TengeLife | Бизнес, Экономика


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Экономика


TengeLife – ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын арна.
TengeLife – назарыңызда болсын!
Тіркеліңіз!
Ұсыныс және жарнама: @tengelife_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Экономика
Статистика
Фильтр публикаций


ERG и Евразиялық банктің иесі Александр Машкевич қайтыс болды - Курсив

@Tengelifekz


Өзбекстанға тек VISA немесе MasterCard карталарына ғана ақша аудару мүмкін болатын.

Енді Kaspi.kz суперқосымшасында өзбек ұлттық төлем жүйелері – Uzcard және Humo карталарына да аударым жасауға болады.

Аударым жасау ыңғайлы. Картаның нөмірін енгізсеңіз жеткілікті – алушының аты автоматты түрде көрсетіледі.

@Tengelifekz


KMF екінші деңгейлі банкке айналу рұқсатын алды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)KMF-ке екінші деңгейлі банкке айналу лицензиясын берді.

Бұған дейін KMF Қазақстандағы ең ірі микрокредиттік ұйымдардың бірі болып келді, ал енді банк мәртебесіне ие болып, қаржылық қызметтердің аясын кеңейтеді.

@Tengelifekz


Наурыз мейрамы құтты болсын!

Әр шаңыраққа амандық, молшылық, бақыт пен шаттық әкелсін!

Ақ мол болсын, теңгелеріңіз көп болсын!


@Tengelifekz


Шығыс Қазақстан облысының барлық мемлекеттік және бюджеттік ұйымдары жаңа жұмыс кестесіне көшті, соңғы болып Өскемен қаласы осы өзгерісті қабылдады.

📌 Өскеменде 2025 жылғы 20 наурыздан бастап жаңа жұмыс кестесі енгізілді.

✅ Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар енді сағат 08:00-де жұмысын бастап, 17:30-да аяқтайды.

✅ Түскі үзіліс: 12:00-ден 13:30-ға дейін.

@Tengelifekz


Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қазақстанда 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Бұл шара ауыл шаруашылығының нақты жағдайын анықтап, саланы дамытуға қажетті деректерді жинауға бағытталған.

Санақ екі кезеңде өтеді:

1–31 тамызsanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама;
20 қыркүйек – 20 қазан – жеке интервьюерлердің сұхбаты.

Санақ 1,9 млн жеке қосалқы шаруашылықты, 300 мың фермерлік қожалықты және 20 мың ауылшаруашылық кәсіпорнын қамтиды. Жиналған деректер жер мен мал шаруашылығы, инфрақұрылым, техника, өнім өткізу және еңбек ресурстары бойынша талданады.

@Tengelifekz


Қазақстанға жаңа ақша аудару жүйесі келді

Биыл 25 ақпаннан бастап Канададық Leskar Payments ақша аудару жүйесі Қазақстанда өз жұмысын бастады.

Қазақстан Ұлттық банкі бұл компанияны төлем жүйелерінің тізіліміне енгізіп, ел аумағында ресми қызмет көрсетуіне рұқсат берді.

Бұған дейін, 2024 жылдың тамызында, Leskar Payments Қырғызстанда өз қызметін бастап, осы елдің Ұлттық банкінде тіркеуден сәтті өтті.

Осылайша, Leskar Payments Орталық Азиядағы қатысу аясын кеңейтті.

@Tengelifekz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бай адам банкрот болса, бірнеше жылдан соң қайта байып алады, ал егер кедей лотерия ұтып, бір мезетте байып кетсе, бірер жылдан соң қаз қалпына түседі, себебі адамды бай ететін де, кедей ететін де психологиялық ұстаным ұрпақтан ұрпаққа өтеді немесе ортаңнан “жұғады”.

Артқа тартатын ұстанымдарды мұралыққа алсаңыз, келер буынға өткізбей, өзіңізбен тоқтатуға болады.

Дереккөз: Шыңғыс Мұқанның ФБ парақшасынан


Ерлан Ақкенженов ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.

Тағайындауға дейін энергетика министрлігінде вице-министрі қызметін атқарған.

@Tengelifekz


Қазақстанда сымды интернет нарығын монополиядан тазарту басталды

Еліміздегі сымды интернет нарығы «Қазақтелеком» АҚ мен «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) үстемдігімен шектелген.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізген зерттеу альтернативті операторлардың көппәтерлі үйлерге кіруіне және кабельдік инфрақұрылымға қол жеткізуіне кедергілер бар екенін анықтады.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ның жоғары тарифтері монополиялық баға белгілеу белгілерін көрсетеді.

Осыған байланысты агенттік заңбұзушылықтарды тергеп-тексеру процесін бастады.

Бәсекелестікті дамыту шаралары интернет қызметтерінің сапасын арттырып, бағаның әділ қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

@Tengelifekz


Алмасадам Сәтқалиев ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол энергетика министрі лауазымынан босатылды.

@Tengelifekz


Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен ДП-ға қарсы сотта жеңіске жетті

Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Кенжебек Исмаилов жол жүру ережесін бұзды деген айыппен 5 800 теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Алайда кейін QamqorGov жүйесіндегі бейнежазбаны қайта қарап, ешқандай заң бұзушылық жасамағанын анықтаған.

Исмаилов бұл туралы полицияға шағым түсіргенімен, оның өтініші қанағаттандырылмаған.

Бірақ ол бұнымен тоқтамай, сотқа арыз жазып, өз құқығын қорғауға шешім қабылдаған. Ерекше жайт – ол бұл процесте адвокат жалдамаған, барлық құжаттарды ChatGPT көмегімен дайындаған.

📌 Сот шешімі Исмаиловтың пайдасына шықты – айыппұл заңсыз деп танылып, кері қайтарылды.

Бірақ Кенжебек осымен тоқтап қалмай, енді азаматтық сотқа жүгініп, өз уақыты мен ресурстарын жұмсағаны үшін өтемақы талап етпек. Ол бұл қадамды ақша үшін емес, әділеттілік орнату мақсатында жасап жатқанын айтады.

💬 Жасанды интеллект болашақта заңгерлерді алмастыра ала ма? Бұл туралы не ойлайсыз?

Дереккөз: Buzyq

@Tengelifekz


Kaspi.kz қосымшасында жұмыс іздеу мүмкіндігі пайда болды

Қазақстандықтар үшін танымал Kaspi.kz қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды – жұмыс іздеу платформасы.

Бұған дейін тек қаржы қызметтеріне бағытталған қосымша енді еңбек нарығында да өз орнын табуға ниетті.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс іздеу үшін HeadHunter (hh.kz), Enbek.kz, rabota.kz сынды платформалар кең таралған. Kaspi.kz-тің бұл нарыққа кіруі еңбек нарығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз, бірақ жаңа сервистің пайда болуы жұмыс іздеушілер үшін қосымша мүмкіндік болмақ.

Қосымшада бұл қызмет қалай жұмыс істейтіні туралы ресми ақпарат әлі аз. Дегенмен, пайдаланушылар енді бір платформада бірнеше қызметті біріктірудің ыңғайлы екенін атап өтуде.

Kaspi.kz арқылы жұмыс іздеу қаншалықты тиімді болады және оның бәсекелестерден айырмашылығы қандай болмақ – бұл сұрақтар әлі де ашық күйде.

@Tengelifekz


"Өзбекстанда 13% аласыздар, неге бізде 20%?" – БҚДА Яндекс.Такси комиссиясын өзгерту бойынша келіссөздер жүргізуде.

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Яндекс.Такси сервисімен оның комиссия мөлшерін қайта қарау туралы келіссөздер жүргізуде. Қазіргі уақытта Астана мен Алматыда сервис 16% + таксопарктер үшін 4% (барлығы 20%).

Дереккөз: informburo.kz

@Tengelifekz


Басқа тұлғаның ЭЦҚ-сын пайдаланғаны үшін айыппұл салынады

Қазақстанда 2025 жылдың 13 наурызынан бастап ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

🔹 Жеке тұлғалар – 50 АЕК (196 600 тг)
🔹 ШОБ және коммерциялық емес ұйымдар – 100 АЕК (393 200 тг)
🔹 Орта бизнес – 150 АЕК (589 800 тг)
🔹 Ірі бизнес – 200 АЕК (786 400 тг)

@Tengelifekz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мәжіліс асханасындағы баға!

Ыстық тамақтың бағасы 200 теңге.

Тіпті мектеп асханаларымен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Шынымен осылай ма екен?

Дереккөз: syrymitkulov


Қазақстанда Астанадан Транскаспий дәлізіне шығатын жаңа автожол салынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде маңызды инфрақұрылымдық жобаның басталғанын жариялады.

Үкіметке Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз бағыты бойынша жаңа автокөлік жолын салу тапсырылды.

Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығуға мүмкіндік береді.

Орталық пен Батыс Қазақстан арасындағы қашықтық 560 шақырымға қысқарады және
Торғай өңірінің дамуына серпін береді.

@Tengelifekz


«Salyq кэшбэк» жобасы қайта іске қосылады: сатып алушыларға ақшалай сыйақы беріледі

2025 жылдың 15 наурызынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының екінші кезеңін бастайды. Жоба аясында шағын және микро-бизнес субъектілерінен тауар немесе қызмет алған азаматтар фискалдық чек үшін ақшалай сыйақы ала алады.

Жобаның бірінші кезеңі Семей қаласы, Абай облысы және Ақмола облысының Ақкөл ауданында жүзеге асырылды.

📍 Жобаның екінші кезеңінде қосылатын өңірлер:

Өскемен (ШҚО)
Жетіқара ауданы (Қостанай обл.)
Жақсы ауданы (Ақмола обл.)
Аршалы ауданы (Ақмола обл.)

Қалай қатысуға болады?

1️⃣ Фискалдық чек алу (қолма-қол немесе картамен төлеу маңызды емес)
2️⃣ Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеу
3️⃣ Сатып алу сомасының 2%-ын сыйақы ретінде алу

Жобаға «IT Analytics» ЖШС операторы жауапты.

Сыйақылар «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептеледі. Қосымшаны App Store және Google Play-ден тегін жүктеуге болады.

@Tengelifekz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің білімге әсері туралы пікір білдірді.

Эстония қыркүйектен бастап ChatGPT-ді 10–11 сынып бағдарламасына енгізеді, ал Қытай Бейжің мектептерінде ЖИ бойынша міндетті курстарды бастайды. Бұл елдер ЖИ-мен жұмыс істеуді ерте жастан үйретуді көздейді.

Жасанды интеллект – жай ғана құрал емес, білім мен экономиканы түбегейлі өзгертетін фактор. Сондықтан оны шектеудің орнына, дұрыс пайдалануды үйрету маңызды.

@Tengelifekz


Kaspi.kz Түркиядағы Rabobank AS-ті сатып алуды жоспарлап отыр

Қазақстандық Kaspi.kz финтех-холдингі Түркиядағы Rabobank AS-ті сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Rabobank AS – нидерландтық Rabobank Group құрамындағы Түркиядағы еншілес банк.

Соңғы жылдары Rabobank Түркия нарығынан шығуды көздеп, бірнеше сатып алушылармен келіссөздер жүргізген, алайда бұған дейінгі мәмілелер сәтсіз аяқталған.

Kaspi.kz бұл мәмілені аяқтаса, бұл компанияның Түркиядағы екінші ірі инвестициясы болмақ.

Бұған дейін, 2025 жылдың басында, Kaspi.kz түріктің Hepsiburada маркетплейсінің 65,4% акциясын $1,13 млрд-қа сатып алған еді.

@Tengelifekz

Показано 20 последних публикаций.