❌ФЕЙК: Маңғыстауда 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернет ажыратылады
Соңғы күндері әлеуметтік желіде 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернет толықтай ажыратылатындығы, сол себепті қолма-қол ақша алуға кеңес берген аудиожазба тарады. Хабарламада дүкен иелері интернет арқылы жұмыс істейтін кассалық аппараттар орнына қол есептегіш құрылғысын алғаны жөн делінген, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
✅Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
-Аудиожазбада таралған ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды. Бұл ақпартты облысымыздағы интернет желілерін қамтамасыз ететін операторлар да растап отыр. Сол себепті өңір тұрғындарынан жалған ақпаратқа емес, ресми тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймын, - деді Айдын Хадиев.