Бүгін менің туған күнім!
38 жасқа толдым және осы жасыма дейін түйген бірнеше ойды сізбен бөліскім келіп отыр:
1. Әрекет - сенімнің справкасы! Адамның не нәрсеге шынайы сенетінін - әрекеті көрсетеді: Адамның пікірі — жай ғана айтылған идея емес, ол - өзгеріс жасауға дайындық, әрекетімен дәлелденетін дүние. Әрекет жасауға дайын болмаса, айтып отырғаны пікір емес, жәй сән үшін айтыласалған сөз! Баяғыда, әдемі болсын деп терең сөздер айтсам, қазір терең нәтижеге апаратын жеңіл әрекеттерді іздеймін!
2. Сәтсіздік немесе қателік — бұл сабақ алудың жалғыз жолы: Спортта және өмірлік жеңілістер — бұл бастаманың аяқталуы емес, жаңа тәжірибе мен білім арқылы қайта бастау мүмкіндігі ғана. Баяғыда, қателіссем ұялатын едім, қазір сабақ алу үшін ойланатын болдым!
3. Эмоционалдық интеллект IQ-дан маңыздырақ: Эмоцияларды түсіну және басқару мүмкіндігі теориялық білімнге қарағанжа көбірек есіктерді ашады. Баяғыда, өмірді тану үшін білім алсам, қазір өзімді тану үшін оқимын!
4. Нағыз өзгерістер уақытты талап етеді: жеке жетістіктер біртіндеп, бірмен, екімен, қадам-қадам құрылады. Қанша күйіп-піссең де нәтиже алу үшін күту керексің! Бұны ертерек қабылдасаң, сол күйі тезірек нәтиже аласың! Тез жасау - асығу емес! Асығу - тез жасау емес! Баяғыда тез нәтиже алуды ойласам, қазір дұрыс бағытта болсам, нәтиже келетінін білемін!
5. Мақсатты қайта қарауға ешқашан кеш емес: тәжірбиең мен білімің толыққан сайын пікірің де өзгереді. Кеше маңызды болған нәрсенің сен ойлағандай мазмұнды болып шышпауы мүмкін. Қайтпайтын қайсарлық пен қырсықтықтың айырмашылығы өте үлкен. Қателіктен уақыты қайту - даналықтың белгісі! Баяғыда маған ақшаның саны қызық болса, маған қазір сапасы маңыздырақ!
Мен көбіңіздің көз алдында дамыдым. Бұл жолда маған серік болғандарыңызға рахмет! Алда әлі де көп жақсы жаңалықтар мен жеңістер болсын!