UKIMET


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК
🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Батыс Қазақстан облысындағы Жұмысшы мамандықтары жылы: оқу орындары мен бизнес өзара тығыз іс-қимыл жүргізуде

📌 Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жастарды кәсіптік бағдарлауға және сұранысқа ие жаңа мамандықтарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды бастама іске асырылуда. Мамандарды даярлау сапасын жақсартуға және жұмысшы кадрлардың тапшылығы проблемасын шешуге ықпал ететін оқу орындары мен бизнестің өзара тығыз іс-қимылы маңызды саналады.

💬 «Батыс Қазақстан облысында да Жұмысшы мамандықтары жылына арналған бағдарлама бекітілді. Колледждерді бейіндеу, жаңа мамандықтар ашу, Жаңа мамандықтар атласын жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар түлектер туралы деректерді талдау, оларды жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға ықпал етеді. Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде біз металл жонушы, дәнекерлеуші, электрші, байланысшы мамандарды даярлаймыз. Бізде 470 студент оқып жатыр. Биыл автоэлектрик мамандығын ашуды жоспарлап отырмыз», — деді Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің директоры Серік Мұхамбетқалиев.

💬 «Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Президенттің Жұмысшы мамандықтары жылын жариялау бастамасын толық қолдаймыз. Бірқатар кәсіпорын кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтып жатыр. Біз Батыс Қазақстан облысының 2 мыңнан астам кәсіпкерлері арасында сауалнама жүргіздік. 2026 жылға дейін 4 мыңға жуық жұмыс орнының қажеттілігі анықталды. Ауыл шаруашылығында механизатор, ветеринар маман тапшы, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде, медициналық мекемелерде сұраныс бар, яғни мәселе өте өзекті. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында біз кәсіпорындарда мектеп оқушылар мен колледж оқушыларына арналған экскурсиялар өткіземіз, сол арқылы оқушылар зауыттардың қызметімен таныса алады», — деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев.



Год рабочих профессий в Западно-Казахстанской области: тесное взаимодействие учебных заведений и бизнеса


📌 В Западно-Казахстанской области в рамках Года рабочих профессий реализуется ряд важных инициатив, направленных на профориентацию молодежи и развитие новых востребованных специальностей. Ключевым моментом является тесное взаимодействие учебных заведений и бизнеса, что способствует улучшению качества подготовки специалистов и решению проблемы дефицита рабочих кадров.

💬 «В Западно-Казахстанской области также утверждена программа на Год рабочих профессий. Ведется большая работа по профилированию колледжей, открытию новых специальностей, созданию Атласа новых профессий. Кроме того, были даны конкретные поручения по анализу данных о выпускниках, их трудоустройстве, обеспечении жильем. Это способствует повышению статуса рабочих специалистов. В Западно-Казахстанском индустриальном колледже мы готовим токарей, сварщиков, электриков, связистов. У нас 470 студентов. В этом году планируем открыть специальность автоэлектрика», — рассказал директор Западно-Казахстанского индустриального колледжа Серик Мухамбеткалиев.

💬 «Со стороны Палаты предпринимателей полностью поддерживаем объявление Президентом Года рабочих профессий. Ряд предприятий высказываются о нехватке кадров. Нами проведен опрос более 2 тыс. предпринимателей Западно-Казахстанской области. Выявили потребности около 4 тыс. рабочих мест до 2026 года. В сельском хозяйстве: механизаторы, ветеринары, также в обрабатывающей промышленности, медицинских учреждениях, то есть вопрос очень актуальный. Кроме того, в целях популяризации рабочих профессий нами проводятся экскурсии на рабочие предприятия для школьников и учащихся колледжей, в ходе которых они могут ознакомиться с деятельностью заводов», — отметил директор Палаты предпринимателей Западно-Казахстанской области Максат Куланбаев.

📱 @KZgovernment


Год рабочих профессий: В Павлодарской области повышают квалификацию работников промышленных предприятий

📌 В рамках инициативы Главы государства о Годе рабочих профессий и утвержденного Правительством плана мероприятий в Павлодарской области активно развивают рабочие специальности.

💬 «Рабочие профессии не только актуальны, но и жизненно необходимы для нашего будущего, для нашей страны. Они воспитывают в нас ценные навыки, учат нас командной работе, решению проблем и самоотверженности. Я очень рад и горд, что поднимается престиж рабочих профессий. Основной деятельностью нашей компании является производство стальных, бесшовных труб различного диаметра и назначения. Сегодня наша продукция с успехом используется при строительстве трубопроводов на объектах нефтегазодобывающих компаний, машиностроительными и промышленными предприятиями Казахстана. Помимо поставок на внутренний рынок наша продукция активно экспортируется в страны СНГ и государства дальнего зарубежья», — подчеркнул ведущий инженер-технолог трубопрокатного производства Сергей Шерматов, г. Павлодар.

💬 «Я полностью поддерживаю инициативу Президента нашей страны о Годе рабочих профессий. Профессия рабочего как никогда актуальна и необходима, она играет ключевую роль в развитии нашей страны. Я очень рад и горд, что поднимается престиж рабочих профессий, ведь именно рабочие создают основу для развития и дальнейшего продвижения нашей страны. Уверен, что благодаря поддержке таких инициатив интерес к рабочим профессиям будет расти, а молодое поколение увидит в этом перспективу и возможность для самореализации», — считает оператор технологических установок МТБЭ ТОО «Компания Нефтехим LTD» Радомир Куимов, г. Павлодар.



💬 «Жұмысшы мамандықтары тек қазір ғана өзекті емес, біздің болашағымыз үшін, еліміз үшін де өте маңызды. Олар бізге құнды, жаңашыл дағдыларды, ұжымдаса жұмыс істеуді, мәселелерді шешуді және қайсарлықты үйретеді. Ішкі нарыққа жеткізуден басқа, біздің өнімдеріміз ТМД елдеріне және алыс шет мемлекеттерге белсенді түрде экспортталады. Біздің компания үздік инновациялық жоба ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығының лауреаты атағына ие болды», — деп атап өтті Павлодар қаласындағы құбыр иію өндірісінің жетекші инженер-технологы Сергей Шерматов.

💬 «Мен еліміздің Президентінің Жұмысшы мамандықтары жылы туралы бастамасын толығымен қолдаймын. Жұмысшы мамандығы қазір бұрынғыдан да өзекті әрі қажет, ол біздің еліміздің дамуында шешуші рөл атқарады. Осындай бастамаларды қолдаудың арқасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылық арта түсетініне сенімдімін, ал жас ұрпақ мұны өз келешегі және өзін-өзі дамыту мүмкіндігі ретінде қарастырады», — деп есептейді Павлодар қаласындағы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС МТБЭ технологиялық қондырғыларының операторы Радомир Куимов.

📱 @KZgovernment


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жұмысшы мамандықтары жылы: Павлодар облысында өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлері біліктілігін арттыруда

📌 Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы туралы бастамасы және Үкімет бекіткен іс-шаралар жоспары шеңберінде Павлодар облысында жұмысшы мамандықтары белсенді дамып келеді.

💬 «Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық. Себебі, ұжымдағы әрбір жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен де биік тұрағандықтан, біз ережелердің қатаң сақталуын қадағалаймыз. Биыл Президентіміздің бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды, осыған орай қарапайым еңбек адамының мемлекетіміз бен қоғамда лайықты дәріптелетініне сенеміз», — деді Павлодар қаласы «Нефтехим компаниясы LTD» ЖШС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженері Ердәулет Әбдірайымов.



💬 «Инженер по технике безопасности и охране труда – весьма актуальная специальность. Поскольку жизнь и здоровье каждого работника превыше всего. Мы, инженеры труда, требуем и контролируем строгое соблюдение норм безопасности от рабочих. Как отметил наш Президент: «Здоровая нация – основа благополучия страны». Текущий год по инициативе Главы государства объявлен Годом рабочих профессий, мы верим в то, что рядовой рабочий займет ключевое место в жизни нашей страны и общества», — отметил инженер по технике безопасности и охране труда ТОО «Компания Нефтехим LTD» Ердаулет Абдраимов, г. Павлодар.

📱 @KZgovernment


Реформы и нововведения в 2025 году: Министерство финансов

Ключевые изменения в госзакупках с 1 января 2025 года

 
 В рамках совершенствования системы госзакупок по поручению Президента в Казахстане разработан новый Закон «О государственных закупках», действие которого вступило с 1 января 2025 года. Документ направлен на оптимизацию процедур проведения тендеров, повышение качества приобретаемых товаров, работ, услуг, а также поддержку отечественных производителей. В частности, изменения коснулись:

🔵 сокращены сроки проведения конкурса (обсуждение конкурсной документации с 5 до 2 рабочих дней; прием заявок с 15 до 5 рабочих дней; рассмотрение заявок и подведение итогов с 10 до 3 рабочих дней);

🔵 внедряется общественный мониторинг по работам, связанным со строительством. Планируется размещение в общем доступе графиков выполнения работ, отчетов по исполнению договоров, привлечение общественности к мониторингу исполнения договоров;

🔵реализуется новый порядок обжалования итогов закупок. В целях оперативного проведения закупок и исключения затягивания процедур жалобы будут рассматриваться самим организатором закупок.

🔵в целях приобретения малозначительных закупок внедрено право одного источника товаров до 100 МРП, работ и услуг до 500 МРП. Для сельских акиматов порог закупок из одного источника увеличен с 3000 до 4000 МРП. 

🔵в целях поддержки субъектов малого и среднего предпринимательства установлено приоритетное право закупа товаров, работ и услуг стоимость которых не превышает 50 000 МРП у данной категории субъектов; 

🔵продолжится работа по приоритетному приобретению товаров.

🔵отечественного производства на веб-портале путем установления изъятий из национального режима в целях поддержки внутреннего рынка;

🔵 в целях развития конкуренции и защиты бизнеса заявки поставщиков, являющихся госучреждениями и субъектами квазигоссектора, будут автоматически отклонены веб-порталом при наличии не менее двух заявок от поставщиков, являющихся субъектами частного предпринимательства;

🔵в целях развития неценовых критериев и поддержки местных
поставщиков изменен расчет условных скидок в виде территориального признака (с 1% до 2%) и отрицательных значений (с 0.1% до 0.2%).

📱 @KZgovernment


2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер


Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң әзірленді. Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, өзгерістер келесілерге әсер етті:

🔵 конкурс өткізу мерзімі қысқартылды (конкурстық құжаттаманы талқылау 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін);

🔵құрылысқа байланысты жұмыс бойынша қоғамдық мониторинг енгізілуде. Жұмысты орындау кестелерін, шарттардың орындалуы туралы есептерді жалпыға қолжетімді ету, шарттардың орындалуын бақылауға жұртшылықты тарту жоспарлануда;

🔵сатып алу нәтижелеріне шағымданудың жаңа тәртібі іске асырылуда. Сатып алуды жедел жүргізу және рәсімдердің кешіктірілуін болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайтын болады.

🔵аз мөлшердегі сатып алулар бойынша 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алудың шекті мөлшері 3 000 АЕК-тен 4 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

🔵шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында осы санаттағы субъектілерден құны 50 000 АЕК-тен аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басым құқығы белгіленді;

🔵тауарларды басым сатып алу бойынша жұмыс жалғасады.

🔵ішкі нарықты қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу арқылы веб-порталда отандық өндіріс тауарларын басымдықпен алу бойынша жұмыс жалғасады;

🔵бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды;

🔵бағалық емес критерийлерді дамыту және жергілікті жеткізушілерді қолдау мақсатында аумақтық белгі (1%-дан 2%-ға дейін) және теріс мәндер (0.1%-дан 0.2%-ға дейін) түріндегі шартты жеңілдіктерді есептеу өзгертілді.

📱 @KZgovernment


Реформы и нововведения в 2025 году: Министерство финансов

9 автомобильных пунктов пропуска модернизируется в Казахстане

 
🛣️ В Казахстане продолжается полномасштабная модернизация автомобильных пунктов пропуска. На сегодня в общей сложности обновление коснулось 9 контрольно-пропускных пунктов на границе с Китаем, Узбекистаном и Туркменистаном.

🔷 В рамках запланированных работ ожидается увеличение пропускной способности до 6 раз в сутки, в среднем со 170 до 960 транспортных средств, а также сокращение времени прохождения границы до 30 минут. Модернизацию 9 пунктов пропуска планируется завершить в текущем году.

🔵 Кроме того, на всех 10 автомобильных пограничных пунктах по внешней границе Евразийского экономического союза внедрена автоматизированная система электронной очереди. Воспользоваться ею можно на платформе «Qoldau.kz» и посредством мобильного приложения «CargoRuqsat».

Внедрение системы позволило исключить физическое скопление автотранспортных средств вдоль дорог республиканского значения и обеспечило прозрачность перевозочного процесса.

📱 @KZgovernment


2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі

Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда


🛣️ Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты.

🔷 Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

🔵 Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.

📱 @KZgovernment


Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Өңірлік саясат жобалық кеңсесінің бірінші отырысы өтті

📌 Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына барлық орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, Парламент депутаттары және сарапшылар кірді.

🔷 Бірінші отырыс барысында жобалық кеңсе мүшелері өңірлердің әлеуетін ашуға ерекше назар аудара отырып, өңірлік дамудың жаңа тәсілдерін іске асыру жөніндегі шараларды талқылады.

🔵 Сонымен қатар отырысқа қатысушылар өңірлердің дамуындағы диспропорцияларды болдырмау, жаңа стратегиялық құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ жергілікті жерлерде шешім қабылдауда аудан және ауыл әкімдерінің дербестігінің жеткіліксіздігі мәселелері бойынша шараларды талқылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін Amanat партиясының депутаттары мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп «Әкімдер мектебі» жобасын іске қосуды ұсынды.


🌐
Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Первое заседание Проектного офиса по региональной политике прошло под председательством вице-премьера Каната Бозумбаева


📌 В целях совершенствования региональной политики и обеспечения сбалансированного социального и экономического развития регионов был создан Проектный офис под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева. В состав вошли представители всех центральных госорганов, акиматов, депутаты Парламента и профильные эксперты.

🔷 В ходе первого заседания члены Проектного офиса обсудили меры по реализации новых подходов к региональному развитию, уделяя особое внимание раскрытию их потенциала.

🔵 Кроме того, участники заседания обсудили меры по исключению диспропорций в развитии регионов, разработке новых стратегических документов, а также проблемы недостаточной самостоятельности районных и сельских акимов в принятии решений на местах. Для развития местного самоуправления депутаты партии Amanat предложили запустить проект «Школа акимов» совместно с Агентством по делам государственной службы.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment


Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты

Сонымен қатар жерүсті бүріккіш техникасы мен ҰҰА-ны (дрондар) сатып алу және пайдалану қолжетімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді ұсынушыларға сатып алынған техника құнының 25%-ы өтеледі. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық субсидиялау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы мәліметтер талқыланды.

🔷 Сондай-ақ отырыста аймақтардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы қаралды. 2024 жылғы 29 қарашада басталған ерте қаржыландыру аясында бөлінген 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі 671 ауыл шаруашылығы өндірушісіне бағытталды. Бұл қаржыны ең белсенді пайдаланғандар – дәнді дақылдар егетін аймақтар: Ақмола (15,4 млрд теңге), Қостанай (14,9 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан облыстары (14,5 млрд теңге). Ал оңтүстік аймақтарда – Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында, көктемгі егіс жұмыстары ертерек басталатын аймақтарда, өтінімдер сомасы небары 10 млрд теңгені құрайды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин егістік алаңдарының құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, бидай егу алқаптарын қысқартып, майлы дақылдар мен басқа да жоғары тиімділігі бар дақылдарды көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ 2024 жылғы өнімде ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық селекцияның элиталық тұқымдарын егу алаңдарын барынша ұлғайту қажеттігін айтты.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Количество техники для обработки полей от саранчи увеличено в 2 раза


Кроме того, для доступности приобретения и использования наземной опрыскивающей техники и БПЛА сельхозпроизводителям и поставщикам услуг по химическим обработкам возмещается 25% от стоимости приобретаемой техники. Для этого в правила инвестиционного субсидирования Министерства сельского хозяйства уже внесены соответствующие изменения.

📌 Информацию о подготовке к борьбе с саранчой и ход подготовки к весенним полевым работам обсудили в Правительстве под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина.

🔷 Также на совещании рассмотрели ход подготовки регионов к весенне-полевым работам. В рамках раннего финансирования, начатого 29 ноября 2024 года, из 100 млрд тенге выделено 70 млрд тенге 671 сельхозпроизводителю. Наиболее активно этим инструментом воспользовались фермеры зерносеющих регионов: Акмолинской (15,4 млрд тенге), Костанайской (14,9 млрд тенге) и Северо-Казахстанской областей (14,5 млрд тенге). А вот в южных регионах – Туркестанской, Жамбылской областях и Жетісу, где весенние посевные работы начинаются раньше, пул заявок составляет всего 10 млрд тенге.

По итогам совещания Серик Жумангарин поручил пересмотреть структуру посевных площадей в части уменьшения объемов посевов пшеницы и увеличения масличных и других высокомаржинальных культур. Также он поручил максимально увеличить площади посевов элитных семян казахстанской селекции, которые показали наилучшие результаты в урожае 2024 года.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment


Олжас Бектенов представил нового министра юстиции

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов представил коллективу Министерства юстиции нового министра – Ерлана Сарсембаева.

🔵 Руководитель Правительства выразил благодарность Азамату Ескараеву за проделанную работу на посту министра и пожелал успехов в дальнейшей профессиональной деятельности.

В ходе представления Ерлана Сарсембаева Премьер-министр озвучил ряд задач, поставленных Главой государства перед коллективом Министерства юстиции во главе с новым министром. В частности, по укреплению правовой системы страны, внедрению принципа «Закон и Порядок».

🔷 Олжас Бектенов подчеркнул, что работа Правительства в рамках достижения обозначенных Президентом целей требует постоянного и качественного законодательного сопровождения.

Обозначена необходимость тесного взаимодействия с Парламентом, обеспечения дальнейшего повышения качества оказываемых гражданам юридических услуг, совершенствования институтов нотариата и адвокатуры.

Кроме того, дан ряд поручений по защите интересов Казахстана на международной арене.

📱 @KZgovernment


Олжас Бектенов жаңа әділет министрін таныстырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр – Ерлан Сәрсенбаевты таныстырды.

🔵 Премьер-министр Азамат Есқараевқа министр қызметінде атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Ерлан Сәрсембаевты таныстыру барысында Премьер-министр Мемлекет басшысы еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына қойған бірқатар міндеттерді атап өтті.

🔷 Олжас Бектенов Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамалық сүйемелдеуді талап ететініне тоқталды.

Парламентпен өзара тығыз іс-қимыл жүргізу, азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруды қамтамасыз ету, нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру қажеттілігі нақтыланды.

Сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

📱 @KZgovernment


Білім беру арқылы жұмысшы мамандықтарын қолдау: Маңғыстау облысындағы жаңа мамандықтар мен жобалар

💬 «Осы жыл – ең ауқымды және өзекті мәселелерді шешудің тамаша сәті. Біз іс-шаралар жоспарын әзірледік, оның шеңберінде ІТ-хаб ашу, халықаралық чемпионаттар өткізу, салалық аккредитация алу, жаңа мамандықтарды енгізу және бизнес-стартаптарды дамытуға және бірнеше құзырет орталықтарын құруға бағытталған шешімдер қабылдау жоспарланып отыр. Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың қолдауымен ашылатын орталықтарға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз агрономия, тігін өндірісі, автоскилс сияқты салаларда жаңа құзіреттілік орталықтарын ашуды, сондай-ақ мектеп оқушыларын жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған жобаларға тартуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар өңірдегі су тапшылығына байланысты жұмысымыздың маңызды бөлігіне айналатын су бұру және гидрогеология саласындағы жаңа мамандықтар ашуды қарастырудамыз», — деді Маңғыстау облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жәния Сармурзина.

💬 «Оқу орнында қазіргі таңда студенттер 16 мамандық бойынша білім алуда. Студенттер құрамы 1200 адамды құрайды. Биылдың өзінде жаңа жұмысшы мамандықтарын ашу көзделіп отыр. Мәселен, “Гидрогеология” біздің өңірге су көздеріне байланысты өте қажет мамандық, осы мамандықты ашамыз және өндірістік автоматтандыру бағыты бойынша “Техник-электроншы” мамандығын ашуға лицензия алу жұмысы жүріп жатыр. Қазақ халқының “Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді” деген мәтелі бар. Еңбек арқылы ер болуды, ал ерлікке жету еліміздің тұтастығын бейнелейді. Бұл жалпы Тәуелсіздігімізге қорған болады деген ұғым», — дейді О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің директоры Далабай Бекмағанбетов.



Поддержка рабочих профессий через образование: новые специальности и проекты в Мангистауской области

💬 «Этот год – отличный момент для решения самых масштабных и актуальных проблем. Мы разработали план мероприятий, в рамках которого планируется открытие ІТ-хаба, проведение международных чемпионатов, получение отраслевой аккредитации, внедрение новых специальностей и принятие решений, направленных на развитие бизнес-стартапов и создание нескольких центров компетенций. Особое внимание уделяется центрам, открывающимся при поддержке предприятий, а также решению сельскохозяйственных проблем в Мангистауской области.

В рамках Года рабочих специальностей мы планируем открыть новые центры компетенций в таких областях, как агрономия, швейное производство, автоскилс, а также вовлечь школьников в проекты, направленные на популяризацию рабочих профессий. Кроме того, в связи с дефицитом воды в регионе, мы рассматриваем открытие новых специальностей в области водоотведения и гидрогеологии, что станет важной частью нашей работы», — сказала руководитель отдела технического и профессионального образования Управления образования Мангистауской области Жания Сармурзина.

💬 «В учебном заведении в настоящее время 1 200 студентов обучаются по 16 специальностям. В этом году планируется открытие новых рабочих специальностей. Так, открываем специальность “Гидрогеология” – она очень востребованная в нашем регионе, ведутся работы по получению лицензии на открытие специальности “Техник-электронщик” по направлению промышленной автоматизации. У казахского народа есть поговорка: Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді, то есть, труд доводит до подвига, подвиг доводит до единства народа. Эта мудрость говорит о важности труда, защите нашей независимости», — отметил директор Мангистауского индустриально-технического колледжа имени О. Турмаганбетулы Далабай Бекмаганбетов.

📱 @KZgovernment


Год рабочих профессий в Мангистауской области: открытие новых специальностей в сферах водоотведения, гидрогеологии, промышленной автоматизации

📌 На заседании Правительства аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай сообщил, что утвержден план мероприятий по проведению Года рабочих профессий, и региональный штаб уже приступил к своей работе. В 2025-2026 годах планируется открытие учебно-лабораторного корпуса, проведение хакатона новых идей, международного отраслевого чемпионата «DostiSkills-2025», международной отраслевой аккредитации. Также планируется открытие ІТ hub и центров компетенции при поддержке работодателей, увеличение целевого образовательного заказа по конкретным запросам бизнеса и открытие новых специальностей в колледжах региона. В частности, Мангистауский энергетический колледж имени Н. Бекбосынова будет готовить по специальности «Эксплуатация очистных сооружений, систем водоснабжения и водоотведения», Мангистауский индустриально-технический колледж имени О. Турмагамбетулы – «Гидрогеология и инженерная геология».

➡️ В настоящее время проводится обновление образовательных программ колледжей, чтобы они соответствовали актуальным требованиям Атласа новых профессий.

«В регионе в 2022 году с целью открытия новых профессий, соответствующих требованиям рынка труда, и обеспечения стабильности занятости был реализован проект “Атлас новых профессий”, в рамках которого были определены востребованные специальности в области образования, туризма и нефтегазовой отрасли. В рамках целевого финансирования, основанного на гранте университета имени Есенова, продолжаются работы по разработке Атласа новых профессий и компетенций для Мангистауской области на 2024-2025 годы. В этом году приоритет отдается строительству, энергетике и логистике. В настоящее время проводятся работы по обновлению микроквалификаций в образовательных программах учебных заведений технического и профессионального образования, соответствующих данному Атласу. Работы по профилизации в колледжах проводятся поэтапно. Подготовка квалифицированных специалистов осуществляется по 129 квалификациям в 89 специальностях. На 2024-2025 учебный год выделено 5615 мест по 92 квалификациям в 65 профессиях на государственные образовательные гранты, это 90% грантов. Из них 580 студентов были приняты на государственные образовательные гранты в рамках договоров между 70 работодателями и колледжами, в соответствии с реальной потребностью в кадрах. Это крупные предприятия “Казкор-Транссервис”, “Озенспецстрой”, “КазАзот”», — отметил аким.
🔷 Для улучшения материально-технической базы колледжей к 2025 году в Мангистауском индустриально-техническом колледже проводится перепланировка бывшего здания поликлиники под учебно-лабораторный корпус, готовится проектирование нового здания для двух колледжей в Бейнеуском районе.

📱 @KZgovernment


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Маңғыстау облысында Жұмысшы мамандықтары жылы: су бұру, гидрогеология, өнеркәсіпті автоматтандыру саласында жаңа мамандықтар ашу

📌 Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін хабарлады. 2025–2026 жылдары оқу-зертханалық корпусын ашу, жаңа идеялар хакатонын, халықаралық «DostiSkills-2025» салалық чемпионатын, халықаралық салалық аккредиттеуді өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ІТ hub және жұмыс берушілердің қолдауымен құзіреттер орталығын ашу, бизнестің нақты сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту және өңір колледждерінде жаңа мамандықтар ашу қарастырылған. Атап айтқанда, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», О. Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша кадр даярлайды.

➡️ Қазіргі уақытта колледждердің білім беру бағдарламалары Жаңа мамандықтар атласының өзекті талаптарына сай болу үшін жаңартылуда.

«Өңірде 2022 жылы еңбек нарығына сай жаңа мамандықтар ашу, жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында “Жаңа мамандықтардың атласы” іске асырылып, сұранысқа ие білім беру, туризм, мұнай-газ саласындағы мамандықтар айқындалды. Нысаналы қаржыландыру шеңберінде Есенов атындағы университет жоғары оқу гранты негізінде былтыр және биылғы жылдарға Маңғыстау облысының жаңа кәсіптер мен құзіреттіліктер атласы жұмыстары жалғастырылуда. Осы жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда осы Атласқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша микробіліктіліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Колледждерде салаға бейіндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Білікті мамандарды даярлау 89 мамандықтың 129 біліктілігі бойынша оқытылуда. 2024-2025 оқу жылына 65 мамандықтың 92 біліктілігі бойынша 5615 орынға, бұл 90%-ы мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде 70 жұмыс беруші мен колледж арасында келісім-шарт негізінде нақты сұранысына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына 580 студент қабылданды. Ол біздің өңірдегі “Казкор-Транссервис”, “Озенспецстрой”, “ҚазАзот” секілді ірі-ірі мекемелер», — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.


🔷 Колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінде емхананың бұрынғы ғимаратын оқу-зертханалық корпусқа қайта жоспарлау жүргізілуде, Бейнеу ауданындағы екі колледж үшін жаңа ғимаратты жобалау дайындалуда.

📱 @KZgovernment


Реформы и нововведения в 2025 году: Министерство транспорта

Авиационные проекты

📌 В Казахстане началась реализация важнейших инфраструктурных проектов в области авиации. В соответствии с поручением Главы государства, в 2025 году будут построены новые аэропорты в курортных зонах Катон-Карагай, Зайсан и Кендирли. Ведутся работы по оформлению земельных участков и проектированию данных объектов.

Автомобильные дороги

🚘 До 2030 года в Казахстане будет реализован масштабный проект по улучшению транспортной инфраструктуры. Общая протяженность новых автодорог составит 4,7 тыс. км, из которых 3,7 тыс. км — дороги I категории.

В 2025 году начнется реализация крупных проектов:

🔵Кызылорда — Жезказган (208 км)
🔵Актобе — Улгайсын (234 км)
🔵Караганда — Жезказган (572 км)
🔵Обход города Сарыагаш (102 км)
🔵Обход города Кызылорда (20 км)
🔵Кызылорда — Саксаульск (470 км)
🔵Атырау — Доссор (86 км)
🔵Обход города Рудный (16,9 км)
🔵Жанаозен — Кендирли (156 км)
🔵Обход города Петропавловск (8 км)
🔵Обход города Туркестан (29,6 км)
🔵Астана — Костанай — граница с РФ (830 км)
🔵Обход города Шымкент (48 км)
🔵Атырау — Уральск (средний ремонт, 516 км)
🔵Атырау — Чапай (136 км)
🔵Алматы — Талгар — Байдыбек би (68 км)
🔵Алматы — Ушконыр (48 км)
🔵Бейнеу — Саксаульск (736 км)
🔵Мост через реку Урал (6,5 км)

🔷 Общий объем инвестиций для реализации этих проектов составляет более 9 трлн тенге, активно ведется работа по привлечению инвесторов.

Железнодорожный и водный транспорт

🚞 В области железнодорожного транспорта также проводится ряд масштабных модернизаций. В 2025 году будет закуплено 225 новых вагонов.

✔️ Будет завершено строительство железных дорог по проектам «Достык — Мойынты», что увеличит пропускную способность в 5 раз, обеспечивая бесперебойное движение 12-60 пар поездов, а также «Обводная Алмата».

Также планируется открыть движение на участках «Достык – Бесқол» и «Мойынты – Балқаш». Это решение поможет улучшить движение поездов на указанных участках и решить вопросы с грузоперевозками.

Морской транспорт и порт Актау

🚤 Для развития морского транспорта начато строительство контейнерного хаба в порту Актау, который увеличит его пропускную способность до 240 тыс. ЖФЭ в год. Это укрепит позиции Казахстана на международной логистической арене, позволит увеличить перевозки контейнеров по Транскаспийскому направлению через Азербайджан, Грузию и Турцию, а также перенаправить часть транзитных грузов, поступающих из Китая в Европу.

✔️ Также планируются углубительные работы в порту, что повысит его терминальную мощность и сделает более эффективным для контейнерных перевозок.

📱 @KZgovernment


2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі

Авиациялық жобалар

📌 Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автомобиль жолдары

🚘 2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.

2025 жылы келесі ауқымды жобалар жүзеге асырылады:

🔵Қызылорда – Жезқазған (208 км)
🔵Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
🔵Қарағанды – Жезқазған (572 км)
🔵Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
🔵Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
🔵Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
🔵Атырау – Доссор (86 км)
🔵Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
🔵Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
🔵Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
🔵Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
🔵Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)
🔵Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
🔵Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
🔵Атырау – Шапай (136 км)
🔵Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
🔵Алматы – Үшқоңыр (48 км)
🔵Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
🔵Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)

🔷 Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге  инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.  

Темір жол және су көлігі

🚞 Темір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.

✔️ «Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Бұл шешім көрсетілген учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Теңіз көлігі және Ақтау порты

🚤 Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

✔️ Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.

📱 @KZgovernment


🎥 @KZgovernment





Показано 19 последних публикаций.