⚡️Қазақстан орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөледіМәжіліс пен сенат «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы» шартты мақұлдады. Шартқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюы ғана қалды.
«Ұйым міндеттерінің бірі орыс тілінде білім беру сапасын қолдау, орыс тілі және әдебиет бағыттары бойынша педагогика және ғылыми кадрларды дайындауға атсалысу, оқулықтар мен оқу нұсқаулықтарына сараптама жүргізу бойынша тәжірибе алмасу, орыс тілін қолдау және танымал етуді көздейтін шығармашылық жобаларға грант байқауларын бекіту», — деп жазылған құжатта.
Ұйымның ең басты мақсаты — орыс тілін қолдап, халықаралық тіл ретінде дамыту.
Қазақстан осы ұйымның жұмысына 2025-2027 жылдары ел бюджетінен 131 млн теңге жұмсайды.
Құжат Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусьте қабылданып, күшіне енген.
Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp