Сенің де тағдыр дәптеріңе есімі ойылып тұрып жазылған бір жанның бары анық. Күндердің бір күні Алла саған ол адамды жолықтыратыны сөзсіз. Ең бастысы, сен жаныңда қандай адамды көргің келеді, өзің соған сай бол. Біз, қыздар, қандай жігіт қалайсың десе? Үстіне киген киімінен бастап түріне дейін сипаттайтынымыз өтірік емес. Оқыған-тоқыған, ел көрген-жер көрген, ақылды жігіт керек дейміз. Енді сұрақ, өзің сол адамға лайықсың ба? Егер жауабың жоқ болса алдымен өзіңді өзгерт, ізден, дамы. Сен дайын болғанда, ол жанның да алдыңнан шығатыны сөзсіз... 🌸