#Пси
ҰЯТ
Көрінгенді қонаққа жүр деп... үйіне емес, алғаш кездескен үйге түсіретін бір кемпір болатын. Ол үйлердегі келіндері іштен тынады, бірақ қартайған сайын қонағы үдеп кетті.
Кеше ғана, разъезден базарға келген төркіндерінің бірбәлесін сол базар маңындағы үйге жайлап, тіпті сол үйдегі бірдеңені сыйлап жіберген кемпірге — бұл үйдегі келін, ендігәрі бала да шын ашулы еді. Ұмытпасам, аулада тұрған велосипедтің бірдеңесін ұстатып жіберді. Туысы:
— Мынау кімдікі екен... — деп дәметкенін білдіруі сол екен, кемпір:
— Ала ғой керек болса, ала ғой, — дегені.
Келін күйеуіне қарады.
Күйеуі ойлаған болар, ананың ұяты бар шығар, "қой, өздеріне керек болар" деп алмас деп. Жоға, тегінге әлі де — көзі балаша жайнап, тіпті кеуілденіп езуі жиылмай кететін бір ақымақ екен. Іліп әкетті. Кемпір оның жымиғанына тіпті мәз болды ма. "Үйді көрдің, соғып тұр!" деп қалғанын қайтерсің.
Басқа жағынан, қырқына шыдап, қырық біріншісінде жаман көрінбейін дейді ғой, келін де, байы да. Бұл кемпірге қабақ шытсаң, "шаңырақты жылдап қонаққораға айналдырған өзімнен болды" дер ме екен. Бір-ақ рет бермей қалып жаманатты болмайын дейді де.
Ал мен, кемпір бір күнде екі рет қонақ әкелгенде сол үйде болдым. Екінші рет қонақ әкеле жатып, астапыралла, ұялғаны ма екен, кемпір:
— Кең болсаң кем болмайсың, кең болсаң кем болмайсың! Мен тағы келдім, ал! — деп сөйлей келгені.
...Мына сендер "ауыл, ауыл!" дейсіңдер. Жақсысын асырып көрсетіп, жерұйық екеніне ақыры өздерің сенейін дедіңдер. Дәстүрдің тозығынан шаршаған, сынып кеткен жандардың мұңын білмейсіңдер. Кітаби бейнесінен ажырағың келмейді. "Aul is the spirit and traditions of the Kazakh people" деп буклетке жазуға жақсы. Жалпы, мына сендер менің кәрі сүйектерімді салдырлатып әңгіме сұрағаннан басқа түк білмейсіңдер!