Комментаторлар Ортасы


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Қазақ комментаторларының ортасы
Жарнама: @alimjanasqar

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


Forward from: Football Álemi | E.Kairov
Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Forward from: Football Álemi | E.Kairov
Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Forward from: Ұрын тоғыздық / Ложная девятка
Гегенпрессинг бәсеңдеп, гегемония салтанат құрды

"Ливерпуль" менеджментіне қол соғу керек. Клубтың мәртебесін көтеріп, еңсесін тіктеген Юрген Клоппты жоқтатпайтын бапкер тапты. Әрине, Арне Слотта неміс маманына тән харизма жоқ, бірақ Юрген сыналап енгізген менталитетті төгіп-шашпай, команданы одан әрі дамытып жатыр.

Арне Слотт келгелі бірқатар футболшыда прогресс бар. Алиссон сынды, бірақ Келлехер қамшы салдырмай келеді. Кешегі пенальтиді тосуы – психологиялық сенім көрінісі.

Кертис Джонс монстрға айналды, Райан Гравенберх теңдессіз футболшы болды. Клопптың қос қанатына айналған Трент (Конор Брэдли) пен Робертсонды (Цимикас) да жоқтатпайтын латеральдар пайда болды.

Луис Диас пен Коди Гакпоның қайсын шығарсаң да командаға пайдасы сіңетін ротация пайда болды.

Арне Слоттың тұсында әлі "бағы" ашылмаған бір футболшы болса, ол – Дарвин Нуньес. Бірақ ол да көп матчты голсыз аяқтағанмен, допсыз да ықпалды форвардқа айналды.

"Ливерпуль" Клопп кезіндегі менталитетін сақтап қалғанымен, тактикалық тұрғыда ішінара реформа енгізіп бастады. Бұрынғыдай гегенпрессинг көзден бұлбұл ұшып бара жатыр. Қарсыласты толассыз прессингпен жөргегінде өлтіру жоқтың қасы, есесіне допты ортадан тартып алып, бос кеңістікті мейлінше пайдалану үрдісі пайда болды.

Тренттің өзі қорғаныста жинақы ойнайтын болды. Салах қайта "Алтын доп" үшін таласатындай бабына келді. Конате мен Ван Дейк тандемінен қайсы үздік екенін ажырату қиын жағдайға жеттік.

Доминик Собаслаи – Кертис Джонс арасында тамаша бәсеке пайда болды. Стартта қайсы шықса да картинаны бұзбай ойнайтын деңгейге жетті.

Арне Слотт көп энергия жұмсайтын емес, ақыл-айлаға салатын жүріске көшті. Идеясына сендіре алды, ойыншыларды да соған көндіре алды. Юрген Клопптан қалған команданы айтқанымен жүргізе алу – ерлік.

Слотты әзірге жүрісі алдаған жоқ, демек футболшылар да оның идеясынан бұлтартпайды. Жеңістер сериясы Арне Слоттың абыройын нығайтып, команданың сеніміне кіріп үлгерді (Федерико Кьезадан басқа трансфері болмаған бапкер үшін зор жетістік).

Алиссон, Жота, Кьеза сияқты футболшылар жарақатынан айықса, ротация бұдан да күшейетін түрі бар.

Нидерланды маманы ЛЧ мәселесін шешіп алды, енді бар күшін АПЛ-ға жұмсап, Boxing day бұғауынан аман шығу үшін әрекет етеді. Егер, "Ливерпуль" 1 желтоқсанда өтетін матчта үстем түсетін болса, "Сити" командасынан 11 ұпай алға озып, Пеп гегемониясына тоқтау салатын басымдыққа жетеді.

https://t.me/togyzdyq


Video is unavailable for watching
Show in Telegram




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
1 таймнан кейінгі Яго Аспас және Жерар Мартин 😂😂😂

Өзіме қатты өтті, кеш шығарып отырғаныма айып етпеңіздер 😅


"Сити" дағдарысы: 5 матчқа бес бидайым

Кевин де Брюйне әлі бабында емес. Былтыр АПЛ үздігі болған Фил Фоден әлі ұйқылы-ояу. Кайл Уокер шау тартты, бұрынғыдай жарақаттан кейін тез қалпына келуі қиын.

Родри – Пеп командасының қазығы (системообразующий игрок). Родрисіз "Сити" – бір кездері Бускетсі жоқ "Барса" сияқты. Ортада баланс бұзылды. Қазір "Сити" контршабуылдан гол жіберуден алдына жан салмай келеді. Илкай Гюндоган Родридің рөлін алып кете алмай жатыр – допсыз жүрсе осалдау, аяғына доп тисе ғана бірдеңе ойлап табады.

Рубен Диаш жарақат алған соң қорғаныста баланс бұзылды. Жалпы, былтыр "Сити" қорғанысындағы төрттік – Диаш, Уокер, Гвардиол, Аке кемі 30 матчтан өткізген еді. Биыл бұл төрттіктің басы жиі қосылмай келеді. Оған қоса қорғаныстағы төрттік бірдей бабында емес.

Былтыр АПЛ аясында "Сити" сапында 12 турда 9 футболшы гол салған. Биыл осы аралықта бар болғаны 6 ғана ойыншы көзге түсіпті. Оған қоса, биыл Эрлинг Холанн мүмкіндігінің жартысын далаға теуіп жатыр.

Былтыр Хулиан Альварес джокер ретінде 2-таймда жақсы нәтиже берген, биыл ондай ойыншы жоқтың қасы. Қазір "Сити" скамейкасы соншалықты бай емес. Джек Грилиш "таусылды", Джереми Доку ойынында былтырғыдай драйв жоқ. Жаңадан келген Савиньо әлі адаптациядан өтіп болмады (опкаткадан шықпады).

Былтыр орталық жартылай қорғаушылардың арасында Фил Фоден, Родри, Бернарду Силва өндіріп гол салса, биыл Матео Ковачичтен басқасы үнсіз (оның өзі жарақат алды).

КДБ биыл "Сити" сапында соңғы маусымын өткізіп жатыр. Енді бұрынғыдай әр матч сайын пас үлестіретін, өндіріп гол салатын Кевинді көрмейсіз. Өйткені, бәрі сарқылады. Ақылы алға тартқанымен, физикасы көнбейді. Илкай Гюндоган да осы маусымды аяқтап, Пептің бапкерлік штабына кіруі әбден мүмкін.

Кайл Уокердің орнына да лайықты ізбасар керек. Рико Льюис лайықты кандидат дей алмаймын. Әлемдегі ең мықты вингерлердің дені сол қапталда ойнайтынын ескерсек, "Сити" Педро Порро сияқты бір латеральды сатып алуға тиіс (негізі ол "Сити" сапында жаттығып, осы командаға қосылмақ болған).

"Сити" командасына да Кай Хаверц сияқты ақылды форвард керек. Холанн сөзсіз голеодор, бірақ басқаларға да бос кеңістік жасап, пас алмасуға келгенде де шебер ойнайтын бір футболшы керек. Альтернатива – ротация қашан да маңызды. Қазір Холаннды алмастыратын, немесе жанына жегетін есі дұрыс форвард та жоқ.

"Сити" клубының бес матч қатарынан жеңілгені – шынымен кризис. Бірақ осы апақ-сапақта клуб Гвардиолаға сенім артып, келісімшартын созып жатыр. Демек, осы маусымды аман-есен өткізіп, келер жылы бум транферлер жасалады. Биыл "Ливерпуль" чемпион деп ойлаймын, егер 1 желтоқсанда өтетін матчта 3 ұпай еншілесе...


Черчесов Магомед Адиевтің артынан қалмайтын болған ба? 😊 Қазақстан құрамасының бапкерінің грозныйлық клубпен бір әңгімесі болған секілді https://aladop.kz/post/stanislav-cherchesov-akhmatka-baruy-mumkin-48644/


Адамдар шынымен бұл мен дегенге сенбей жатыр. Қазір бір сілтеме салып, бәріңді сендіремін!




Жоқ, сенбесеңдер фотомды жіберейін.


Өз аккаунтымнан жазайын, шынымен, мен ғой! Нанұрсын.


Қайырлы таң қазақ елі! Бұл мен ғой, Ермаш.


Родрисіз “Сити” бес матч қатарынан жеңілді


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Пусть говорят: “Он жил во времена Ахиллеса”. Пусть говорят: “Он жил во времена Гектора”.

