Жасанды интеллект


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


Жасанды интеллект туралы қазақша ақпарат беріп отырамын. Байланыс: @kazprose

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


ChatGPT сурет жасауда жаңа деңгейге шықты!

Google сурет жасауға байланысты жаңа функцияларын хабарлағаннан бірнеше сағаттан кейін-ақ, OpenAI компаниясы да ChatGPT енді суреттерді өздігінен жасай алатынын мәлімдеді. Бұрын DALL-E қолданып келсе, енді оның орнын GPT-4o басады.

GPT-4o арқылы сапалы суреттерді, кейіпкерлерді тұрақты бейнелеуге, күрделі тапсырмаларды оңай орындауға болады. Тіпті сурет ішіне мәтінді де анық әрі әдемі енгізе алады.

Бұл жаңалық ChatGPT қолданушылары үшін керемет мүмкіндік болғалы тұр!

Суретті және бетіндегі мәтінді ChatGPT жасады.


Гарвард университетінің курстарын енді тегін өтуге болады:

Python көмегімен жасанды интеллектке кіріспе: машиналық оқыту, нейрондық желілерді зерттеу, білімді ұсыну, табиғи тілді өңдеу.
Сілтеме: https://cs50.harvard.edu/ai/

Мобильді қосымшаларды жасау: JavaScript және React Native арқылы кроссплатформалы нативті қосымшаларды әзірлеу.
Сілтеме: https://cs50.harvard.edu/mobile/

CS50 ұсынған ойын әзірлеу курсы: 2D және 3D ойындарын жасау негіздері, интерактивті ойындарды жобалау және құру.
Сілтеме: https://cs50.harvard.edu/games/

Python және JavaScript арқылы веб-қосымшаларға терең үңілу: веб-қосымшаларды жобалау және жүзеге асыру, фреймворктарды меңгеру.
Сілтеме: https://cs50.harvard.edu/web/

CS50 ұсынған Python тілі арқылы бағдарламалауға кіріспе: деректер ғылымы және жалпы веб-бағдарламалау негіздері.
Сілтеме: https://cs50.harvard.edu/python/ә


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎙 OpenAI мәтінді дауысқа айналдыратын нейрожүйені ұсынды.

OpenAI.fm — мәтінді кез келген таңдалған мәнерде шынайы дауысқа салады. Қалай жұмыс істейді:

❤️ Дыбыстау үшін мәтіндік нұсқау жазасыз немесе дайын дауыстар кітапханасынан таңдайсыз;
❤️ Стиль таңдайсыз: детектив, оптимистік көңіл-күй, ұйқыға арналған ертегі және т.б.;
❤️ Қаласаңыз, дыбыстық эффектілер қосасыз: жаңғырық, сықыр, сыбыр;
❤️ Дыбыстауға қажет мәтінді жазасыз.

👍 Жұмыс істеуі жылдам, тегін және тіркелуді қажет етпейді.


"Жасанды интеллект әліппесі" кітабы сатылымда бар.
Тапсырыс беру үшін +77083331338 нөміріне уатсапқа жазсаңыз!


📰 Нейрожелілер журналистердің орнын басты

Италиялық Il Foglio газеті толығымен жасанды интеллект жасаған алғашқы нөмірін шығарды. Басылым бар болғаны 4 беттен тұрады, бірақ барлық мәтіндер, тақырыптар, дәйексөздер және басқа да материалдар нейрожелілер арқылы жасалған.

Редакция мұндай нөмірлерді бір ай бойы күн сайын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бастаманың мақсаты – жасанды интеллекттің журналистика мен қоғамға әсерін зерттеу.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👗 Pikaswap онлайн-киім өлшеу бөлмесі

Pika жасанды интеллект көмегімен киімді виртуалды түрде өлшеуге мүмкіндік беретін құралды іске қосты.

✅ Қалай жұмыс істейді?
• Қалаған образдың фотосын жүктеу
• Модельдің бейнесін қосу
• Бір ғана мәтіндік нұсқаулық беру

🤔 Шоппинг енді жаңа деңгейге шықты!

