына шақыру принципімен келгенде қас дұшпанына айналды.

©Ясир Хузәйми


إن الله يحب العطاس ويكره التثاؤب

"Шүбәсіз Алла түшкірікті жақсы көреді, ал есіне жек көреді". (Хадис)

Ғалымдарымыз айтады:
"Себебі, адам түшкіргеннен кейін өзін сергек сезінеді. Ал, есінегеннен кейін жалығып, ұйқысы келеді".

Сондықтан, Алла сенің жалқау, енжар болғаныңды ұнатпайды. Әрқашан сергек әрі еңбексүйгіш болсаң, Алланың сүйікті құлы боласың.

©Ясир Хузәйми


Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешені

المجمع الثقافي والرياضي العام لمدينة قوسشي
#сөздік


Бүгінгі әдемі сөз:

Өмір жеңілдеп кеткен жоқ. Тек сен мықты бола бастадың.

Иманың қуатты болса, бұрын ойбайлап қабыл алған қиындықтарды қазір күлімсіреп қарсы аласың.

#архив

Әрбір саладағы (рухани, физикалық, білім, т.б.) жетістік Алланың тауфиғымен, сол жолға салуымен болады.

Әрбір ісімізге Алла тауфиқ беруін сұрауды тоқтатпайық.


الانتباهات المفیدة.pdf
3.1Mb
📚الانتباهات المفيدة في حل الاشتباهات الجديدة
🖌الشيخ محمد أشرف علي التهاني


Forward from: الديوبندية الحنفية الماتريدية
منهج تعلم علم الكلام الحنفي الماتريدي على طريقة علم الكلام الجديد المتحفظ (المدرسة الديوبندية/الحكمة القاسمية)

عامة كتب المدرسة أردية

المميزات:

١- جمع كثير من المدارس والمناهج المختلفة الهندية من اللكنوية والمجددية والولي اللهية والآراء الكلامية للجشتية

٢- المنهج الجديد والأدلة الجديدة مع المحافظة على آراء المذهب بخلاف كثير من أدعياء علم الكلام الجديد

٣- الردود على الشبهات الجديدة من الأديان والطوائف المختلفة

٤- البسط في حكم ومصالح الشريعة

٥- تطبيق المنهج الحنفي الماتريدي للأحاديث العقدية في كتب الستة بما لم يسبق مثله

الكتب:

١- أصول عقائد الأسلام - شيخ الإسلام شبير العثماني

٢- الانتبهات المفيدة(ترجم إلى العربية والإنجليزية) - الحكيم الأمة التهانوي

٣- الدين القيم - العلامة مناظر أحسن الكيلاني

٤- شروح الكتب الستة(عربية الكتب العقدية)
من أهمها: فيض الباري لإمام العصر الكشميري وفتح الملهم للإمام العثماني ولامع الدراري للإمام الگنگوهي

تعليق: توجد بعض الآراء الشاذة للإمام الكشميري

٥- منظومة ضرب الخاتم - إمام العصر الكشميري

٦- مجموعة كتب حجة الإسلام قاسم العلوم والخيرات النانوتوي(١٧ مجلدات)
جمعت باسم مقالات حجة الإسلام
أغلبها في علم الكلام وليس له كتاب جامع لجميع المسائل بل كتبه كمدونة على مستويات مختلفة يجب أن تقرأ كاملا وقد حقق فيها الدين والمذهب بطريق لا مثل له وأتي بتحقيقات لا توجد في أي كتاب آخر ولذلك أرى التعمق في كتبه لمن يريد الغاية في علم الكلام ويعرف الأردية...

الشيخ مصطفى المغنيسي


"Кемел адамдар Алла Тағаланы Жаратушы, күллі әлемдердің Раббысы, барлық кемел сипаттарға ие әрі барлық кемшіліктер мен міндерден пәк болғаны үшін ғана құлшылық етеді. Ол – Аллаһ Тағала, жәннат пен Тозақты жаратпаған күннің өзінде де құлшылыққа лайықты құдай."

📚"әт-Тәқарруб илә Алла"


Пайғамбарды тілдегеннің жазасы

Ибн Хажар айтады:
Жамалуддин Ибраһим ибн Мұхаммед Тайибиден жеткен:

«Маңғол әмірлерінің бірі христиан дінін қабылдаған екен. Оның жанына христиан дінінің басшыларынан және моғолдардан бір топ адам жиналды.

Солардың бірі ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедті ﷺ тілдеп қорлай бастайды. Сол жерде бір аң аулайтын ит байлаулы тұрған еді. Әлгі адам пайғамбарымызға ﷺ одан бетер тіл тигізе бастаған кезде, ит оған тап беріп, тырнап жібереді. Адамдар оны иттен құтқарып алады.

Сол сәтте жиналғандардың бірі: «Бұл – сенің Мұхаммедке ﷺ айтқан сөзіңнің кесірі», – деді. Бірақ әлгі адам: «Жоқ, бұл ит менің қолымды сермеп жатқанымды көріп, өзін ұрайын деп жатыр деп ойлап қалды. Сол себепті тап берген ғой», – деп ақталды.

Сосын әлгі адам тағы да (Пайғамбарға ﷺ тіл тигізуге) кірісті. Сол кезде ит қайтадан оған тап беріп, оның тамағын тістеп, жұлқып жұлып алады. Ол сол жерде жан тапсырды. Осы оқиға себепті моғолдардан қырық мыңдай адам ислам қабылдады».

📚Ләйтәкә тәсләм


«Мен жақсылықты төрт нәрседен таптым:

✅біріншісі — нәпіл ғибадаттармен Аллаға сүйікті болу;
✅екіншісі — Алланың үкімдеріне сабыр ету;
✅үшіншісі — Алланың тағдырына разы болу;
✅төртіншісі — Алланың назарынан ұялу.»


©Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын)


«Кімде-кім Алла Тағалаға деген шынайы махаббаттың дәмін татса, ол адамды бұл дүниені іздеуден алыстатып, бүкіл адамдардан оңаша қалуға итермелейді.»

©Әбу Бәкір Сыддық (Алла оған разы болсын)


"Бану Исраилдың Мұсасын Перғауын тәрбиелесе де, ол пайғамбар болды.

Мұса әс-Сәмириді Жебірейіл тәрбиелесе де, ол мүшрікке айналды."


Мен намаз оқимын, балам да намаз оқиды деп алданып қалма. Нұх пайғамбардың баласы дінсіз болып өлгенін ұмытпа.

Ибраһим пайғамбар сияқты ұрпағың үшін дұғада бол.

"رب اجعلني مقيم الصلاة ومن ذريتي"

"Раббым, мені әрі ұрпағымды намаз оқушылардан ете гөр"

©Ясир Сутухи (Алла панасына алсын)


Жақия ибн Муғаз (Алла оған рақым етсін) айтқан:

«Жүректер – көкіректерде қайнап жатқан қазандар секілді. Олардың қасықтары – тілдері. Сондықтан адам сөйлегенге дейін күте тұр. Оның тілі – жүрегіндегі нәрсені саған алып береді: тәтті ме, қышқыл ма, жұмсақ па, ащы ма – соны білдіреді. Өйткені тілінің алып берген нәрсесі – жүрегінің дәмін білдіреді».

📚"Хильятул-әулия"


حبك الشيء يعمي ويصم

"Бір нәрсені жақсы көруің көзіңді көр қылып, құлағыңды керең етеді."

Бір нәрсені қатты жақсы көрсең оның кемшілігін көре алмайсың. Біреу кемшілігін айтса тыңдамайсың әрі сенбейсің.


"ومن بطَّأ به عملُه لم يُسرِع به نسبُه"

«Кімнің амалдары (ізгі істері) оны артқа тартып қойса, оның тегі (шығу тегі, атақ-дәрежесі) оны алға сүйремейді.»

«Кімнің амалы кем болса, сол амал иелерінің дәрежесіне жете алмайды, сондықтан ата-тегінің абыройына және ата-бабасының артықшылығына сүйенбеуі тиіс.»

📚Шарх сахих Муслим

20 last posts shown.