БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ……..
Анасы бар балада, баласы жақсы ана да ерте қартаймайды. Құдіреті күшті құдай:”Жұмақ - анаңның табанының астында”- демеді ме?
Ендеше, анаңның әр басқан қадамы сен үшін жұмақ. Жұмақты көзіңмен көргің келе ме? Онда анаңа шынайы ықыласыңмен қызмет ет. Батасын ал. Жауынмен жер, батамен ер көгереді.
Дөңгеленген дүние бір орында тұрмайды. Сені аялы алақанымен өсірген анаңда қартаяды, сенің қас-қабағыңа кіріптар болады. Әйеліңе емес, әуелі анаңа көңіл бөл. Себебі “БЕРЕКЕНІҢ тұтқасы” анаңның қолында тұр.
Он сегіз мың ғаламның дидары анаңның бір қуанғанына жетпейді. Жылы сөйле, не берсеңде күліп бер. Әр барғанда әдемі көйлек кигіз, қолына алтын-күмісін тақ. Анаңның жақсы қасиеттерін айтып, мерейін үстем қыл, балаша қуандыр.
Құрбыларымен бірге демалдыруға тырыс. Әңгімесін айтып, іштегі шерін тарқатсын. Жақсы ресторанға дастархан жай. Жаны мен тәнін сергітетін моншасын ұйымдастыр. Концерттерге жіберіп, алдыңғы қатардан орын алып бер, сезімі шалқысын. Өзінің, әлемдегі ең ақылды, ең мейрімді баланың анасы екенін сезінсін.
Бүгінгі толып жатқан коучтар мен психологтар “БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ”-деген тақырыпта түрлі трюктарды айтып, адамзаттың басын қатырып, қалтасын қағуда.
Есіңізде болсын,”Бақыттың кілті” ата-анаңыздың разылығында. “Жұмақтың кілті” анаңыздың табанының астында.
Қос кілтті де, Сіз тек ата-анаңызға ықыласты қызмет етіп ғана ала аласыз.
“Ата-анаңның ботасын алма, батасын ал. Бота өліп қалады, батадан бағың жанады” бауырым……..
МАҚСАТ СҚАҚОВ.