🔜 Тестілеуден өткізу үшін мына жерден көріңіз: сілтеме


⏺ Google (Alphabet) киберқауіпсіздік саласындағы шешімдерге маманданған израильдік Wiz стартапын 32 миллиард долларға сатып алады.


😧 Назарбаев армандаған мәңгілік өмір жүзеге асады...

Жапон ғалымдары жасанды интеллектке адамның биологиялық жасын небәрі 5 тамшы қан арқылы анықтауды үйретті.

Алгоритм 22 негізгі гормонды талдап, денсаулық жағдайыңыз туралы нақты мәлімет береді. Осы деректер негізінде нейрожелі өмірді ұзарту үшін жеке ұсыныстар жасайды.

Сонымен қатар, жүйе өмір салтын, стрессті және гендерді ескеріп, ағзаның қартаю жылдамдығын болжайды.

Ғалымдар болашақта қартаю механизмдерін тереңірек түсініп, оны баяулату стратегияларын әзірлеу үшін жаңа көрсеткіштерді қосуды жоспарлап отыр.


👍 Қытайдың Baidu іздеу жүйесі GPT-4.5 деңгейіндегі 2 жасанды интеллект моделін шығарды.

❤️ Ernie 4.5 – мультимодальды модель, кейбір бенчмарк нәтижелері бойынша GPT-4.5-тен асып түседі. Мәтін, сурет және код генерациясында жоғары нәтижеге ие. Сондай-ақ суреттерді, диаграммаларды, құжаттарды және тіпті аудионы талдай алады.

❤️ Ernie X-1 – DeepSeek R1 деңгейіндегі модель, бірақ оны әзірлеу шығындары 2 есе төмен. Код жазады, суреттер мен құжаттарды талдайды, сурет генерциялайды және саналы жауаптар береді.

🔜 Екі модель де тегін, бірақ қазір тек Ernie 4.5 тестілеуге қолжетімді. Ernie X-1 де жақында қосылады деп күтілуде.


⏺ Қазір жай ғана бір технология түгел бір саланы әп-сәтте жойып жіберетін заманда өмір сүріп жатырмыз.

⏺ Apple-дің AirPods құлаққаптары сөйлесіп жатқан кезде бір тілден екінші тілге синхронды аудара алатын жаңа мүмкіндікке ие болады, деп хабарлайды Bloomberg дереккөздері.

⏺ Аудармашылар, синхронды құлаққап жасаушылар жұмыссыз қалды.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🚲 Қытайлықтар Lingxi X2 гуманоидын велосипед тебуге үйретті.

Ол тепе-теңдікті тамаша сақтайды және педальді өзі айналдырады. Бұған қоса, самокат пен сигвейде де еркін қозғала алады.

Lingxi X2-ні үй көмекшісі, дүкен сатушысы және қашықтан басқарылатын аватар ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.

😄 Бәлкім, оны курьер ретінде қолданып көрерміз а?!)


⏺TikTok 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін міндетті медитация енгізуде

22:00-ден кейін экран біраз уақытқа бұғатталады, ал бейнелердің орнына тыныштандыратын музыка ойнайды.

Егер жасөспірім көруді жалғастырмақ болса, одан да қатаңырақ ескерту шығады, оны өшіріп немесе назардан тыс қалдыру қиын болады.


Alibaba-ның жаңа жасанды интеллект моделі эмоцияны сезетін деңгейге жетті!

Қытайлық электрондық коммерция алыбы Alibaba жақында R1-Omni деп аталатын ерекше ЖИ моделін таныстырды. Бұл модель тек киіміңіз бен сыртқы келбетіңізді ғана емес, эмоцияңызды да танып-біледі. Бет әлпетіңіз бен дауысыңыздағы өзгерістерге қарап, сіздің қуаныштан немесе қайғыдан жылап отырғаныңызды оңай анықтайды.

