Кеше ғана «Жеті күндік патшайым» (Seven Day Queen) дорамасын көріп біттім. Айжан (@maratkyzy3010) көруге кеңес берген-ді. Жалғыз айтарым: керемет дорама👍 Дорамаға «Үздік құрамдық ойын» атағын бергім келеді. Кейбір дорамаларды көбіне тек басты рөлдегілер не қосалқы рөлдегілер алып шығады, – мына дорамада басты рөлдер де, қосалқы, тіпті артқы пландағы рөлдер де керемет сомдалған. Нағыз ескірмейтін махаббатты көрсететін, жылулыққа толы, жеңіл, десе де ауыр дорама. «Сүйгеніңе қосылсаң, өз отбасыңның қанына шомыласың» деген сәуегейлікті ести тұра, жүрегінің таңдауына ерген ару мен елін қанауға ұшыратқан өгей ағасының билігін тоқтатуды мақсат тұтқан ержүрек ханзаданың арасындағы өшпес махаббаттың куәсі болам десеңіз, «Жеті күндік патшайым» дорамасын тамашалаңыз.