"Қызылжар" және "Қайсар" арасындағы матчта қызық оқиға орын алуы мүмкін. 3 ай бойы жалақы алмаған "Қайсар" футболшылары байкот жариялап жүргенін білесіздер. Ал мына ойынға легионерлер шықпаймыз деп отыр. "Қайсар" тек жергілікті ойыншылармен шығып, оңбай жеңіліп қалуы мүмкін. Команда ішіндегі басты сұрақ - айлық қашан түседі?