Ең қызығы – бұл модель ашық бастапқы (open-source) болғандықтан, психологиялық терапия саласындағы қолданбаларды дамытуға үлкен септігін тигізеді. Мамандар енді науқастардың сезімдерін тереңірек әрі нақтырақ түсіне алады.

Осы жаңалық OpenAI-дың GPT-4.5 моделіне эмоционалды интеллект тұрғысынан үлкен бәсекелес болғалы тұр. Жасанды интеллекттің болашағы адам сезімдерін терең тануға қарай бет алды ма?

#ЖасандыИнтеллект #Alibaba #ЭмоционалдыЖИ #OpenAI #Технология


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Промпт-челлендж» жасап, кітап ұтып алыңыз

Біздің "Жасанды интеллект әліппесі" кітабының негізгі бөлігі қазақша промпттардан тұратыны белгілі. Ал сіз ең мықты промптты құрастырып, сол промптпен бірге оның нәтижесін осы посттың астына саласыз. Ең үздік нәтижеге кітап сыйлыққа беремін.

Ешқандай шектеу жоқ, бейне, мәтін (өлең, әңгіме, ертегі), иллюстрация жасауға болады.

Сәттілік!


Көптен күткен кітабымыз жарық көрді.
Таныстырылым шарасы сейсенбі (11 наурыз) күні 14:00-де Smart Point-та өтеді. Жасанды интеллект каналындағы барлық достарымды шақырамын!
ЖИ дәуірінде оны дұрыс қолдану, промптарды дұрыс жазу әдісі маңызды деп ойлаймын. #ai #жасандыинтеллект


Белгісіз стартап озық жасанды интеллект агентін ұсынды

Бұрын аты көп шықпаған ManusAI компаниясы күтпеген жерден «алғашқы жалпы мақсаттағы жасанды интеллект агентін»(яғни ең күшті ЖИ) жасап шығарғанын мәлімдеді. Ол тіпті OpenAI-дың Deep Research жүйесін GAIA тестінде басып озыпты. Бұл тест жасанды интеллектінің әртүрлі мәселелерді шешу қабілетін өлшейді. Платформаның демонстрациясында оның түйіндемелерді іріктеп, жылжымайтын мүлік бойынша зерттеулер жүргізіп, тіпті өз бетімен акциялар нарығын талдай алатыны көрсетілген. Оның уәде етілгендей күшті екендігі әлі белгісіз, оны мұнда сынап көруге болады.


ChatGPT Plus жазылушылары үшін GPT-4.5 моделі қолжетімді.

OpenAI ақпан айының соңында чатқа арналған «ең үлкен әрі ең озық» GPT-4.5 моделін таныстырған болатын. Оны алғашқылардың бірі болып айына 200 доллар төлейтін Pro жазылушылары пайдалана алды.

GPT-4.5 басқа модельдерге қарағанда әлдеқайда креативті, ақылды әрі фактілерге негізделген, жалған ақпаратты өте сирек шығарады.


"Басқа мемлекеттер ChatGPT арқылы Қазақстанның қандай мәселесі бар екенін біліп, бізден 10 қадам алыс" жүре ме?

немесе «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы қарсаңындағы хайпқа жауап бере кетейін.

