Жаңалықтар - Stan.kz


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
‼ Алматыда әйел айналмалы дөңгелектен құлап, қаза тапты

Оқиға Горький саябағында шамамен 16:00-де орын алған. Әйел жедел жәрдем келгенше қаза болған.

ВИДЕО: Almaty news

t.me/stankznews


❓ Қазақтың ұмытылып кеткен салт-дәстүрлерін білесіз бе

Этнограф Бұлбұл Кәпқызының сөзінше, қазақтарда көтендестіру, балдыз қалың, біз шаншыр секілді ұмыт болған дәстүрлер өте көп. Осы тұста Stan.kz тілшісі ұмытылып бара жатқан дәстүрлерге шолу жасап, олардың маңыздылығын этнограф маманнан сұрап білді.

Көтендестіру дәстүрі. Аты ерсі болса да қазақтың мұндай салт-дәстүрлерінің астары ерекше болған. Көтендестіру дәстүрінде егер екі әйел бір мезгілде босанған болса олар балалары қырқынан шыққанша бір-бірімен мүлде көріспейді. Бұл балаларды түрлі жұқпалы аурулардан қорғау үшін жасалған. Қырқынан шыққаннан кейін ғана екі әйелді арнайы қонақ етіп шақырып, кереге жақта бір-біріне қарама-қарсы арқаларын түйістіріп отырғызған.

Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз!

❓💬 Ал сіз тағы қандай ұмытылып кеткен салт-дәстүрлерді білесіз

t.me/stankznews


RAMS Qazaqstan компаниясы Алматыда алғаш рет жылжымайтын мүлік саласында халықаралық форум өткізді

RAMS Qazaqstan компаниясы 21 маусымда Алматыда Rams PARTNERS REAL ESTATE Summit халықаралық форумын өткізді. Құрылыс компаниясы ұйымдастырған жылжымайтын мүлік саласындағы маңызды шараға нарықтағы көшбасшылар бас қосып, тәжірибелерін бөлісті.

Ауқымды шараға кәсіпкерлер мен түрлі саладағы мамандар да қатысты. Олар бизнес бағытында түрлі кеңестер тыңдады.

RAMS Qazaqstan компаниясы мұндай пайдалы әрі ауқымды форумды енді жыл сайын өткізетінін мәлімдеді.

Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз!

t.me/stankznews


Алматы әуежайының жаңа терминалында терезе шытынап кеткен

Алматы әуежайының хабарлауынша, жаңадан салынған ғимараттарда жарықшақтың пайда болуы қалыпты нәрсе. Жарықтар пайда болса да, бұл шыны құлап кетпейді дейді.

“Әйнек қасбетіндегі мұндай жарықтар әдетте жаңадан салынған ғимараттарда пайда болады. Осыған байланысты болат конструкциялары бар ғимараттың бұл түрі үшін мықты шыны таңдалады. Бұл өте берік, мықты шыны, қос ламинатталған, өлшемі – 2x2,5 м және қалыңдығы – 41,5 мм. Ол берік шыны блок, сондықтан ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Шыны бөлік жақын арада ауыстырылады”, – делінген хабарламада.


Айта кетейік, жаңа терминал 13 маусымнан бастап іске қосылған еді. Оның ашылуына Тоқаев қатысқан.

Дереккөз: Kozachkov

t.me/stankznews


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
"Алло, рұқсат па": Ауыл шаруашылығы министрі жөнсіз айтылған сөзі үшін сын естіді

Айдарбек Сапаровқа журналистер "киіктен келген шығынды есептеп бітпей жатқанда шегірткеден келетін шығынды қалай есептейсіздер?" деген сауал қойды.

Министр, киік пен шегірткені салыстыруға келмейтінін, екеуі екі басқа екенін жеткізді. Сөзінше, шегірткеден әлі шығын келген жоқ. Осылайша министр сөзін жалғап келе жатып, "Алло... рұқсат па" деген сөзді айтып қалды.

Осы кезде журналистің бірі "неліктен өзіңізді бұлай ұстап тұрсыз?" деп ескерту жасады. Министр өз адамдарына айтып жатқанын жеткізіп, кешірім сұрады.

t.me/stankznews


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Дінтанушы хиджаб киетін медицина студенттеріне шағымданды

Елнар Берікбаевтың айтуынша, олар ер науқастарды емдеуден және медициналық қалпақ киюден бас тартады. Дінтанушы әсіресе адам тағдыры қыл үстінде тұрған кезде мұндай мінез-құлықты дұрыс деп санамайтынын жеткізді. Адам өмірін сақтап қалу олардың адамдық және мұсылмандық парызы.

"Мемлекет тарапынан қандай да бір кемсітушілік емес, діндарлардың өздері тарапынан бас тарту бар. Бұл дұрыс па? Менің ойымша, теологиялық тұрғыдан алғанда, әрбір дінде ең маңыздысы – адам өмірі. Адамның өмірін сақтау. 5:32 деген аят бар. Онда "Бір адамды құтқарғандар бүкіл адамзатты құтқарғандармен тең" деп жазылған", - деді ол.


❓💬 Ал сіз бұл пікірмен келісесіз бе

t.me/stankznews

886 0 2 22 23

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇷 Оңтүстік Кореядағы литий аккумулятор зауытында ірі өрт болып, 20 адамның денесі табылды

Тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Болжам бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі Қытайдан келген жұмысшылар.

Өрт бес сағаттан соң сөндірілді. Зауытта 35 мыңға дейін аккумулятор болуы мүмкін.

Сеул билігі (45 шақырым жерде) қоршаған ортаға келтірілген залалды қалай азайтуға болатынын талқылап жатыр.

t.me/stankznews


Грек ақпарат құралдары Қазақстан азаматтарын пәкістандықтармен шатастырып алған

21 маусымда яхтаны Пәкістан азаматтары жалға алған. Сол күні кешке 13 турист Грекияның Гидра аралында жалдамалы яхтада отшашу ұйымдастырған. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған.

Демалушылар өртті сөндіруге әрекеттенгенімен, еш нәтиже болмаған соң қашып кеткен. Грекияның News Break басылымы яхтаны Қазақстан азаматтары емес, Пәкістан азаматтары жалға алғанын жазды.

Бұған дейін, СІМ өкілі Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген еді.

t.me/stankznews


1991 жылдан бері тарихи отанына оралған қазақтардың басым көпшілігі Қытайдан келген

2024 жылдың басынан 1 маусымға дейін 7 353 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 135,7 мың этникалық қазақ оралған.

Атамекеніне оралған қандастардың жартысы (49,4%) Қытайдан, 6,3% Түрікменстаннан, 5,4% Моңғолиядан, 34,4% Өзбекстаннан, 3,2% Ресейден және 1,3% басқа елдерден көшіп келген.

Этникалық қазақтар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанған.

t.me/stankznews


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
❓ Астанада өртенген тұрғын үйді кім қалыпқа келтіреді

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккен Rixos Khan Shatyr Residences элиталық тұрғын үй кешені мемлекет пен салық төлеушілердің ақшасына қалпына келтіріледі. Алайда тұрғындар бұған қарсы. Тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің қымбат тұратынын ескеру қажет.

Осыған байланысты әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын болды.

“Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты әрі қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді”, – делінген хабарламада.


Бұған дейін, 22 маусымда елордада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңындағы тұрғын үй өртеніп кеткен еді.

t.me/stankznews


"Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында қазақстандықтар жоқ"

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, мұны Грекия министрлігі растаған.

"Қазақстандық консул ақпарат жарияланғаннан кейін бірден осы оқиға бойынша грек билігімен байланысқа шықты. Грек полицейлері ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін және оларға қандай да бір шағым түпегенін хабарлады", – деді СІМ өкілі.


Бұған дейін, Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.

t.me/stankznews


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Бес жыл бұрын 62 миллион теңгені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

42 жастағы қылмыскер 2019 жылдың сәуірінде фармацевтикалық компанияға ұрлыққа түсіп, атыс қаруымен қорқытып, 62 миллион теңгені иемденген. Қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген ол Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында ұсталды.

Қылмыскер қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

t.me/stankznews


Отарда әскерде жүрген 19 жастағы сарбаз комадан шықты

Сарбаздың әкесі Тимур Жаналин қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысын айтты.

“Ұлымыз комадан шықты! Қазір дәрігерлердің айтуынша, ол саңырау күйде. Бұрын жүргізілген трахеостомияға байланысты ол әлі сөйлей алмай жатыр, бірақ бізді таныды. Жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында оны уақытша эвтанизациялау керек, ол өзіне зиян келтірмеуі және жабдыққа зақым келтірмеуі үшін дәрі-дәрмекпен седация жасалуы тиіс. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Оларға айтар алғысым шексіз”, — деді Тимур Жаналин.


t.me/stankznews


Демалыс күндері елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды:

📌Астанада күтуші баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды

📌Ал Украинада "Бәсе" арнасының авторы Айдос Садыққа жасалған қастандыққа қатысты күдіктілердің бірі ұсталды

📌Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шықты

📌Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді

📌Италияда қазақстандық вандализм үшін ұсталды: Ол өз есімін ежелгі тарихи қабырғаға жазған

📌Дағыстанның екі қаласында теракт болып, ондаған адам көз жұмды (видео)

t.me/stankznews


Дағыстанда лаңкестер синагога мен шіркеуде атыс шығарып, салдарынан 15 полицей мен бірнеше бейбіт тұрғын көз жұмды

Дербентте белгісіз біреулер діни нысандарға шабуыл жасаған. Кейін Махачкала қаласында да лаңкестер синагоганы өртеп, полициямен атысқан.

Кейін Ресейдің Ұлттық антитеррористік комитеті Дербент пен Махачкалада екі шіркеуге, синагога мен жол-патрульдік қызметінің бекетіне шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес атыстан 15 полицей мен бірнеше бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 34 адам жарақат алған.

t.me/stankznews


Меккедегі қажылық: Не себепті биыл қажылыққа барған адамдардың өлімі көбейді?

Биыл Меккедегі қажылық кезінде 922 адам қаза тапты. Нақты тіркелмеген де өлімдер болуы мүмкін. Осы тұста мамандар биылғы қажылықта өлімнің не себептен көбейгенін анықтап көрді.

Аптап ыстық : Меккеде  қажылық кезінде цельсий бағаны 51 градустан асқан.

Түнде температура кейде 40 градустан төмен түскен. Осы орайда көптеген қажылар, әсіресе қарттар немесе науқастар, көлеңкесі жоқ ашық жерлерде аптап ыстық атсында көп жүріп, қиындықтарға тап болған. 

Халық көп, санитарлық норма жоқ
Биылғы жылы көптеген қажылар халықтың көптігі мен санитарлық мәселелерге шағымданған.

Құжатсыз, заңсыз келген қажылар
Тиісті визасыз қажылыққа қатысу өте қауіпті. Ресми құжаттары жоқ қажылар билікпен байланыста болудан қашып жүреді.

Көптеген қарттар, әлсіздер немесе науқас адамдар өмірінің соңында қажылық жасайды. Сол себепті осы қасиетті сапар кезінде өлуді де армандайтындар бар.

Толығырақ сайтымыздан оқыңыздар!

t.me/stankznews


ШҚО-да ер адам Tik Tok-қа салған видеосы үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

Деректерге сай Өскемен қаласындағы Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында сотталушы жол ережесін бұзған. Кейін өзін тоқтатқан полиция қызметкерін қарсы сөздер айтып, оны видеоға түсіре бастаған.

Ол полиция қызметкерін қорлаған бейнежазбаны Tik Tok желісіне таратып, біраз қаралым жинаған. Алайда кейін сотқа келерде тұрғын салған видеосын өз еркімен өшіріп тастаған.

"Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігінде мұндай заң бұзушылыққа айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалады. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар шын жүректен өкіну және кінәсін мойындау. Сот 80 сағатқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады",-деп хабарлады Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.


t.me/stankznews


Астана әкімі өрттен зардап шеккен элиталы тұрғын үйдің қазіргі жағдайын көрсетіп фотосуреттермен бөлісті

22 маусымдағы өрттен зардап шеккен "Rixos Khan Shatyr Residences" ғимаратының суреттерін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жариялады.

Фотосуреттерде тұрғын үй кешенінің қаптамасы қатты зардап шеккенін көруге болады. Өзге де суреттерден пәтерлердің қандай жағдайда екені көсетілген.


"Қазір сарапшылар техникалық қорытынды береді, содан кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаламыздың Төтенше жағдайлар департаменті анықтайды", - деп түсіндірді елорда басшысы.


t.me/stankznews


Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің ұлттық мәдениетіне қайшы шетелдік киімдерге тыйым салу туралы заңға қол қойды.


"Киімдегі бөтен мәдениетке еліктеу, яғни" сатр "және" хиджаб " деп аталатын басқа біреудің киімін кию біздің қоғам үшін тағы бір өзекті мәселе. Этикет пен киім үлгілерін бақылаудан шығару — бұл ойдың тәуелсіздігіне, ұлттың ұлттық және мәдени ерекшелігіне нұқсан келтіріп, мәдениетімізді ысырып тастайды", - деді Рахмон.


Президент тәжік халқы ұлттық құндылықтарды қорғау және сақтау үшін діни киімнің енуінен аулақ болу керек екенін атап өтті.

t.me/stankznews


Басшылық көп, жалақы аз: Air Astana бортсеріктері жұмыс жағдайларын айтып шағымданды

Қызметкерлердің айтуынша олар осыған дейін өз уәждерін ашығынан айта алмаған. Себебі компания наразылыққа шығуға шек қойған. Сол себепті олар eotinish порталына жариялауға мәжбүр болған.

Дегенмен қазір Air Astana-да шағым авторларын табу мақсатында іздеу басталған. Олар жұмыстан шығарыламыз ба деп алаңдап отырғанын жеткізді.

"Бізге ереуілге шығуға заңмен тыйым салынғандықтан өз мәселелерміз жайлы басқаша айта алмаймыз. Қатардағы бортсеріктің еңбекақысы 240 мыңнан 320 мың теңгеге дейін құрайды", - делінген хабарламада.


Қыметкерлер сонымен қатар зейнетке шығу жасына да көңілдерінің толмайтынын жеткізді.

Қызметкерлер басшылық тарап пен кадр саясатын да сынға алды.

"Бізде вице-президенттер, менеджерлер тым көп. Шетелдік басшылық бар, олардың жалақысы қазақстандағыдай емес. Қазір компанияның штаты 5000-нан асады. Ал борт қызмекерлері небәрі 25. Бұл 1 ұшаққа 200 адамды құрайды. Компания өзін ең жақсы жұмыс беруші деп қарастырғанымен, қызметкерлер мүлде басқа пікірде”, – деп қосты олар.


Толығырақ сайтымыздан оқыңыздар!

t.me/stankznews

20 last posts shown.