🚀 Университетіміздің цифрлық дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! 🚀
Сіз цифрлық технологияны пайдалана отырып, білім беру мен QyzPU кампусын қалай жақсартуға болатынын білесіз бе? 💡Болашақты өзгерте алатын идеяларды ұсынуға дайынсыз ба? Онда біз сені іздейміз! 🔍
🌟Республика күні мен цифрландыру және ақпараттандыру саласы қызметкерлері күніне орай Біз QyzPU цифрлық ортасын жақсартуға арналған идеялар байқауын бастаймыз! 🌟
Бұл сіздің армандарыңызды жүзеге асыруға және біздің университеттің цифрлық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді!
Байқау шарттары 👇
1️⃣ Университетіміздегі цифрлық өмірді қалай жақсартуға болатыны туралы бірегей, іске асырылатын идеяны ойлап табыңыз.
2️⃣ Біздің
@qyzpu_digital парақшамызға жазылып, #qyzpu_digital хэштегімен Instagram қосымшасына (бейне ролик, reels) ретінде өз идеяңызды рәсімдеңіз және qyzpu_digital аккаунтымызды бірлескен автор ретінде белгілеңіз.
3️⃣ Достарыңызбен бөлісіп, жобаңызға дауыс беруге шақырыңыз! 🗳️
Бас жүлде – сенің идеяңның іске асырылуы және QyzPU-дың цифрлық офицері Картбаев Тимур Саатдинұлының атынан гаджеттер! 🎁
💼 Қосымша жүлделер – сертификаттар және басқалар! 🎉
📅 Идеяларды ұсыну мерзімі: 5 қарашаға дейін.
🔥 Жобаларға дауыс беру: 10 қарашаға дейін.
🏆 Жеңімпаздар туралы хабарландыру: 11 қараша
Университеттің цифрлық тарихының бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Біз сіздің инновациялық идеяларыңызды күтеміз және ең үздік жобаларды қолдауға дайынбыз! 🚀
Әрекет ету уақыты келді! Цифрлық болашақ пен алға! 🌐✨
#qyzpu_digital
#qyzpu
#цифровоебудущее
#kartbayevt