Ұнатқан адамым менен соңғы кезде қашқақтайды. Ештеңе айтпайды, телефоны сөндірулі, бұрынғыдай кездейсоқ та кездесіп қалмаймыз. Неге? Қалайда жолығып, осының бәрін білгенше жаным байыз табар емес.
Егер хабарласқысы келмесе, кездесуді қаламаса, мұның себебі қарапайым. Мұның жай кеше жауған қар сияқты еріп кеткен сезім екенін өзің-ақ жаныңды азаптамай түсінуге тырыс. Бұл махаббат емес екенін мойында. Шын жақсы көрген азаматқа сүйгенін іздеп келуге ештеңе де кедергі бола алмайды. Ессіз ғашық болған адам күндіз көлеңкең сияқты қасыңнан қалмай, түнде терезеңді аңдыған болар еді. Сондықтан да кездесіп, неге қашқалақтап жүргенін білудің еш қажеті жоқ! (Айнаш Есалидің кітабынан)