🔞
ҚАРЫНДАСЫН СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН ЕР АДАМ СОТТАЛДЫТүркістан облысы, Отырар ауданы. 5 наурыз күні Шәуілдір ауылының тұрғыны жазаға тартылды. Іс материалдарына үңілсек, өлесі мас күйде үйіне келген айыпталушы кәмелет жасқа толмаған қарындасын соққыға жыққан. Себебі, қарындасы ішкілігін қойып, «алқаштығын» доғаруды талап етіпті. Мұндай «орынсыз» талаптарға көнгісі келмеген «жан аға» қарындасын тепкінің астына алып, денсаулығына жеңіл деңгейдегі зиян келтірген. Нәтижесінде, қарындасы мен ата-анасы полицияға шағым түсіреді.
Сот барысында, «ағатай» өкінетіндігін мәлімдеп, жақындарынан кешірім сұраған. Сөйтіп, ауыр жазаға тартпауды өтініпті. Нәтижесінде, қарындасы кешірім беріпті. Бірақ, «асыл аға» жазасыз қалмады. Сот шешімімен, ол 1 жылға сотталды. Сондай-ақ, 4 күн көше сыпыратын болды.
❗️
Билет алып Шәуілдірге кетеміз бе?👍 ❤️
Telegram | 🧐
Instagram | ❤️
Youtube