ҚР Азаматтарының барлығы қазақ тілін білуге міндетті деген Заң жоқ елімізде, десе де жұмысыңыз халыққа қызмет көрсету болса, рақым етіңіз, қазақ тілін меңгеріп алыңыз. Ол мейлі халыққа қызмет көрсету орталығы болсын, мейлі банк болсын, мейлі пошта болсын, бастысы қызмет ету барысында халықпен байланыс орнату керек болса, қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білуге міндеттісіз. Көшеде кетіп бара жатқан орысқа қазақша сөйле демеймін, алайда аталған қызмет орындағылардың барлығы қазақ тілін білуі керек деп есептеймін.