Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен Қаражар ауылының тұрғындары үшін кіреберіс жолы қалпына келтірілді
Биылғы жылдың көктемінде қардың қатты еруі мен еріген судың көп болуынан Бурабай ауданы Қаражар ауылының кіре берісіндегі су өткізгіш құбырды су шайып кеткен болатын.
Соның салдарынан жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалар да көктемде өзеннен жаяу өтуге мәжбүр болып, денсаулықтарымен өмірлеріне қауіп төнді.
Бурабай ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша аудан әкімдігімен «Жолды орташа жөндеу» бойынша техникалық құжаттама әзірленіп, осы жылдың 3 қыркүйегінде мердігер ұйыммен келісім жасалды.
Жоба аясында диаметрі 1500 мм құрайтын су өткізгіш бес темірбетонды құбырды орнату жұмыстары жүргізіліп, жол төсемі қалпына келтірілді.
Осылайша, қадағалау шаралары нәтижесінде тұрғындар (261) үшін көліктердің кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/905748?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП