TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Сәуегей сағыз

22 Jul 2018, 19:35

Open in Telegram Share Report

Орыстар менің атымды түпнұсқадағыдай айта алмайтындықтан және біздің кей дыбыстар орыс тілінде жоқ болғандықтан, Амангельды дейді, ал жапондықтарда /л/ дыбысы болмайтындықтан, олар мені Амангерди дейді. Дәл сол сияқты барлық тілдерде, шет сөзді өз тіліне ыңғайлап айтады. Ол мейлі есім болсын, жер-су атаулары болсын, қарапайым қолданыстағы сөз не термин болсын тілге бірден қаз қалпында кіре алмайды, модификацияға ұшырап қана енеді. Асылында! Алайда біз 1938 жылы бекітілген "Орыс тілінен енген сөз қаз қалпында жазылсын" деген сұм қаулының салдарынан біздің тіліміздегі кірме сөздер орыс тілінің орфографиясы бойынша жазылып келді, әлі де жазылып келеді. Бұл қаулы біздің тілді орыс тілінің көшірмесіне айналдырды. Кез келген шет термин бізге орыс тілі арқылы кіретін болды. Кезінде біздің тіл өте мықты тіл болатын: орыс тіліндегі "стол" сөзі қазақ тіліне ыңғайланған кезде "үстел", "клубника" – "құлпынай", "сумка" – "сөмке" деп өзгеріп кететін-ді, ал қазір қазақ тілі ол күшінен айырылып қалды. Кезінде Ескендір десек, қазір Александр дейміз. Бір сөзбен орыстар қалай айтса біз солай айтамыз. Орыс тілінін көлеңкесіне айналдық. Сізге бір ғана мысал келтірейін. Барлығымыз білетін Құран кейіпкері Ибраһим пайғамбардың есімі – арапша – إبراهيم, орысша – Авраам, ағылшынша – Abraham деп жазылады. Қазақ тілінде ше? Бәрімізге белгілі Зере әжеміз "Ибраһим" деген сөзге тілі келмей "Абай" дейтін. Тілі келмейтін адам сөзді өзіне ыңғайлап алады. Ол кез келген тілдің заңдылығы деп жоғрыда айтып кеттім. Біздің тілімізде 1938 жылға дейін /и/ деген дыбыс болмайтын. Ол бізге орыс тілінен енген. Сондықтан Ибраһим сөзі қазақша Ыб(ы)райым деп аталатын. Дыбысталуы ұқсас қой? Кейін ол қысқартылып, Ыбырайға айналған, одан кейін тіпті Абай болып қысқарған. Міне! Керемет! Қазақ тілінің керметтілігі. 7 әріптен 4 әріпке бірден қысқартқан. Ибраһим→Ыбырайым→Ыбырай→Абай. Сондықтан Ибраһим, Авраам, Абрахам деген есімдерге тап бола қалсаңыз, ол қазақ тілінде Абай болатынын ұмытпаңыз. Демек АҚШ 16-президентінің есімі де Абай болмақ.

1k 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot