АЙБИКЕ КЛУБЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Қадір түні Құран түспей тұрып болған. Яғни, Қадір түні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келмей тұрып, ежелден бар еді.

Шейх Әли Һани (хафизаһулла)


Алланың Елшісі ﷺ айтты:

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап үмітімен намазбен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі».

Сондай-ақ, Ол ﷺ айтты:

«Қадір түнін Рамазанның соңғы он түнінің тақ күндерінен іздеңдер».

Бізде Рамазан айының ең маңызды және ең басты күндері қалды. Оларды мүмкіндігінше ең жақсы түрде, Алланың ризашылығында өткізейік!


Итикаф: оның мәні мен мақсаты

Итикафтың мағынасы мен рухы – жүректі толықтай Аллаға бағыттау, Оған арнау, Онымен оңашалану және дүниелік істер мен адамдардан алыстау арқылы тек Онымен бірге болу. Бұл – Алланы зікір етудің, Оған деген махаббаттың және Оған ұмтылудың барлық басқа ойлар мен уайымдардың орнын басуы.

Жүрек толықтай Оған беріледі, барлық уайымдар сейіледі, ойлар Алланы еске алумен толады, ал ой-толғаулар Оны разы ететін және Оған жақындататын нәрселерді іздеумен шұғылданады.

Осылайша, адам адамдардан тапқан жұбанышын Алладан табады. Бұл оны қабірде жалғыз қалатын күні, жанында серік те, дүниелік ләззаттар да болмайтын кезде, Алламен оңашада болуға дайындайды.

Итикафтың ең жоғары мақсаты – осы.

🔹 Ибн әл-Кайим (рахимахуЛлах) | «Зад әл-Маад»


Жан дүниелер Құраннан дауыстың тәттілігін, дәмнің жағымдылығын, мағынаның ұлылығын және тура жолдың нұрын табады – бұл жүректің тазалығына байланысты.

Осы сезімнің күші – жүректің тазалығына байланысты күшейеді, ал әлсіздігі – оның кірленуіне байланысты азаяды. Сондықтан жүректеріңізді тазартыңыз – сонда сіз Құраннан тілмен сипаттауға келмейтін ләззаттарды табасыз.

Уа, Алла! Бізді Құран адамдарының қатарына қос!

Шейх Салих әл-‘Усейми


100 дуа.pdf
19.8Мб
Бүгін Қадір түні болуы мүмкін! 🌙

Бұл түн – мың айдан да қайырлы! Дұғалар қабыл болып, күнәлар кешірілетін ерекше сәтті құр жібермейік.

✅ Кешірім сұрап, тәубе етейік
✅ Құран оқып, зікір айтайық
✅ Дұға жасап, сауапты амалдар істейік

Бұл түнді пайдалы өткізейік! Алла бәріміздің құлшылығымызды қабыл етсін! 🤲


Қызына жақсы тәрбие беруі үшін тәрбиеге қатысты екі жүз кітап оқыған әйелді білемін. Әр оқығанын қызының тәрбиесіне практика жасайды.

Ең алғашқы түскен аят үш нәрсені қамтиды: Оқу, білім алу, жазу.

© Шейх Әдһам (хафизахулла)


Сахабалар жоспарсыз өмір сүрмеген, олар әр ісін жоспарлап, әр қадамын мұқият тексерген. Олар ешқашан жай жүріп, істі жеңіл қарастырмаған.

Жоспар жасамайтын, себептерді ескермейтін және дұрыс жолмен жүрмейтін адам әрқашан сәтсіздікке ұшырайды. Әр істі ойластырып, алдын ала дайындалу керек, әйтпесе, нәтижесі көңіл көншітпейді.

Шейх Әдһам (хафизахулла)


Көптеген әйелдер күйеулеріне сабыр еткені үшін жәннатқа кіреді.

Шейх Хабиб ас-Саккаф


🌙 Қадір түні – мың айдан да қайырлы! 🌙

Бұл түн – жасаған әрбір дұғаңыздың, құлшылығыңыздың еселеп қайтатын ерекше сәті. Алланың мейірімі төгіліп, күнәлар кешірілетін ұлы мүмкіндік!

🕋 Қадір түнін қалай өткізу керек?
✅ Кешірім сұрап, шын жүректен тәубе ету
✅ Құран оқып, зікір айтып, дұға жасау
✅ Садақа беріп, сауапты амалдар жасау

Жақсылық тілеуші жақындарыңызға жіберіп, сауап алыңыз! 🌿✨


Адам үнемі күндіз-түні нәпсісінің қалауына қызмет етіп, бірақ Алла Тағала өзіне не міндеттегенін білу үшін бір діни сабаққа қатысуға уақыт таппаса, бұл – үлкен қателік.

Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһулла)


«Ал кейбір ізгілеріміз мынадай асыл сөз қалдырған:

«Адамдарды разы қылу – Лә мәқдуур, уә лә мә’суур, уә лә мә’муур.

Лә мәқдуур дегені – Адамдарды разы қылу мүмкін емес, оған шамамыз жетпейді.

Лә мә’суур дегені – тарихта да пәленше осыншама адамды разы қылыпты, олардың көңілінен шығыпты деген сөздер де бізге жетпеген.

Лә мә’муур дегені – Аллаһ бізге басқалардың көңілінен шығыңдар, басқа бөтен адамдарды разы қылыңдар деп те бұйырмады» – деген екен.
 

📚”Исламдағы тұлғалық даму”кітабы (үзінді)


Қазіргінің ауыр күйзелісінен болашақтың жарқын шуағы ғана алып шығады. Қазір қаншалықты қиналып жүрсең де, болашағыңның жарқын болатынына сен. Аллаһ туралы әрдайым жақсы ойда бол.

©️Ясир әл-Хузейми


Өмірің — бұл Қиямет күні Алланың алдында оқитын кітабың. Сондықтан нашар автор болудан сақтан! Бүгін ұялмай оқи алатын нәрселер жаз! Кітабың әлі сенің қолыңда, және сенде тәубенің өшіргіші бар, онымен күнәларыңды өшіре аласың. Көп бос беттерің бар, сол беттерге жарқын жолдарды жазып үлгер.

Кітабыңда садақа беттерін, көңіл жұбататын сөздер мен түнгі намаз жолдарын қалдыр. Тіпті нәпіл оразадан бір үтір болса да қос.

Иә, ешкім өз амалдарымен жәннатқа кірмейді, тіпті Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) да Алланың рақымымен кіреді. Бірақ игі амалдар Алланың рақымын тартудың себебі болады.

📚Расайл мин әл-Құран


Қиямет күні "Уа адамдар Мұхаммед қызы Фатима өтіп кеткенше көздеріңді төмен түсіріңдер" деп айтылады.

Табарани рияуат етті

Осы хадистен үкім шығарып кейбір ғалымдар Фатима анамыздың (Алла оған разы болсын) Мариям анамыздан (Алланың оған сәлемі болсын) абзал деп айтқан.

Дереккөз 📚: Жамғ әл-Уасаил фи Шархи әш-Шамайл, Мулла Әли Қари (рахимахуллаһу)


Ақымақтың ең ақымағы – бұрын бір жақсылық істеп, “Кезінде соны істеп едім” – деп әрдайым соны ойлап, басқа жақсылық жасауды ойламайтын адам.

©️Имам ибн Атаиллләһ

Бұрынғы жақсылықтарыңды көп ойлай берме. Жаңа жақсылықтарға да жол аш.


Өмірде кейбір ұнамаған нәрселерге разы болған жақсы, соның артында Алла Тағала жасырып қойған үлкен жақсылықтар болуы мүмкін.

Ізгі адам


Шамаң келген барлық жақсылықты жаса. Себебі жәннатқа кіруіңе қай жақсылық себеп боларын білмейсің.

Шамаң келген барлық жамандықты таста. Себебі сені тозаққа түсіретін қай жамандық екенін білмейсің.

©️ Абу Хасан әл-Зәйят رحمه الله


Тәкәппар боп өмір сүрген неткен ауыр. Күн сайын басқалардан бірнәрсе күтесің. Барлығы саған жалпақтауға міндетті секілді түр жасайсың. Біреу Сенің “мәртебелі жүзіңе” қабағын шытса, ренжи қаласың. Біреу саған дұрыс емес қарым-қатынас жасай қалса ашуланасың.

Ал егер қарапайымдылықты ұстансаң, тыныштықта өмір сүресің. Ешкімнен ештеңе күтпейсің. Болмашы жағдайларға ренжи бермей, жәй ғана өткізіп жібересің. Ешкім саған міндетті емес екенін білесің. Өмірің әлдеқайда гүлдене түседі.

#қарапайым_бол


Шынайы мұсылман бауырың – саған жақсы қарым-қатынас қылып, сені туралыққа бастайтын адам.

Екіжүзді (мұнафық) бауырың – сенен ақиқатты жасырып, сені келеке етіп, өтірік жағымпазданатын адам.

©️Әбу Салих әл-Миззи

Жасарын жасап алып, артынша жағымпаздана кететіндерден аулақ бол.


Қаншалықты көп қайырымды істер жасасақ, соншалықты берекеміз артады. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстап сезе алмайтын валюта.

Ұстазымыз - шейх Мұхаммед Холид Харса (حفظه الله) айтады:

“Ең жақсы садақа - білім жолындағы адамға берілгені”.

Неліктен?

Себебі білім алған адам ертең елге шарапатын төгеді, қызметін жасайды, әр оқыған білімінің сауабына үлескер боп қалуға мүмкіндік бар.

Показано 20 последних публикаций.