Жаңақорған ауданында «Руханият орталығы» ашылды
Аумағы 2500 шаршы метрден асатын еңселі ғимаратта аудандық архив, музей, кітапхана, неке қию залы, сондай-ақ ардагерлер мен жастар орталығы орналасты.
Бұған дейін бұл мекемелер ескі әрі тар нысанда жұмыс істеген. Мәселен аудандық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы ғимараты 1904 жылы салынған.
«Көрме залы мен құнды жәдігерлерді сақтайтын қоймасы, тар болғандықтан, экспонаттарды тиісті талаптарға сай сақтау қиынға соқты», - дейді музей басшылығы.