ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ | ҰБТ | JUZ40


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Даталар шайқасуда, дайынсың ба ұбт-мен айқасуға?
тарих маған қиын деп айтасың ба?
Грант сені күтеді, Байқа, Сынба💪🏻🏹

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Барша ойынға белсене қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін 🫶

Осымен ойынымыз тәмәм. ✅

Алаш зиялылары жайлы тың ақпараттарды біле алдыңдар деген ойдамыз. Зейіндерің ашыла берсін. 🥰


Алғашқы толық, әрі нақты жауап 🫶

Халел Досмұхамедов

Ол (1883–1939) — қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлға, Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз әрі ғалым.

• Академияны бітірген соң, Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер болып қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне белсене қатысып, Императорлық қола медальмен марапатталды.
• 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысына белсене араласып, Алашорда үкіметінің мүшесі болды. 1918 жылы Жанша Досмұхамедовпен бірге Мәскеуде В.И. Ленин және И.В. Сталинмен кездесіп, қазақ автономиясы мәселесін талқылады.
• 1920 жылдардан бастап Ташкентте Қазақ халық ағарту институтында, кейін Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) ұстаздық етті. Қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазып, ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына үлес қосты.


Ал енді соңғы тұлғамыз 🙂
Кім табады екен ❓


Алғашқы дұрыс жауап 🫶
(Алғашында тек аты жазылып, кейіннен бірден хабарлама өңделді. Сондықтан алғашқы дұрыс жауапқа санадым)

Жаһанша Досмұхамедов

Ол (1887–1938) — қазақ халқының тәуелсіздігі мен ұлттық санасының қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері, заңгер және Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі.

• 1910–1917 жылдары Томск округтік сотында прокурордың орынбасары қызметін атқарды.
• 1918 жылы Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланды. Бұл құрылым қазақ халқының автономиясын қамтамасыз етуге бағытталды.
• 1918 жылы Мәскеуге барып, В.И. Ленин және И.В. Сталинмен кездесіп, қазақ автономиясы мәселесін талқылады.


Бұл тұлға кім болды ❓


Алғашқы дұрыс жауап берген оқушы 🫶

Әлімхан Ермеков

Ол – (1891-1970) — қазақтың алғашқы математик-профессоры, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі.

Алаш қозғалысы: 1917 жылы Алаш партиясының мүшесі болып, Алашорда үкіметінің құрамына енді.
Қазақ автономиясының шекарасын анықтау: 1920 жылы Мәскеуде В.И. Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте Қазақстанның шекарасы туралы баяндама жасап, солтүстік облыстардың қазақ жері ретінде танылуына ықпал етті.
Ғылыми-педагогикалық қызметі: Қарқаралыда мектеп ашып, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқыды. 1935 жылы «Ұлы математика курсы» және 1936 жылы «Қазақ тілінің математика терминдері» атты оқулықтарын шығарды.


Ал бұл кісіні білетін жан бар ма екен ❓

2.5k 0 10 64 10

Алғашқы дұрыс жауап 🫶

Міржақып Дулатов

Ол (1885–1935) — қазақ халқының азаттығы жолында жанын берген қайраткер, ұлт ақыны, жазушы және ағартушы.

• 1909 жылы жарыққа шыққан «Оян, қазақ!» жинағы қазақ халқының рухани сілкінісіне түрткі болды.
• Ол — қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Бұл туынды қазақ әйелдерінің теңсіздігін, қоғамдағы әділетсіздікті суреттеді.
• 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы және Әлихан Бөкейхановпен бірге «Қазақ» газетінің негізін қалап, редакциялауға белсене араласты.


Бұл тұлғаны кім біледі екен ❓


Алғаш болып жауап берген оқушымыз 🫶

Ахмет Байтұрсынұлы

Ол (1872–1937) — қазақ руханиятының жарық жұлдызы, ұлт ұстазы атанған ұлы қайраткер. Ол – ағартушы, ғалым, ақын және қазақ тілінің негізін қалаушы реформатор.

• 1872 жылы қазіргі Қостанай облысының Сарытүбек ауылында дүниеге келген.
• Жастайынан әділетсіздікке қарсы күрескер болып, ел ішіндегі теңсіздік пен білімсіздікті жоюды мақсат етті.
• Қазақ тілін ғылыми тұрғыда зерттеп, алғашқы грамматика оқулықтарын жазды («Тіл-құрал»).


Екінші тұлға ❓


Алғашқы дұрыс жауап берген оқушымыз 🫶

Әлихан Бөкейханов

Ол (1866–1937) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы қайраткер, ғалым, публицист және «Алаш» ұлттық-демократиялық қозғалысының көшбасшысы.

• 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысында, Қарқаралы уезінде дүниеге келген.
• Ресейдегі Санкт-Петербург Орман шаруашылығы институтын бітіріп, еуропалық білім мен көзқарастарды меңгерді.


Алғашқы тұлғамыз ❓


❗️ Ойынымыздың шартын айта кетсем:

- Мен кез-келген Алаш зиялысының суретін көрсететін боламын, ал сендер сол тұлға жайлы не білетіндеріңді, ол кім екенін тауып, жазу қажетсіңдер 🫶

Басты мақсат - сендердің тарихқа деген махаббаттарыңды ашу, алдағы емтихандарыңа өз септігімізді тигізу 🥰


Қайырлы күн, оқушылар ☀️💕

Көңіл-күйлерің қалай?
Сәрсенбінің сәтті күні әдеттегідей қызықты ойындарыммен мен қайта келдім 🥰


пікірде өз білетін мәліметтерімен бөлісіп,белсенді болып отырған оқушыларға қарап тәнтімін😍

менің ойымша өз мақсатын білетін мықты да жанашыр оқушылар😮‍💨🔥

жарайсыздар😎


Афанасьев мәдениеті⚜️

ал сен Афанасьев мәдениеті туралы тағы не білесің?📚

астыда өз ойыңды бөлісіп кетсен болады?👇🏻


Қарасұқ мәдениеті⚜️

ал сен Қарасұқ мәдениеті туралы тағы не білесің?📚

астыда өз ойыңды бөлісіп кетсен болады?👇🏻


Ұйық мәдениеті⚜️

ал сен Ұйық мәдениеті туралы тағы не білесің?📚

астыда өз ойыңды бөлісіп кетсен болады?👇🏻


Жалпы мәдениеттер тақырыбы ҰБТ-да міндетті түрде келеді✨

сол себепті өзімізге сақтап алып,жаттап жүрейік😊

Показано 20 последних публикаций.