🤯 Жаға ұстатарлық видеоны “
jambylinfo.kz.” сайтының оқырманы редакциямызға жіберді.
Оқырманның айтуынша, оқиға 18 мамыр күні, түнгі уақытта “Ұлы дала” шағын ауданында орын алған.
Видеодан ер адамның әйелді аяусыз ұрып, аяқпен теуіп жатқанын көруге болады.
Ал оқиға куәгері әйелді ұрып жатқан ер адамға ескерту жасаған. Алайда ол оның сөзіне құлақ аспай, артынша көлігіне мініп қашып кеткен.
Еске салайық, 15 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің құқықтарын қорғайтын заңға қол қойды. Ел ішінде бұл заң «Салтанат заңы» деп аталып кетті.
❗️Видео оқырманнан