Спорт жаңалықтары | Руслан Бақытжан


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Қазақ спортының жаңалықтары
Реклама: @alimjanasqar

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


Анита Адишева жеңіліп қалды

🇰🇿 Отандасымыз Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ӘЧ 1/16 финалында (52 кг) мексикалық Жасмин Эсмиральдо Патиньо Хуареске есе жіберді.

✅ Сондай-ақ бүгін шығуы керек болған Жайна Шекербекова қарсыласының бас тартуына байланысты бірден 1/8 финалға жолдама алған еді.

@sportqazaq


Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ереванға жетті

🇰🇿 Біздің жігіттер 12 наурыз күні Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясында Армениямен күш сынасады.

🇪🇺 Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу үшін тек жеңіс керек. Әйтпесе, қосымша матчтар өткіземіз.

@sportqazaq




Боксшылар Черногориядағы турнирде 27 медальге ие болды

🥊 Будва қаласында бокстан жастар арасындағы «Адрия інжуі» турнирі аяқталды.

🔥 Доданың үздік боксшысы Нығман Нығмет атанды. Жүлдегерлер:

Ерлер:
🥇57 кг. Нығман Нығмет
🥇75 кг. Жасұлан Бердалы
🥈54 кг. Алдияр Баһадүр
🥈75 кг. Игорь Соловьев
🥈92 кг. Санжар Сейіткамит
🥈92+ кг. Бексұлтан Қайратұлы
🥉48 кг. Нұрхан Құмарбеков
🥉48 кг. Бексұлтан Қожамжар
🥉51 кг. Айдос Үсенов
🥉54 кг. Әли Мұрат
🥉57 кг. Бауыржан Мұратов
🥉60 кг. Ердәулет Саит
🥉63.5 кг. Әлихан Әскер
🥉63.5 кг. Мұхит Нұрқабылұлы
🥉67 кг. Сұлтан Тұрдалы
🥉71 кг. Бекарыс Нұрмұхан
🥉71 кг. Бейбарыс Әшірбай.

Қыздар:
🥇57 кг. Регина Тибенява
🥇66 кг. Ақбота Есімбекова
🥈52 кг. Рахмина Абдумежитова
🥈57 кг. Ақнұр Тұрсынғали
🥈63 кг. Алина Құдайгенова
🥈66 кг. Айсұлу Мұхит
🥈70 кг. Мария Сидоренко
🥈75 кг. Зарина Толыбай
🥈81+ кг. Сабина Жақсылық
🥉60 кг. Толғанай Қасымхан.

@sportqazaq


Metaratings Top Awards. Дауыс берудің соңғы күні

🎙 «Үздік комментатор» жүлдесіне үміткерлер қатарында Fonteam резиденттері Әлімжан Асқар, Олжас Байбосын және Ерсін Ерік бар.

🔥 Ал былтыр комментаторлар арасында үздік болған Ермұхамед Мәулен биыл «Үздік бренд-амбассадор» атануы мүмкін.

❤️ Сонымен қатар FONBET-тегі достарымыз бір емес, бірнеше беттинг номинацияға ұсынылды.

🟪 Ресми сайтқа кіріп, дауыс беріңіздер: metatopawards.kz ⬅️


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ғалымжан Кенжебек алғашқы голынан кейін сұхбат берді 😍

🇰🇿 Отандасымыз «Кошице» сапындағы төрт ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

@sportqazaq


Жайна Шекербекова келесі кезеңге шықты

🇰🇿 Отандасымыздың (54 кг) қарсыласы Джускарли Патрисия Бессера жекпе-жекке қатысудан бас тарыпты.

✅ Осыған байланысты Жайна Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

@sportqazaq


Әлем чемпионаты сәтті басталды

✅ Алуа Балқыбекова
(50 кг) 1/16 финалда кениялық Вероника Нзиваны 5:0 есебімен жеңді.

Елдана Тәліпова (81+ кг) 1/8 финалда өзбекстандық Олтиной Сотимбаеваны 4:1 есебімен тізе бүктірді.

🥊 Ал бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады:

18:00+ 🇰🇿 Жайна Шекербекова – Джускарли Патрисия Бессера 🇻🇪

22:00+ 🇰🇿 Анита Адишева – Жасмин Эсмиральдо Патиньо 🇲🇽

@sportqazaq


Елена Рыбакина АҚШ-тағы доданың 1/8 финалына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисші (7) BNP Paribas Open WTA 1000 турнирінің 1/16 финалында британиялық Кэти Бултерді (38) 2:0 (6:0, 7:5) есебімен жеңді.

🆚 Келесі қарсыласы ресейлік Мирра Андреева (11) болады.

@sportqazaq


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ғалымжан Кенжебек «Кошицедегі» алғашқы голын соқты

🇰🇿 Отандасымыз Словакия лигасындағы «Слованға» қарсы матчта көзге түсті.

❌ Бірақ командасы 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

⚽️ «Слованнан» «Қайсар» мен «Астананың» экс-ойыншысы Тигран Барсегян дубль жасады.

@sportqazaq


😍 ҚПЛ-2025 2-туры аяқталды

🐴 Оқжетпес 2:1 Атырау 💚
💛 Жеңіс 0:0 Тобыл 💚
💙 Жетісу 0:0 Ұлытау 🇰🇿
🏆 Қайрат 4:0 Ордабасы 💙
❤️ Ақтөбе 2:1 Тұран 💙
💚 Елімай 2:0 Қайсар 🐺
🦅 Қызылжар 0:2 Астана 🏆

@sportqazaq


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ман Юнайтед» – «Арсенал» матчына болжам

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ерсін Ерік АПЛ 28-туры аясындағы ойында «қызыл сойқандар» жеңіске жететініне сенімді, ал Олжас Байбосын «зеңбірекшілерге» сеніп отыр. Сіз қалай ойлайсыз?

❤️ Жаңа клиенттерге 200 000 ₸ дейінгі сыйлық беріледі


Стас Покатилов бірінші рет жеңілді

🇦🇿 «Сабах» Әзербайжан Премьер-лигасының 26-турында «Шамахыға» 0:1 есебімен есе жіберді.

🇰🇿 Осыған дейін «үкілер» отандасымыз алаңға шыққан алты ойында да жеңілмеген еді.

🇦🇿 «Сабах» 26 турдан кейін 34 ұпай жинап, 5-орында келеді.

@sportqazaq


Зейнолла Ыдырыс қола жүлдегер атанды

🇰🇿 Отандасымыз Бакуда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде ат снарядындағы жаттығу бойынша үздік үштікті түйіндеді.

🥇🇺🇸 Брэндон Дэнг – 14,633
🥈🇺🇸 Патриком Хупсом – 14,533
🥉🇰🇿 Зейнолла Ыдырыс – 14,400.

🔥 Осыған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдегер атанған еді.

@sportqazaq


😍 ҚПЛ 2-турының екінші күні

Бірінші күн былай аяқталған еді
:

🐴 Оқжетпес 2:1 Атырау 💚
💛 Жеңіс 0:0 Тобыл 💚
💙 Жетісу 0:0 Ұлытау 🇰🇿
🏆 Қайрат 4:0 Ордабасы 💙

Бүгінге болжамдарыңыз қандай?

@sportqazaq


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Жартылай ауыр салмақта жаңа чемпион!

🥊 UFC 313 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Магомед Анкалаев бразилиялық Алекс Перейраны төрешілердің шешімімен (48:47, 48:47, 49:46) жеңді.

@sportqazaq


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Бұл жолы да Джастин Гейджи жеңіске жетті

🥊 UFC 313 турнирінде америкалық файтер әзербайжандық Рафаэль Физиевтен төрешілердің шешімі бойынша басым түсті.

🔥 Осыған дейін екеуі 2023 жылы күш сынасып, ол кезде де Гейджидің мерейі үстем болған еді.

@sportqazaq


«Қайрат» «Ордабасыны» қарсылас құрлы көрмеді

🏆Алматылықтар ҚПЛ-2025 2-турында шымкенттіктерді 4:0 есебімен жеңді.

⚽️ Жеңімпаз сапынан Гиорги Зариа дубль жасап, Жоао Пауло мен Юг Станоев бір-бір голдан соқты.

Бірінші күн нәтижесі:

🐴 Оқжетпес 2:1 Атырау 💚
💛 Жеңіс 0:0 Тобыл 💚
💙 Жетісу 0:0 Ұлытау 🇰🇿
🏆 Қайрат 4:0 Ордабасы 💙

@sportqazaq


Тағы бір күміс

🤸Спорттық гимнастикадан Бакуда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Дмитрий Патанин қоссырықтағы жарыс бойынша күміс жүлдеге ие болды.

🥇🇯🇵 Казуки Мацуми – 14,200
🥈🇰🇿 Дмитрий Патанин – 13,400
🥉🇭🇷 Петар Вефич – 13,033.

@sportqazaq


Милад Карими күміс жүлдегер атанды

🇰🇿 Отандасымыз Бакуда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығу бойынша екінші орынға тұрақтады.

🥇🇧🇾 Егор Шарамков – 14,600
🥈🇰🇿 Милад Карими – 14,300
🥉🇺🇦 Назар Черепный – 13,633.

@sportqazaq

20 last posts shown.