⚜️NEXT GENERATION LEADERS ОЛИМПИАДАСЫ
📍«Қалалық мансап орталығы» жобасы аясында «Next Generation Leaders» олимпиадасы өз жұмысын бастады, ол болашағы зор студенттер арасынан кадрлық резерв құруға және кешегі түлектерге де, өз кәсібін өзгерткісі келетін жас мамандарға да жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған.
📌«Next Generation Leaders» жобасының жетекшісі Ақарыс Төребеков Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты жөніндегі басқармасының «Қалалық мансап орталығы» жобасы туралы былай деді:
💬— Жобаның негізгі мақсатты аудиториясы – 18 бен 35 жас аралығындағы жас мамандар. Осы жоба аясында біз бос жұмыс орындарын іздеп, оған түлектерді жұмысқа орналастырамыз, ал орталық ретінде осы жобаға қатысушылардың 70 пайыздан астамы жұмысқа орналасады деген үміттеміз. Біз жұмысқа орналастырамыз деп толық кепілдік бере алмаймыз, өйткені түпкілікті шешімді жұмыс берушілер қабылдайды, алайда болашақта жұмысқа орналасуға көмектесетін мамандардың мәліметтер базасын біз қазір жасай аламыз.
1️⃣Олимпиаданың бірінші кезеңінде қатысушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтары тексеріледі, олар өздерінің болашақ қызметінің бағытын таңдай алады. Бұл техникалық, шығармашылық немесе басшылық мамандықтар да болуы мүмкін.
2️⃣Ал екінші кезеңде қатысушылар топтарға бөлініп, әр топ өз саласы бойынша кәсіби міндеттерді шешеді. Соның нәтижесінде сұхбаттасуға дайындалғаннан кейін қатысушылар өздері қызығушылық танытқан жұмыс берушілерге жолдама алады да, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
✅Осылайша, «Next Generation Leaders» жобасы түлектер мен жұмыс беруші компаниялар арасын байланыстыратын дәнекер болмақшы. Болашақта бұл жоба түлектерге жұмыс табуға көмектесетін бос жұмыс орындарының республикалық дерекқорына айналуы да мүмкін. Жұмыс бағдарламасы сонымен қатар студенттерге түйіндеме дайындауға, шеберлік сабақтарына және басқа да сабақтарға қатысуға көмек көрсету жолдарын қамтиды.