ой мұхиты


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


әркім өз мұхитына өзінше батады.
ұсыныстар
болса @kmenmn

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Наурыз 2025
Осы айдың әні-“Beauty and a Beat” Justin Bieber

Наурыздың басында Ақтауда апталап қар жауып кетті. Қызық жайт, осыдан бір жыл бұрын, Алғыс айту күні мерекесін универде қарсы алған болсақ, бүгінде оны мектепте оқушылармен қарсы алдық. Ниет етіп, ораза ұстап, Рамазан айында аман-есен өткіздік. Отбасымда мерекеде жылы тілектер айтылып, көз жасыма ерік беріпте алғанмын. Жаныма жақын боп кеткен жандармен кездесіп, оларға ерекше сый жасаған болатынмын. (Олар осы жерде, оқып отсаңдар, реакция*)Анамның туған күнінде Ақтауда болмағанмын, солай 8-наурызда ерекше сый жасадым. Ақпан мен наурыз айларында мектепте дипломалды тәжірибеде болып, балдармен бірге демалысқа шықтым. Көріспеген жандармен қауышып, бір қуанып қалдым, әлі кездеспеген адамдарыммен енді жолығамын. Практика бітіп, демалыста диплом жазуға отырдым.
Диплом жазам деп жоғалып кетуім де мүмкін.

Осы айда дипломға қатысты кітаптарды, архивті ғана оқыдым, басқа дым. Жылына бір рет қайталап оқитын Дулат атамның “Гауһартасын” ғана оқыппын.


Наурыз айына қорытынды жазам деп түнде ұйықтап қалыппын.


1. Алғыс айту күні оқушымның құттықтауы.
2. Оқушыларымның постері
3.Универге Амал мерекесіне барған күн.
4. Сүйкімді оқушыларыммен сабақта
5. Теңіз.
6. Терапия.


Сәлем, қалайсыңдар?
не жаңалық? Сабақтарың қалай?


Тарихшылар күні құтты болсын!

271 0 2 16 22

Түн тыныш. Сағат бірден асып барады, бірақ әңгіме әлі тоқтайтын емес.

— Сен сериалдарды қатты ұнататын сияқтысың, иә?
— Дұрыс байқадың. Қай жанр деп ойлайсың?
— Хмм… драма, детектив, триллер, фэнтези?
— Дәл солай.
— Онда былай сұрайын… “Дневники вампира”, “Сверхъестественное”, “Волчонок” ше?
— Әрине. “Бриджертоны”, “Ход королевы” да бар.
— “Энн”, “Королева Шарлотта”?
— Жоқ, бұларды толық көрмедім.
— “ОСД”, “Джинни и Джорджия”, “Ривердейл”, “13 причин почему” ше?
— Иә, бәрін көрдім. Жалпы, мистиканы аса жақсы көрмеймін, бірақ “ОСД” ерекше ұнады, әсіресе сюжеті.
— Келісем. Саундтректері де мықты. Ал “Джинни и Джорджиядағы” күтпеген кездесу есіңде ме?
— Иә! Шынында да тосын жағдай болды. Бірақ маған Джинни ұнамады. Ал анасының рөліндегі Брианна Хоуи тамаша ойнады.
— Реалистерге бұл сериал онша жақпайтыны рас.

Түннің қою қараңғысы сейіліп, таңның алғашқы жарығы көрінсе де, әңгіме толастамады…


-я бы простила ему его гордость не задень он мою.

“гордость и предубеждение”


[сағат 02:00]


-Агата Кристидің романдары ұнай ма?
-Иә, детектив жанры ұнайды, Агата Кристиді бұрыннан оқимын.
-Оның ішіндегі сүйікті романың қайсысы?
-“Убийства в восточном экспрессе” осы ұнады бәрінен.
-Иә, бұл таңдаулы шығармаларының бірі ғой, мен жазда оқығанмын, қылмыскерді таба алмағанмын.
-Ал мен таптым қылмыскерді.
-Оны қоя берші, “Он қара домалағын” оқыдың ба? “Десять негритять”?
-Иә, керемет құрастырылған, маған ұнады.
-Маған да қатты ұнаған, ал мен ол жерде есесіне қылмыскерді дәл тапқанмын.
-Керемет!
-Ремаркты оқисың ба?
-Иә, мектепте жүргенімде “Үш жолдасын” оқығанмын. Ал сен?
-Ремарктың романдары көбіне бақытты боп аяқталмайды, мүмкін сонысымен маған ұнайтын шығар…
-Маған қатты әсер қалдырған: “ Аманат өмір немесе тәңір алдында теңбіз”(Жизнь взаймы)
“Адам қанша қашса да, тағдырдан құтыла алмайды.” екен.


Кітап сөресінен оған әдебиетке қатысты кітапты алып бердім, әрі-бері парақтап бұрын оқығанын айтты, тағы біреуін ұстатып едім, оны да оқыған боп шықты. “Онда өзің оқымаған кітапты тауып оқы!” дедім. Ол сөреден Робинзон Крузоны алып, “Осыны көрейін”-деп орынға жайғасып, аяқтарын айқастырып, күмбірлей оқи бастады. Бұл оның кітап оқығандағы кейпі болатынын. Мен байқамағандай болып, жымиып қойдым.

#өшетінжазба


Көп естіген жерлеріңді бір көргенге не жетсін?


құрмет, сенім, рухани байланыс.


мерекеміз құтты болсын арулар:)


өмір қымбат сәттермен.




осыдан алты жыл бұрын,
[сағат таңғы 7:10]
жылы көрпеден әжемнің оятуымен, бауырларым мен бірге мектепке баруға дайындалатынмын, сыртта атам көлігін қыздырып қоятын, біз де таңғы асымызды ішіп, сыртқа шыға қоятынбыз.
Көлік ішінде, радио тыңдап, атам мектепке апарып тастайтын.
сондай жылы кездер еді…


қалайсыңдар? жағдайларың қалай?
мен оралдым!
не жаңалық?
біраз уақытқа жоғалып кеттім, каналдың статистикасы төмендеп кетіпті.


я сейчас дома, но мне так хочется домой:)


Өз үйім - өлең төсегім.


қуаныш сәттер көп,
ұмытпай, еске сал:)


Бұйырса үйге қайтам:)

20 last posts shown.