Неміс философы Артур Шопенгауэр: "Жаңа идеяларды адамдар алдымен елемей бағады, кейін мазақтайды, соңында қабылдайды" деген пікірі бар тұғын. 2022 жылдың соңында жасанды интеллект (кейде жасанды зерде) барша адамзатқа жария болғаннан кейін 3 жыл өткенде барып біздің хұкіметтен "тырс" еткен дыбыс шықты. Елемесе болмай қалды. Бүкіл әлем, экономика, технология мүлдемге қара үзіп кетіп қалды. Сондағы біздің депутат мырзалардың бар ойлап тапқаны "басқа мемлекеттер ChatGPT арқылы Қазақстанның қандай мәселесі бар екенін біліп, бізден 10 қадам алыс" кетіп қалады-мыс. Бұл мазақ пен үрей аралас риторикалар білместіктен туып отыр деп есептеймін.
Шындығында, жасанды интеллект – ол жау емес, керісінше, уақыт өте келе бүкіл әлем мойындаған, игілік пен дамудың қуатты құралына айналып үлгерген технология. Қазірдің өзінде дамыған мемлекеттер ЖИ-ді медицинада, білім беруде, өндірісте, тіпті мемлекеттік басқаруда кеңінен қолданып жатыр. Мысалы, Жапония, Сингапур, АҚШ, Қытай сияқты елдер бұл саланы ұлттық стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, қаржы және адами капиталды жаппай жұмылдыруда.
Қазақстан үшін қазір ең маңыздысы – жасанды интеллектті қалай тежейміз деген қорқынышты сценарийлерді елестету емес, керісінше оны қалай дұрыс әрі қауіпсіз қолданып, өз пайдасына жарату керектігін анықтау болуы тиіс. Жасанды интеллектке заңмен тыйым салу немесе оны тежеп ұстау әрекеті ешқашан дұрыс шешім болмақ емес. Өйткені технологияның дамуын тежейтін болсақ, еліміздің болашақтағы бәсекеге қабілеттілігіне өз қолымызбен балта шабамыз.
Дұрыс бағыт – жасанды интеллектті зерттеу орталықтарын ашып, осы саладағы мамандарды дайындауға баса көңіл бөлу, стартаптар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Біздің қоғам бұл технологияны жетік меңгергенде ғана оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
Жасанды интеллектті қолданудан қорықпай, керісінше, оны терең түсініп, күнделікті тұрмысқа бейімдеген сайын, Қазақстан жаңа технологиялық дәуірде өз орнын табады. Бүгін таңертең Секеңнің, Serik Joldasbaiдың Алаш туралы деректі фильмін қарап отырып осы ой туды. Сол фильм ішінде егер 20-ғасыр басындағы Әлихан бастаған озық ойлы азаматтар болмағанда, біз осы күні ауған жұртының әр жақ-бер жағында отырар едік деген пікір айтылды. Өте дұрыс, орынды пайым. Мынау, ЖИ-ді де қолдануда үрей мен күмәнға емес, білім мен жаңашылдыққа жол ашатын көзқараспен қарау керек деп ойлаймын.

Айтпақшы, мен ЖИ туралы заң жобасының жұмыс тобында бармын. Ұсыныстарыңыз болса жеткіземін.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Робот симфония жаза ала ма?

Қазір [NotaGen] деген модель бар. Ол 1,6 миллион музыкалық шығарма бойынша үйретілген, әрі ноталарды автоматты түрде генерациялайды. Тест нәтижелерінде оны кейбір адам жазған композициялардан да жоғары бағалаған.

Бірақ NotaGen музыка шығармайды, ол тек ABC форматында ноталарды тізбектейді. Кейін бұл ноталарды MIDI форматына түрлендіріп, ары қарай өңдеуге, жақсартуға болады.

Сондықтан «жасанды интеллект симфония жазып қойды» деп айтуға асықпаңыздар ☺️

ЖИ әлі де дайын дүниелерді біріктіріп, көшіріп құрастырушы ғана: шынайы композитор сияқты жаңа нәрсе жасай алмайды.


Әлемдегі алғашқы «биологиялық компьютер» пайда болды.

Cortical Labs стартапы CL1 деп аталатын биокомпьютерді таныстырды. Оның басты ерекшелігі — адам миының тірі жасушаларын қолдануында.

Нейрондық желілерді қайта жасау үшін инженерлер адамның бағаналы жасушаларын кремний чиптерімен біріктірген.

Медицинада CL1 жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлеуге және оларды адамдарға сынамай-ақ тексеруге мүмкіндік береді. Ал технология саласында робототехника мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жыл соңына қарай сатылымға шығады деп жоспарланған, бағасы – $35 000.

Показано 20 последних публикаций.