Негізі “Кітап оқу” деген жалпылама боп кеткен ұғым. Қадір-қасиетін әлі де біле бермейміз…
Мысалы, оқыған 100 беттің ішінен бір керемет насихат тауып, ойыңызды өзгертер тәсір алуыңыз мүмкін. Делік, тап іздеген нәрсеңіз 98-бетте. Оған дейін оқыған 97 бетті керексіз болды дей алмаймыз. Ол деген еңбек. 98-бетке еңбекпен жеттіңіз және солай алған білімді, насихатты плюске пайдаланудың шансы көп, қадірі бөлек, көпке дейін қаларлықтай.
Басқа біреу кеп сол сөзді айтып бере салса, ондайлық әсері болмауы мүмкін. Себебі оны бойыңыздан өткізбедіңіз. Және де ол адам өз түсінігімен ұқты оқығанын. Сізде өз мүмкіндігіңіз бар.
Қалың шөптің арасынан ине іздегендей ғой. Еңбек.
#ой_түймекке #кітап_оқу