Еуразия Бірінші арнасы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Еуразия Бірінші арнасының Telegram парақшасына қош келдіңіз!
БІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР:
🔷 YouTube https://youtube.com/@novostikazahstana
🔸 Instagram https://instagram.com/1tvkz?igshid=MjEwN2IyYWYwYw==
🔹 Facebook https://www.facebook.com/1tvkz?mibextid

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады

▪️Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

▪️Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

▪️Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

▪️Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.


🇺🇸АҚШ-та 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды

АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейтіліп, 10 мыңнан астам адам қызметінен босатылды. Алдағы аптада тағы 5,5 мың қызметкер жұмыстан шығарылмақ.

🤔Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің басшысы Илон Маск қызметкерлерден апта сайын есеп беруді міндеттеді. Бұл талапты орындамағандар қызметінен айырылуда.


🇰🇿🇰🇼Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.

✔️Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.


❗️Тұрғындарды 78 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 25 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдан бері БҚО мен Маңғыстау облыстарының тұрғындарын түрлі айламен алдап, 78 млн теңгені иемденген.

🔎Күдікті азаматтарға техника мен автокөлік сатып алу, ұялы телефон сату, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және ақшаны көбейту сынды сылтаулармен уәде берген.

Тергеу барысында оның құрбандары негізінен өз таныстары екені анықталды. Қазіргі уақытта 14 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды”- деп мәлімдеді Полиция департаменті.


🚔 Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толық мойындаған.


🚗 Алматы мен Ыстықкөл арасын жалғайтын төте жол салынбақ

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері Алматыдан Ыстықкөлге баратын жаңа төте жол салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Астанада өткен келіссөздер барысында белгілі болды.

📌ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, жол Ұзынағаш бағытында салынады.

⚡️ Қазіргі таңда Алматыдан Ыстықкөлге жету үшін 460 шақырым жол жүру қажет, ал жаңа жол 90 шақырым ғана болмақ.

✅Бұл жоба екі ел арасындағы көлік қатынасын жеңілдетіп, туризм саласының дамуына ықпал етеді деп күтілуде.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ЕҢ ҮЗДІК БҮРКІТШІ КІМ?

Құсбегілер Қызылжарға жиналды. Петропавлда саятшылықтан ел чемпионаты өтті. Қатысушылар 13 облыстан 60-тан аса құс әкеліпті.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💃ЕКІ БИШІ ҚОСЫЛСА....

Тойларында ерекше билеген жас жұбайлар әлеуметтік желіні жарды. Мұндай көрініс қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінде болған.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🫖ОҚУШЫ ДИРЕКТОРҒА ШӘЙ БЕРІП ЖҮР

Әулеиата өңірінде, нақтырақ айтсақ Меркі ауданында оқушылар мектепте лимон өсіріп, мұғалімдерді шайға қарқ қылып жатқан көрінеді. Жамбылдағы жасанды бақта тағы не өседі?

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
❄️АҚТӨБЕДЕ "АПОКАЛИПСИС"

Ақтөбеде үш тәулік бойы қар тоқтамай, арнайы қызметтер жаппай жол тазалау кірісті. Бірақ, үлгеретін емес. Кейбіреулер қолына күрегін алып, жалғызаяқ жол аршыса, енді бірі мүлде үйінен шыға алмай қалды. Мердігер компанияны күте-күте, арнайы техниканы өз ақшасына жалдағандар да бар.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🌨️ҚАР ЖАУЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ

Қыс бітпей жатыр, жаңбыр жауыы мүмкін. Еліміздің оңтүстік-шығысынада қар аралас жаңбыр жауып, оның арты көктайғақ, бұрқасынға ұласуы мүмкін. Синоптиктер осындай болжам айтты. Ал теріске бетте -20 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, ақпанның 25-сі мен 27-і аралығында еліміздің әр өңірінде ауа-райы құбылуы ықтимал. Жел күшейіп, тұман түседі.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ

Амалы қалмаған шығыс қазақстанстандықтар ақыры жұмыс кестесін өзгертіп алды. Марқакөл және Үлкен Нарын өңірінің ағайыны бүгіннен бастап қызметтің қамына таңғы 8де кірісіп, кешкі сағат 17:30 да босайтын болды. Ал түскі үзіліс 12 мен 1 жарым арасына бекітілді. Осылайша күннің ерте шығуы мен кеш батуына байланысты жаңа кесте қабылданды.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎮ПС ПЕН КС ОЙНАУ - ХАРАМ

Псіңде, ксіңде, кальяның да - арам. Тыйым салынған әрекеттер қатарына жатады. Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар діни басқармасы пәтуа шығарды. Имамдар ауызашар мен тарауық намазынан соң жиналып, сәресіне дейін компьютер мен плейстейшнды ермек қылатындарға қатаң ескерту жасады. Дін өкілдері қандай да бір құмар ойындар, уақыт өткізуге арналған әрекеттер асыл дінімізде тыйым салынғанын тағы бір еске салды. Ал, жалпы биыл Ораза жылдағыдан ерекше 29 күнге созылады екен. Қасиетті айда азаматтар асқа ғана шектеу қоймай, өсек-аяңнан, ашудан, ішімдіктен, зинадан да тыйылуы қажет. Сондай-ақ, дін өкілдері пітір садақа мөлшерін 655 теңге есебінде бекітіпті. Маңызды діни мейрамда имамдар кәсіпкерлерден азық-түліктің бағасын қымбаттатпау бойынша жылда қайталанатын ұсыныстарын жеткізді.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔼АУЫС-ТҮЙІС ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Биліктегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Осыдан бірер сағат бұрын Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Президент әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Одан бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🤔ЖАСТАР ШЕТЕЛГЕ НЕГЕ КЕТІП ЖАТЫР?

Қазақстанда шет елге кетіп жұмыс істейтіндер азаймай тұр. Қаракөздеріміз жатжұртта кәсібін дөңгелетіп, шенді қызметтерде жүрсе бір сәрі. Көбісі бақшада құлпыный теріп, мейрамханаларда даяшы болып, трассада жүк көліктерін тізгіндеп жүр. Қос-қос дипломдарына елімізде жұмыс таппай сандалған жастардың арасында өзге мемлекеттің шекарасын заңсыз кесіп жүргендер де бар. Отандастарымыздың бұлайша басын бәйгеге салып, қара жұмыс істеуіне не себеп?

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🤨ОРЫНБАСАР ОРЫНСЫЗ АҚША СҰРАП ЖҮР МЕ?!

Мәжілістің айналасында ауыс-түйіс боп жатқанда Орталық сайлау комиссиясының басшыларына қатысты ақпарат елді елең еткізді. Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ватсап арқылы әркімнен орынсыз ақша сұрап жүр деген ақпарат тарады. Мемлекеттік орган бүгін осыған жәйтке қатысты мәлімдеме жасады. Айтуларынша, мұның бәрі Ерман Мұхтардың атын жамылған алаяқтардың ісі екен. Сондықтан қазақстандықтардан жалған ақпаратқа алданып, ешқандай қаражат аудармау қажеттігін ескертті.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📣МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МАНДАТЫН ТАПСЫРДЫ

Букмекерлерлік кеңселер мен құмар ойындарға қатысты мәселе көтеріп жүрген мәжіліс депутат мандатын тапсырды. Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 39 жастағы шенеунік екі жыл бұрын «Республика» партиясының атынан сайлауға түсіп, Парламентке келген. Ол қаржы және бюджет комитеттінің мүшесі болып букмекерлік кеңселердің жұмысын тоқтауға біраз тер төккен. Ал, Шымкентке барған Берденовтің әзірге қандай салаларға жауап беретінін беймәлім.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🕵️‍♂️«ШПИОН» ПОЛИЦЕЙЛЕР ПАЙДА БОЛДЫ

Өскеменнің көшелерінде «шпион» полицейлер жүр. Тәртіп сақшылары жол ережесін елемейтіндерді тезге салу үшін жаңа бір тәсілге көшті. Полиция өкілдері қызметтік көлікпен емес, көшеде өз машиналарымен жүреді екен. Жай жүрмейді, алдына арнайы бақылау камерасын орнатып алған. Бұл әзірге сынақ түрінде қолға алынып жатыр. Егер жол ережесін бұзу деректері азайып, осы жоба нәтижесін берсе, басшылық ойлануы мүмкін.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼️СОБР-ҒА СЕКІРГЕНДЕР ҚАМАЛДЫ

Ақырған арыстанды көріп жүрміз, арыстанға ақырғанды кім көрген? Алматыда ер адам арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасаған.
Оқиға 22 ақпан күні таңғы бестің шамасында болыпты. Куәгерлердің айтуынша,арнайы құрылым қызметкерлеріне ащы суға сылқия тойып алған серілердің бейәдеп әрекеттері туралы хабарлама түскен. Ал тентектер жедел әрекет ету жасағына жоғарыда таныстары бар екенін айтып әкіреңдепті. Бұл текетірес төбелеске айналды. Қазір қалалық полиция департаменті тәртіп бұзғандарды құрықтапты.

Бізге жазыл:

🌐сайт 1tv.kz
📱Instagram
📱YouTube
📱 фейсбук
📱TikTok


🕌🌙 Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні

Қазақстанда Қадір түні 26-27 наурызға сәйкес келеді. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Показано 20 последних публикаций.