svnzhvr’s diary


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


не люблю фальшивых

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Психология, кітаптар, фильмдер, музыка, альтернативті әлем, дін, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, социализм мен капитализм, инфляция мен облигация, феминизм мен мускулизм әңгіме айтайық 😁

Әсіресе маған тарих пен география қатты ұнайды. Елдер қалай құрылды, не үшін кейбір елдерде парламент, кейбір елдерде монархия, не себепті кейбір елдердің шекаралары үлкен де, кейбір елдерде мүлде шекара жоқ, Сан-Марино неге сондай кішкентай ел сынды ойлар көп қозғайды 🥸

Неге кезінде дүниежүзі тарихы мен географияны таңдамадым екен!


Қасыңдағы адамдар саған әсер етеді.

Иә, банально естілуім мүмкін, бірақ қасыңдағы сенің ортаң сенің жүріс-тұрысыңа, ойларыңа, менталды денсаулығыңа әсер етеді. Тағы да банально мысал келтірейін: "Егер 3 миллионермен жүрсең, төртінші миллионер сен боласың. Ал егер 3 ақымақпен жүрсең, төртінші ақымақ сен боласың".

Ортаны дұрыс таңдау ол маңызды. Өткен шақты емес, осы шақты емес, міндетті түрде болашақты ойлайтын болсаң ортаңды дұрыс адамдармен қорша. Алдына мақсат қоя білген, үздіксіз дамып отыратын, жиналған кезде басқа ортаны емес, психология, болашақ, кітап сынды түрлі нәрселерді ойлайтын адамдармен араласқан дұрыс.

Басқа адамдар жайлы айту ол, әрине, нәпсіге жағады. Бірақ болашаққа оның қандай пайдасы бар?! Алдына мақсат қойған адамның өзге түгіл өзі туралы айтуға да уақыты болмай жатады тіпті.


Ninety One-ның ең үздік трегі қандай?


Кеше ала салып едім, бүгін уже тамағым ауырып жатыр 🧐




ҚМДБ қалың мал мен мәһрді біріктіріпті ғо. Ал, қалың малға не сұрайсыңдар?)


Келесі апта қыс басталады. Қайырлы таң ;)


Осы аптаға мақсат:

1. “500 дней лета” фильмін қарау. TikTok пен Twitter-де мемі шыға береді

2. “Отличница легкого поведения” фильмін қарау. Эмма Стоунның “Pocketful of Sunshine”ды айтқан үзіндісі TikTok-тан шығып қалды.

Кім көрді бұл фильмдерді?


Ақкербез бір емес, екі рет өзін дәлелдеп тастады. 🏆




Адам өз басынан өткермейінше және тілін күйдіріп қателіктен сабақ алмайынша, сен қандай кеңес берсең де, саған бәрібір құлақ аспайтынын түсіну


Сосын ше: егер сен сабырмен, жамандамай және ашу-ызасыз, сені таңдамаған адамды жіберсең, біліп жүр: сен ең күшті адамсың ;)


Если человек ваш, судьба позаботится о том, чтобы вы были вместе, даже если общение прекратилось.
Если этого не произойдет, значит, он не ваш. В обеих случаях не стоит ждать и надеется, нужно отпускать все по возможности быстрее и жить дальше.


Егер осылардан құтылғың келсе менің каналыма тіркел деп шайсаң


Кортизол (стресс гормоны) деңгейі жоғары адамның белгілері:

• Тәттіге құмар болу (шоколад, чипстер, сок);
• Тез шаршау және асыра жұмысбастылық;
• Телефонда 24/7 отыру. Тексере беру.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


“Жұмыс-сабақ, жұмыс-сабақ, день сурка” деп жүріп осы базалық нәрселерге уақыт бөлмей жүрмін. Хотя бы кітап оқуға. Қайтадан өзгеру керек 🙌🏻

Работа Дом
Работа Дом
день сурка


Білесің бе, егер сенде гемоглобин төмен болса, спортпен шұғылданбасаң және ұйқы режимі дұрвс болмаса, онда “сен апатияны, күш-қуатты жоғалтуды сезінесің және өмірдің мәні жоқ деп ойлайсың”, бірақ көбі мұны депрессиямен шатастырады ;)


Психологқа бару ❌

Өз жүрегіңді тыңдап, жақын адамдармен жиі уақыт өткізіп, қолда барға АЛҒЫС айтып, шүкіршілік етіп, өзіңді дамытып, айналаңа махаббат сыйлап, өзіңді жақсы көріп, ішкі сезімдеріңмен баланста болып, армандарыңды орындап, өзіңе сенімді болу ✅



20 last posts shown.