TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Сәуегей сағыз

9 May 2018, 09:06

Open in Telegram Share Report

Асылында 9 мамыр – соғыстан оралмаған ақ тырналарға тағзым ететін қаралы күн, қазақ халқы үшін зұлмат жылдарды еске алдыратын күн. Олай деуімнің себебі Ұлы Отан соғысындағы бір ғана Қазақстанның шығыны соғыстағы одақтас АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің шығынын қоса есептегендегімен теңдей түскен. Халқы 6,2 млн адамды құраса да, Қазақстан майдан шебіне халқының 20% жұмылдырған. Өлгендердің әрбір үшіншісі қазақ болған.
Бұдан бөлек 700 мың адам әскерге көмек көрсету, жертаса қазу сияқты тыл жұмыстарына жіберілген. Нәтижесінде Қазақстандағы мобилизация деңгейі 24% жетіп, қарсылас Германияның (12%) көрсеткіштерінен асып түсті. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Бұл соғыстағы жеңістің елімізге әкелген пайдасы бар ма, жоқ па білмеймін, алайда соғыс атаулының болмағаны абзал. Лицейде оқығанымда тарихтан беретін ұстазым әрдайым «Құдай берген өмірді, Құдай ғана алуға құқылы» деп айтушы еді. Сол дұрыс!

856 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot