Қайырлы күн!
Осы аптадағы ҚР ПІБ жүйесіндегі басты оқиғаларға шолу ұсынамыз.
❇️ Парламентаризм институты қалдықтарды қайта өңдеуді жүйелі түрде ынталандыруға бағытталған заң жобасын әзірлеуге қатысты. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — 2030 жылға қарай қайта өңдеу көлемін 40%-ға дейін арттыру. Жоба туралы толық ақпарат.
❇️ ҚР ПІБ МО ауруханасы 2024 жылдың 10 айында көрсетілген медициналық көмек бойынша аралық қорытынды жариялады. МО ауруханасы 25 мыңнан астам пациентке қызмет көрсетіп, 5 700-ден астам операция жасап, 170 мың амбулаторлық қызмет ұсынды. Сонымен қатар, аурухана заманауи технологияларды енгізу және өңірлердегі дәрігерлермен тәжірибе алмасу жұмыстарын жалғастырды. Толығырақ: осында.
❇️ Корпоративтік мәдениет ұйымның мақсаттарына жетудегі стратегиялық құрал ретінде қызметкерлердің өнімділігі мен белсенділігін 20-30%-ға арттырады. МТАЖО вице-президенті Айкен Өтенова мықты корпоративтік мәдениет құрудың негізгі принциптері туралы айтып берді. Толық материал сілтемеде.
❇️ ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері қант диабетімен ауыратын 300-ден астам науқастың аяғын ампутациядан сақтап қалу үшін инновациялық емдеу әдістерін қолданды. Жақында ашылған диабеттік табан орталығының жұмысы мен пациенттерге көрсетілетін толық медициналық көмек туралы МО ауруханасының тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Абылай Сейікалиев айтып берді. Мақала сілтемеде.
❇️ Парламентаризм институты 3400 маслихат депутаты мен аппарат қызметкерлеріне арналған тренингтер сериясын аяқтады. Оқыту заң шығару, халықпен байланыс және жергілікті өзін-өзі басқару әлеуетін нығайту мәселелерін қамтыды. Астанада өткен қорытынды шара туралы толығырақ оқыңыз.
❇️ ҚР ПІБ Президенттік орталығында Астана қаласының №104 мектебінің оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушылар мемлекеттік рәміздер, қазақ халқының дәстүрлері мен тарихы туралы музейлік сабақтарға қатысты. Шараның қалай өткені туралы осында оқи аласыз.