Jai Sandar


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


💰Қаржы
✔️Экономика
📈Теңге бағамы
📉Қор нарығы

авторға жазу:
https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


Республикалық бюджеттің орындалуы
(қаңтар-наурыз):

🙃Кірістер жоспарының 83,0% орындалды
(өткен аймен салыстырғанда сәл төмен – 83,7% болған)

1️⃣Салықтық түсімдер – 102,8%
▫️ҚҚС – 95,9% (төмендеген)
▫️КТС – 104,1% (өзгеріс жоқ)

2️⃣Салықтық емес түсімдер – 85,2%
▫️Ұлттық қор трансферті – 56,9% (сәл төмен)
▫️Қарыздар түсімі – 100,6% (айтарлықтай артқан)

🪙Қысқаша айтқанда:
Налоговиктер биыл жұмысты жақсы орындауда. Ал трансферттік аударымдар айтарлықтай жоспардан қалып келеді. Total: бірінші тоқсандағы республикалық бюджет
дефициті - 1 021 939 490 теңге


Трамп (FRS) ФРЖ-ға қайтадан қысым көрсетіп жатыр: қор нарығы қызылға боялды.

Президент Дональд Трамп орталық банкті пайыздық мөлшерлемелерді дереу төмендетуді талап етуде және ол ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің саясатына наразы.

😃Трамп:
маған ФРЖ басшысын орнынан алу қиын емес, маған сеніңіз. Менің көңілім толмайды


ФРЖ басшысы:
🙃Пауэлл
Мені президент жұмыстан шығаруға өкілеттілігі жоқ және мен 2026 жылдың мамырына дейін өкілеттілігім аяқталмайынша жұмыстан кетпеймін


Өңірдегі ең қымбат компаниялар💰


Орталық Азияның Ресейге тәуелділігі (еңбек күші)                          

Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның негізгі табыс көзі — Ресейдегі еңбек мигранттарының аударымдары. Бұл елдерде жұмыссыздық деңгейі жоғары, ал рубльмен келетін кез келген табыс ел экономикасы үшін маңызды ресурс.

Қазақстан мен Түркіменстанға келетін ақша көлемі салыстырмалы түрде аз. Қазақстанның өз ішкі экономикасы әлдеқайда тұрақты, ал Түркіменстан жабық елдердің қатарында.

Бір қызығы, соңғы жылдары рубльдің әлсіреуі мен санкцияларға қарамастан, бұл аударымдар көлемі азайған жоқ — керісінше, кейбір елдер үшін рекордтық деңгейге жетті.

🇺🇿Өзбекстан миграциялық күшін Ресейден азайтып, Еуропа мен оңтүстік Корея елдеріне әртараптандыру саясаты сәтсіз жүргізілуде.

Ресейде жүрген мигранттар бүгінде Тәжікстан ЖІӨ-нің 45 пайызын, Қырғызстанның әрбір бесінші сомын жасауда. Ал Өзбекстан экономикасының 14% сыртта жүрген еңбек күші қалыптастыруда.


Экономикалық шторм басталса — инвесторлар алтынға қашады.
Әлемдік экономикада тұрақсыздық белең алғанда, инвесторлар көбінесе "қауіпсіз гавань" саналатын активтерге бет бұрады. Соның ішіндегі ең танымалы – алтын.

Біздің 🙃Ұлттық банк алтынға бай. Сәуірдегі ақпарат бойынша 284,05 тонна алтын қоры бар. Бас банк соңғы мәлімдемесінде баға өссе сатуды бастайтынын мәлімдеген. Ұлттық банкке алтында сату үшін қандай прайс керек? 😐


Білімге инвестиция артып келеді.

🙃ҚР ҰСБ мәліметінше 2025 жылдың І тоқсанында білімге салынған инвестиция көлемі 6 есеге артқан. Білім саласының жалпы инвестициядағы үлесі алғаш рет 10 пайыздан асты.

Былтыр инвесторлардың білімге құйған инвестиция көлемі алғаш рет $2 млрд доллардан асқанын көрдік.

Әрине бұл жерде басты инвестор - 🙃үкімет. “Жайлы мектеп” эффектісі айтарлықтай жоғары. Бірінші тоқсандағы статистикаға қарасақ инвестициядағы мемлекеттің үлесі -94%.

Дегенмен де жеке инвестицияның көлемі де артып келеді. Бірінші тоқсанның өзінде жеке инвесторлардың білім саласына салған қаражаты 18 млрд теңгеден асқан.

📚Жеке меншік мектептердің жаппай ашылуы байқалады. Соңғы 4 жылда жеке меншік (ақылы) мектептердің саны 4 есеге көбейген. Осы тенденция жалғаса берсе келесі жылы жеке меншік мектептің саны мыңнан асуы мүмкін.


Теңге мен рубльдің арасы алшақтады: нарықтағы жаңа тренд

2025 жылдың басынан бері ресейлік рубль мен қазақстандық теңге арасындағы тарихи байланыс үзілуге шақ тұр. Рубль долларға қатысты 🙃27,16%-ға нығайса, теңге небәрі 🙃0,11%-ға ғана өскен. Әдетте екі валюта арасындағы қозғалыс белгілі бір деңгейде бірге жүретін, алайда қазіргі геоэкономикалық жағдайда теңге рубльге ілесе алмай отыр. Осылайша екі валюта арасындағы байланыс әзірше жоқ және қай уақытқа дейін созылатынын көрейік.

Қазір 🙃 1/524 болса, доллар мен рубль жубы 1/82,4. Жалпы рубль 80-85 дәлізінде сенімді тұр.


🙃Таза табыс
Отандық компаниялар 2024 жылды қортындылап жатыр. Қор нарығындағы ірі 11 компанияның таза табысы жоғарыдағы инфографикада.

Былтыр ҚазАтомПром, Каспи, ҚазмұнайГаз үштігі шамамен әрқайсысы $2 млрд доллардан астам таза табыс алды.


😃Қазақтелеком телекоммуникация нарығындағы гигант. Монополист. Оның қол астында бірнеше операторлар бар: Kcell (Activ), Altel, Tele2

Қазақтелкомның тек ұялы байланыс операторларындағы клиенттік база -14,8 млн қолданушы. TV мен кең жолақты интернет бойынша нарықта үлесі де көөөөп.

😃Қазақтелеком Altel мен Tele2 катарлықтарға жақында $1,1 млрд долларға сатты.


Енді компанияда тек 😄 операторы қалды. Kcell-де шамамен 8 млн мобильді абономент бар. Біздің ойымызша Қазақтелеком монополист таңбасы алынғаннан кейін өзінің экожүйесін құрады. 😄 Kcell соңғы жылдары тек оператордан бөлек моно банк болып алды деуге де болады. Kcell-дің ого картасын қолдануышлар саны 300 мыңнан асты (мини банк). Қазақтелкомда жақсы дамып келе жатқан қолданушылар саны 1,5 милионнан асқан TV+ бар. Болашақта мобильді оператор+контент мейкер+банк+маркетплейс=экожүйесін көріп қалуымыз мүмкін.

Енді бізде ұзақ уақыт жалғыз болған- Билайн, катарлық Теле2/Алтел және Қазақтелкомдық Kcell/Activ жубы нарықты бөліседі. Алдағы жылдары ірі ойыншылар қатарына Фридом да қосылуы мүмкін. Бәсекелестік қолданушыларға жақсы


💵Доллардың әлсіреуі

Доллар индексінің (DXY) 100-ден төмен түсуі – АҚШ долларының басқа негізгі валюталарға (евро, иена, фунт, франк, канадалық доллар, швед кронасы) қатысты әлсірегенін білдіреді. Әрине DXY индекснің 98 болуы әлі де normal, дегенмен де жыл басынандағы 109,7 потологымен салыстарғанда бас валюта айтарлықтай әлсіреген. Инвесторлар басқа валюталарға немесе активтерге (алтын) көшіп жатыр. Бұл дамушы елдердің валюталарына 🙃 үшін жақсы.


Доллармен санағанда Қазақстанның мемлекеттік борышы — 🪙$65,4 млрд. Бұл елдің жалпы ішкі өніміне 🙃(ЖІӨ) шаққанда 23,7%.

📌 Оның ішінде: • Үкіметтің борышы — $57,4 млрд (жалпының 87,7%)
  📊Ішкі борыш — $41,6 млрд (72,4%)
  🔴Сыртқы борыш — $15,9 млрд (27,6%)

✅Жергілікті атқарушы органдардың борышы — $4,4 млрд
💸ҚР Ұлттық банкінің борышы — $867,4 млн
✅Мемлекет кепілдік берген борыш — $3,6 млрд


🐉 Қытай көп ойланбай АҚШ-қа қарсы баж салығын тағы да 41%-ға көтерді. Жаңа тариф ертеңнен бастап күшіне енеді.

