БҚО прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады
05.12.2024ж. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес қауымдастығы және өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы инвесторлармен кездесу өткізді.
Шара барысында инвесторлар мен кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері талқыланып, оларды шешудің нақты алгоритмі әзірленді.
Мәселен, жеке кәсіпкер «Абылкасым Д.Н.» мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындай алмағандықтан, жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізілу қаупі болды, себебі оның ресейлік серіктесі тауарларды экспорттауды тоқтатты.
Қабылданған шаралар нәтижесінде шартты өзара келісіммен бұзуға қол жеткізілді, бұл «Абылкасым Д.Н.» жеке кәсіпкеріне әрі қарай кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.
Басқа мысал бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау арқылы прокуратура тарихи дамуға байланысты қолданыстағы нысандардың санитарлық қорғау аймағының көлемін азайтуға үлес қосты, бұл кәсіпкерлік қызметін еш кедергісіз жалғастыруға мүмкіндік берді.
Биылғы жылдың 11 айында прокурорлық ден қою актілеріне сәйкес 2700-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
34 қадағалау актісі енгізілді, оның қорытындысы бойынша 24 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Энергетика министрлігі департаментінің басшысы да бар.
Кездесу нәтижесінде барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында биылғы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және заң үстемдігін сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
#Заңментәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/906499?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП