📌Қазiргi заманда барлығымыз үнемi стрессте жүремiз. Əйел де, еркек те, тiптi, ересек адамды қойып, балалардың ɵзi стрессте жүредi.
⠀
Содан бəрiмiздiң жүзiмiз суық, қабағымыз түюлi, артық сɵз айту түгiл, тыңдауға да шамамыз жоқ.Осылай, бiреу "ə десе мə" деп, сiркемiз су кɵтермей жүру бiздiң ɵмiр салтымызға айналып кеткендей⚡️.
⠀
💥Үнемi стрессте жүру неге қауiптi?
⠀
🥀Бас ауруы, асқазан жаралары, жүрек, қан тамырлары ауруына алып келедi.
⠀
🥀 Ұйқының, орталық жүйке жүйесiнiң бұзылуы.
⠀
🥀Репродуктивтi ағза жұмысының бұзылуы, яғни, бедеулiк☝️
⠀
Тiзе берсек, стресс - барлық аурудың бастауы, əсiресе əйел ағзасын күйретушi күш деуге болады. Ал, бiздiң ɵмiрiмiзде стресске түспеу мүмкiн емес❌
⠀
❓Ендi, не iстеу керек?
⠀
🌀Демалу керек. Иə, иə, қарапайым болып естiлсе де, демалуды ең соңғы орынға ысырып қойып жүре беретiнiмiз ɵтiрiк емес.
⠀
🔰Демалыстың 3 түрi бар:
⠀
🔵Тыныштық
Балалардан, күйеуiңiзден, яғни, ешбiр адам, ешқандай дыбыс естiлмейтiн жерде, мүлдем ештеңе ойламай "абсолюттi тыныштықта" тынығу. Аптасына 1 рет осылай тынығып тұру керек.
⠀
🔵Тазалық
Үй жинауға деген кɵзқарасыңызды 180 градусқа ɵзгертiңiз. Үйiңiздi, тұрған жерiңiздi қоқыстан, шаңнан тазарту арқылы тек айналаңызды емес, сондай ақ, менталды тұрғыда ренжіткен адамдарды кешіру және Аллаға тәубе етіп күнәлардан кешірім сұрау арқылы жүрегіңізді де , да ойыңызды, миыңызды, iшкi əлемiңiздi де тазарта аласыз✨
⠀
🔵Дұға-тiлек
Дұға немесе зікір айту арқылы да тынығуға болады .
⠀
Демалысқа қаншалықты кɵңiл бɵлесiздер?
⠀