Есеп: 🇨🇳125—145🇺🇸. Сауда соғысы жалғасуда!


Сонымен 🙃бас банк пайыздық ставканы өзгеріссіз қалдырды. Pause
16,50🔤. Келесі шешім екі айдан кейін.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Экономикалық өсім 🙃 бойынша 🇰🇿Қазақстан 2011 жылдан бері 🇺🇿Өзбекстаннан қалып келеді.

Ең қызығы көрші ел бұрыңғыдай бізге жеміс-жидек, көкеніс, мата, мақта сияқты өнімдері азайып басты экспорттық тауары- 🤩автомобиль шанақтары мен поршендер...

Сауда байланыс бойынша 🙃 kursiv-пен бірге талдадық.


Көбісі 🇨🇳 мен 🇺🇸 арасындағы тарифтік сауда соғысынан шатасып кетсе -мінекей. Барлығы рет-ретімен.

🆗Енді Қытай тауары АҚШ халқы үшін 2,5 есеге қымбаттайды.
🆗Қытайлықтар үшін АҚШ тауары 1,8 есеге шарықтайды.


Бірінші тоқсанда ЖІӨ 5,8 пайызға өсті

Салалар:
⚙️өнеркәсіп +6,6%
🏭 өңдеу +8,7%
🏗 құрылыс +16,9%
🛒 сауда +6,3%
🚛Көлік +21,0%
🐄 Ауыл шаруашылығы +3,7%

Өңдеу өнеркәсібінде жақсы өсім тіркелді. Мұндай өсімнің локомотивтері
✅машина жасау (+17,7%)
✅тамақ өндірісі (+13,2%)
✅металл бұйымдары (+28,7%)

Құрылыс
Тұрғын үйден бөлек жолдар мен мектеп құрлысы салаға айтарлықтай өсім алып келуде. Құрылыс тоқсандық өсімді 16,9 пайызбен жапты.


Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем!
АҚШ қор нарығы үшін тарихи күн. Ауыр салмақты акциялардың өзі қос мәнді санмен өсуде

Apple +8,50%
Nvidia +15,93%
Meta +12,22%

S&P500 +7,48%
Nasdaq +9,61%


❗️Трамп ауқымды кедендік баж салығын енгізуді 90 күнге шегерді

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа кедендік баж салығын үш айға (90 күнге) кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.


Трамп:
«Мен 90 КҮНДІК ҮЗІЛІСТІ және осы кезеңде өзара баж салығын 10%-ға дейін ТӨМЕНДЕТУДІ мақұлдадым. Бұл шешім бірден күшіне енеді»,



Аталған кезеңде барлық елдер үшін бірыңғай төмендетілген тариф — 10% — қолданылады.


Трамп уәде еткендей Қытайға баж салығын көтерді. Еуропа АҚШ-қа қарсы тариф салуды жоспарлап отыр.

Бүгін мұнай бағасы 🛢$60 доллардан төмен сырғыды. Бұл 2021 жылдың ақпан айынан бергі ең төменгі прайс. Теңге 🙃515-520 дәлізінде. Төмен мұнай ұлттық валютаның құнсыздануына алып келеді. Теңгеге қысым көбейіп келеді


🙃Үкімет жаңа салық кодекс жобасын мәжіліске таныстырды


Қандай өзгерістер ұсынылуда?

🙃Табыс салығы
Егер жылдық жалақы 8500 АЕК-тен асса, (33,4 млн теңге) табыс салығы 10%➡️15%

🙃Қосымша құн салығы

1️⃣ ҚҚС салығы 14% ➡️16%
2️⃣ Шекті мөлшер 78,6 млн ➡️ 40 млн

💸 16% жалпыға бірдей ҚҚС салығы
💊 10% Медициналық ақылы қызмет пен дәрі-дәрмекке (біртіндеп көтеру)
🐄 0% ауыл шаруашылық өнімдеріне

✅Банк секторы мен ойын-бизнес саласына корпоративтік табыс салығы 20%➡️25% арттыру көзделіп отыр.

Арнаулы салық режимдері (ИП)

қазір олардың 7 түрі болса енді тек 3 түрі ғана қалады:
1️⃣ өз-өзін жұмыспен қамтығандар
2️⃣ оңайтылған декларация негізінде (ИП)
3️⃣ шаруа және фермерлер


🙃 Жұманғарин вице-премьер
Арнаулы салық режимі кіріс лимиті 600 АЕК (2,4 млрд), қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Мөлшерлеме 4%.

Показано 20 последних публикаций.