TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Сәуегей сағыз

4 Jun 2018, 17:27

Open in Telegram Share Report

Қазақ өмірді не үшін «жалған» деп айтатыны жайлы бір ойланып көріп'едіңіз? Жалған... Осы бір сөзбен өмірді атаған дұрыс па? Дұрыс болса, неліктен? Мен үшін бұл өмір, шынымен, жалған. Бүткіл әлем осы жалғанда ұсталып тұр. Егер жалған болмаса, өмір әзіргідей болмас еді. Өмірдің жалған екендігіне дәлел өте көп. Мысалы, уақыт, апта, ай, мезгіл. Барлығы – жалған. Бұл тек адам фантазиясының жемісі ғана. Бұл ыңғайлылық үшін ойлап табылған дүниелер ғана. Бүгін 2 маусым, 23:54, 2018 жыл, XXI ғасыр. Бұның барлығы тек шартты түрде берілген, ол ақиқат емес. Уақытты санмен емес сөзбен де беруге болатын еді (мысалы, корейлер секілді. Дорамаларын көріп отырсаңыздар, шошқа сағаты, ит сағаты дегенді естисіз). Бұл дегеніміз уақытты кез келген формада беруге болады. Діннің де мәселесі дәл сондай. Біз ертең не болатынын білмейміз, екінші өмірдің бар-жоқтығын білмейміз, Жаратушының бар-жоқтығын білмейміз. Біз тек қана сенеміз: біріміз – Жаратушы бар деп, екіншіміз – жоқ деп сенім білдіреміз. Екеуіміздікі де жалған. Ол жалғанның құйрығы тек өлгенде тұталады, яғни біз ақиқатқа тек өлгенде жете аламыз, ал әзірге бұның барлығы жалған. Міне, менше көшпенді қазақтың философиясы осындай болған. Оған дәлел олардың өмірді жалған деп айтуы. Жалған, өтірік – әлемді құтқарады. Жалғанның көбейе беруінің салдары мен шындықтың көбеюінің салдарын салыстырсақ, әрдайым шындықтың салдары - ашты болады. Шындық көбейіп кетсе, ол достықты бұзуы әбден мүмкін, – жалғанның көбеюі емес. Тіпті өмірлік достардың арасында айтылмай қалған шындық жатады. Бейтаныс адамдар бір-біріне жалған күліп, жалған сызылады. Барлығы жалған. Одан қалды жалғанға орын жоқ жерлерде де жалған жүретін уақыт келді. Шынайылық ысырылып барады. Бетіңе күле қарап, артыңнан жамандайтындар қаншама? Ешкім ешқашан өз ойын ашық айтпайды, бетке өтірік мүләйімсіп жүреді. Жалғанға үйреніп қалғанмыз соншалық, тіпті жалғанға үйреніп қалғандығымыз жайлы шындықты мойындағымыз да келмейді.
P.S. Бүгін 2 маусым емес қой деп ренжімеңіздер😅жазба сол кезде жазыла бастап, бүгін ғана аяқталды

737 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot