Ағылшын жануартанушысы, ғылым бұқарашылы, Charles Robert Darwin'нің эволюция теориясының жақтасы – Thomas Henry Huxley былай дейді: «Интеллектуал кемелдікке аяқ басқанымда "Мен кіммін?" деген сұраққа жауап іздей бастадым; атеист, теист, әлде пантеист, материалист не идеалист, мәсіхшіл не еркін ойлы адам. Ойлана келе, соңғысынан басқа аталғанның бірі де мені сипаттай алмайды деген тоқтамға келдім». Huxley сипаттамасы бойынша агностик — құдай болмысын теріске шығармайтын, десе де қандай да бір діннің не сенімнің жетегіне ермейтін адам. Сондай-ақ агностик – құдай болмысын жоққа шығармайды, бірақ оны бар деп те иландырмайды, себебі оның пікірінше заттың біріншілік бастауын әзірге не мүлде танып білуге болмайтындықтан, ол белгісіз.