Біз Роджер Федерер мен Рафаэль Надальдың дәуірінде өмір сүрген бақытты жандармыз.

Ешқашан ұрда-жық спорттың фанаты да, насихатшысы да болған емеспін. Маған теннис ұнайды. Теннис мені Роджер Федерер мен Рафаэль Надальдың ойынымен баурап алды. Қос алып. Енді екеуі де карьерасын тәмамдады. Осыдан бірер күн бұрын Рафа да ракеткасын шегеге ілді. Тағы бір ғаламат дәуір аяқталды, тағы бір дегдар ойыншы зейнетке шықты.

Рафа Надаль ғаламат теннисші болды. Кортта да, корттан тыс та бір АДАМ болды. Публикаға ойнаған жоқ, бірақ публика бәрібір оның жағында болды. Қарапайым Надаль болғаны үшін. Өзін де, жанкүйерін де алдамағаны үшін.

Эстет теннисші болды. Ешқашан ракеткасын жерге ұрып, миллиондар тамашалап отырған кортта ерсі қылық көрсеткен емес. Қарсыласы әлемнің 200-ші ракеткасы болса да баспасөз алдында өзін кәміл фаворит санамайтын. Өйткені ол бәрін құрметтейтін, бәріне бірдей тыңғылықты дайындықпен шығатын.

Таланты мен тәжірибесі өзінен едәуір кемшін спортшыларды кортта мазақ қылған кезі жоқ. Әйтпесе, арсеналында қаншама айла-тәсіл болды.
Рафа 24 жасында төрт құбыласы тең теннисшіге айналып, Grand Slam (басты төрт трофей) біткеннің бәрін түгендеді. Бірақ даму даңғылынан шыққан жоқ. Керісінше, трофейінің көбін 24 жасқа толған соң жеңді.

Надаль кез келген матчта жанын салып ойнады. 20 жыл ішінде енжар болған, кортқа шықпай жатып жеңілген кезі жоқ. Әр доп үшін таласты, әр метр үшін жанын берді. Грунт гиганты – королі болды (Рафа өлгенде оны арулап «Филипп-Шатрие» жанына жерлеп, адамдар топырақ орнына грунт салатын шығар).

Рафа ауыр жарақат алса да кортқа қайта оралып, тіпті үйіне трофейін құшақтап қайтатын. Ол барлық жарысты жеңсе де, кез келген финалдан соң көз жасына ерік беріп, балаша жылап қалатын. Өйткені әр гейм үшін, әр сет үшін ақырғы күшін жұмсайтын (дәл солай мыңнан астам матч өткізді). Оның көзінен жігерсіз адамның сорасы емес, тек жанкешті спортшыға тән еңбектің көз жасы парлайтын.

Әрбір ойыннан кейін матчқа қызмет еткен барлық персоналдың қолын алып, алғысын айтатын. Реферимен санасқан жоқ, қарсыласымен сөз таласқан жоқ. Өзі – ракеткасы – темірдей мінезі. Қай жағынан да үлгі болды.

Надаль өте дәулетті адам болды. Бірақ көпке байлығын емес, үнемі корттағы жанкештілігін насихаттады. Біздің есімізде де талантты, өзіне келгенде талапшыл, ішкі мәдениеті бай, діттеген мақсатына жету үшін ақтық демі қалғанша күресетін Надаль қалды.

BIG теннисші һәм BIG адам. Сол үшін қимастық та бар. Өйткені Рафаның ойынын тамашалағанда оған тән биіктікті өз бойымыздан да көргіміз келді. Тас жаратын таланты үшін емес, ағыл-тегіл адамгершілігі үшін жақсы көрдік.


Рафа Надаль – ракеткасын ешқашан жерге ұрмаған дүр спортшы


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Ал, достар! Ұлттар лигасы артта қалды.

Енді не істейміз? Черчесов бізге керек пе?

ҚФФ президенті болып кім сайланады?

Неге бір де бір гол соқпадық?

Жауаптары осы жерде 👇

https://youtu.be/Evispw3ah4E?feature=shared

https://youtu.be/Evispw3ah4E?feature=shared

https://youtu.be/Evispw3ah4E?feature=shared

20 last posts shown.