Forward from: catalena
Мен сәл жастау болғанда "қаржылық сауаттылық тек аз ақша табатындарға, жмоттарға арналған зат, егер мен жеткілікті ақша тапсам бұл зат маған керек те болмайды" деп ойлайтынмын. Соңғы 1 жыл мен тұрақты жұмыс жасап, шүкір Қазақстандағы орташа жалақының саны болмаса да жақсы ақша табудамын. Осы кезде төбеде айтқан сөзіме жәмәәәәән өкіндім. Ақша табамын, қалай және қайда, не үшін жұмсағанымды білмей екі аптада жаратып, келесі айлықты күн санап күтіп қаламын. Өзімде орысша айтқанда импульсивный покупкаларға жақын әдетімнің пайда болуы, мүлдем ақша жинай алмай кеткенім бар соңғы айларда. Интернеттен, кітаптардан қаржылық сауаттылық туралы ізденіп жүргенмін. Бірақ мәселе олардың тым өнімсіз, түсініксіз болатын. Айтып жатқан адам өзі түсінсе болды, мен секілді қаржы жағынан білімі 0 адам оны түсініп тұр ма, бәрібір қарайды шыны керек. Кітаптармен де солай, термин тым көп әрі қайдағы жоқ өзге біреулердің жетістігін айналдырып айта береді. Сіздің кітабыңыз БАЗА болды ғой. Бір отыра салып ашып едім қалай соңына жеткенімді байқамай, соңғы бетіне келгенде «уже оқып тастадымба» деп таңғалып қалдым. Өте ыңғайлы, мендей қаржылық сауаттылықтағы новичок адамға справочник болатын кітап. Әр айлық алған сайын ашып бір оқып тұрамын-ау, керек инсайттар өте көп. Мен кітапсүйер болғандықтан жыл сайын оқыған кітаптарымнан ең күштілерін таңдап рейтинг жасаймын. Сіздің кітабыңыз топ үштікке кіріп тұр. Сіздің қанша жыл жинаған білімінізді , өзіңіздің тәжірибеңізді әдемілеп жинап, оны түсінікті етіп жазып осындай қолжетімді бағаға шығаруыңыз керемет жетістік. Кейде посттарыңыздағы инсайттарды оқып отырып, «осыны кейбір адамдар жүзмыңдап курс етіп сатады ғой, ал бұл тегін салып жатыр» деп ойлайтынмын, осындай еңбегіңіздің жарыққа шыққанына қуанып, қолдау көрсетейін деп ойланбай сатып алдым. Мен тіпті отзывтарды да оқымадым, сізді жеке білген соң жақсы білемін: сіз бастаған тірлікті мінсіз етіп жасайсыз. Алда сіздің осындай кітап жүзіндегі еңбектеріңіз көп болады деп үміттенемін.