Алматыда коммуналдық қызмет қар күреу жұмыстарын жүргізуде❄️ Алматыда бір тәулікте 22 см қар түсті – бұл желтоқсан айындағы айлық норманың үштен бірі. Каменск үстіртінде қар қалыңдығы 40 см, ал Шымбұлақта – 42 см болды.
🚛 Қалалық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде:
• Жолдарды 600-ден астам арнайы техника мен 1080 жұмысшы тазалап жатыр.
• Қар жауа бастағалы бері 6520 текше метр қар шығарылды.
Неліктен жолдарда қар үйінділері бар?
❄️ Қар үйінділерін жасау – қарды шығарудың қажетті кезеңі. Ірі техника (грейдерлер, тиегіштер) көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін түнде жұмыс істейді. Үйінділер ауысыммен жиналады. Осыдан кейін жол жиегі мен жиектас тазаланады.
🅿️ Жүргізушілерге ескерту:
Автомобильдерді жол жиегіне, әсіресе түнгі уақытта қоймаңыз. Бұл коммуналдық қызметтердің қарды тезірек және тиімді тазалауына мүмкіндік береді.
🌙 Жұмыс жалғасуда:
Бір тәулікте түскен қардың көлемі онкүндік норманы құрады. Осыған байланысты негізгі магистральдардағы қарды шығару жұмыстары түнде аяқталады.
✅ Жаңалықтарды оқып жүріңіздер, жолда абай болыңыздар!
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok