Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
+77078399871

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Жүргізуші куәлігі барлар ғана мопед тебе алады


❌ орындықтың арқасы

✅ орындықтың арқалығы


❌ тізеңізде ұстап отырыңыз

⁉️ держите на коленях

✅ алдыңызға алып отырыңыз


❌ сыртқы киім

✅ сырт киім


FlyArystan назарына


Репост из: ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
ҰЛТ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

“Қазақ ғылымының жүйесінде Ұлттық ғылыми кеңес деген арнайы сарапшы орган бар. Ғылымға қарастырылған қаржыны бөліске салады, ғылыми зерттеулерге мониторинг жүргізеді, жылдық және қорытынды есептер бойынша шешім шығарады. Басым бағыттар (салалар немесе салалар жиынтығы) бойынша бірнеше кеңеске бөлінген. 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр.

Осы 13 жылдың ішінде бұл орғанның бірде бір хаттамасы, не оның көшірмесі қазақ тілінде жарияланған емес. Ал сол кеңестер арқылы соңғы 13 жылда қазақтың ең танымал, ең белді ғалымдары мүше болып өткен.

Аты Ұлттық, бірақ тілі ұлттық емес. Қазақ елінің лингвокеңістіктегіндегі көптеген парадокстың бірі ғана.

Бұл үрдісті айтатын адамды көрмедім. Бәріне осылай болғаны қолайлы да, ыңғайлы сияқты. Ешкім еш нәрсені өзгерткісі келмейді.

Алмас Жүнісбай,
тарихшы


❌ аттан обал

⁉ бірдеңеден ұят дегенмен шатастыру бар ма дедім

✅ атқа обал


❌ студенттік аралас хор, студенттік оркестр

⁉ студенческий сводный хор, студенческий оркестр

✅ студенттер аралас хоры, студенттер оркестрі


❌ нотариалды куәландырылған

⁉ нотариально заверенный (кеше жазған наречие ғой)

✅ нотариус растаған


❌ компания ақшасының қайда кететінін

✅ компанияның ақшасы қайда кететінін


"бұлшық еттер" дегеннің қисынын түсінген күні басқа салаға кететін шығармын 😅

неге жай ғана "бұлшықет" деуге болмайды екен?


❌ лазерлік түзету

⁉ лазерная коррекция

✅ лазермен түзету


❌ әлеуметтік жауапты

⁉ социально ответственный

орыс тіліндегі "социально, общественно, экологично" деген сынды болып келетін наречиені қазақ тіліне дұрыс аударып жүрген жоқпыз. Олар "-лық -лік -дық -дік -тық" жұрнағынан жасалмайды.


Мына нәрсені бір қазақ “қазақша білем” деп әлдеқандай болып істеп берді, бір қазақ “ммм, дұрыс” деп соған қол қойды ғой.


Салдарынан дегенді нәтижесінде деп жазатындардан күюші едік, соларға қатты назаланып қойған сияқтымыз 🤭






Шығыстанушы-арабтанушы — Арсен Шәдидің арнайы тіл үйрететін онлайн-платформасы бар.

Қазір 2024 жылдың соңғы қорытынды жеңілдігі ретінде 4 тіл бойынша 12 курсты (араб тілі, ағылшын тілі, түрік тілі, орыс тілі) = 3 жылдық доступпен = 10.000тг-ге алып қала аласыз.

Арсеннің көрсетілген тілдер бойынша деңгейі:

Араб тілі C1 (араб елдерінде оқыған)

Ағылшын тілі С1 (IELTS 7.5)

Түрік тілі С1 (Түркияда магистратура оқыған).

Қабылдау бүгін 00:00-де аяқталады екен, сол себепті ұсыныс қызықтырса менеджеріне байланысқа шыға аласыз ⤵️

https://wa.me/77011343738

Назгүл ханымның арнасынан көрдім деп жаза кетуді ұмытпаңыз 🤝


Репост из: ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
⚡️⚛️ ЖЫЛ ҒАЛЫМЫ – 2024 «Жыл ғалымы» атағына кімді лайық деп есептейсіз? Дауыс беріп, пікірлеріңізді жаза кетіңіздер.
Опрос
  •   Дос Сарбасов, НУ профессоры (қатерлі ісікті емдейтін препарат әзірледі)
  •   Меруерт Құрманбаева, ҚазҰУ профессоры (жаңа бидай тұқымын шығарды)
  •   Мақсат Жабағин, биолог-генетик (түркі халықтарының гендік қорын зерттеуші)
  •   Жақсылық Сәбитов, тарихшы (Жошы ұлысының тарихын зерттеуші)
  •   Дүрбітхан Сұраған, математик
  •   Айнұр Ахметова, әдебиеттанушы (постотарлық әдебиет туралы зерттеу)
  •   Айсұлу Молдабекова, әлеуметтанушы, Дарын сыйлығының иегері
  •   Елдос Тоқтарбай, алаштанушы
1169 голосов


ЖЫЛ ҒАЛЫМЫН ТАҢДАСАЙЫҚ 👆

Показано 20 последних публикаций.