Министр мобильді интернетті үнемдеуге шақырды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білдірді.
Ал пайдаланушыларға ескертусіз тарифтерді көтеруге тыйым салу мәселесі бойынша министрлік ешқандай шара қолдана алмайтындарын алға тартты.
t.me/tengri_kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білдірді.
"Сіздердің талап етулеріңіз дұрыс. Біз де үкімет ретінде талаптарды күшейтіп жатырмыз. Қазір біз секундтағы мегабит саны бойынша минималды деңгейді көтеріп жатырмыз. 5G-ге қойылатын талапты 50 мегабитке дейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз, әрі қарай да жалғастырамыз деп ойлаймын. Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін", - деді Мәдиев.
Ал пайдаланушыларға ескертусіз тарифтерді көтеруге тыйым салу мәселесі бойынша министрлік ешқандай шара қолдана алмайтындарын алға тартты.
t.me/tengri_kz